gulim_yersultan
АРМАНҒА
ҚАДАМ
Күнделікті бастаған уақытыңыз
Телефон нөмеріңіз
Мекен жайыңыз
Аты жөніңіз
Құрметті оқырман! Ең бастысы, өзгерістің
ойдан басталатынын, өміріңізде болып жатқан
әр бір жағдайдың түп тамыры өзіңізде
жатқанын, сіз өзгерсеңіз өзгеруге шынайы ниет
етсеңіз айналаңызда өзгеретінін білгейсіз.
Өзіңізді тәрбиелеу сізге қажетті жағымды
мінезді болудан басталады. Сіздің жақсы
қасиетіңізді біліп, өзіңізді жақсы адам ретінде
қабылдаудан жәнеде өзіңізді бағалаудан
бастаңыз. Бүгіннен бастап жақсылық жасап,
сауапты іс жасап, адамдарға көмектесуден
күніңізді бастаңыз. Бақытты адам жақсы
сөйлеп, жақсы ойлайтын адам. Жақсы сөз
айтудан өзіңізді ешқашан тыймаңыз. Егерде
мен бүгіннен бастап өміріме өзгеріс енгіземін
десеңіз, бақытты адамдардың қатарында
боламын десеңіз
ӨЗГЕРІСТІ ӨЗІҢІЗДЕН БАСТАҢЫЗ.
«Арманға қадам» Алматы, 2022
gulim_yersultan
Гүлім Ерсұлтан
Психология менің өміріме үлкен әсер етті, өзгерістер енгізді
десемде болады.
Айналамдағы адамдар мені көріп өмірде бақытты,
ештеңеге мұқтаж емес, қолынан барлығы келеді, ешқандай
арманыда жоқ деп ойлайды. Ал мен өмірімде көрген
қиындықтарымды басқаның басына тілемеген болар едім.
Бірінші тұрмысымда көрмегенді көрдім. Туған АТА-АНАМ мен
бірге тұрып тәрбиесін алғым келді. Балалық шағымнан бастап
өмірге деген ренішім өте үлкен болды. Тоқтаусыз жылайтын
түндерім, өтірік күлетін күндерім көп болды.
Адамды реніш, бақытсыздық, басқаларды кінәләу
жолыңды жауып сенің өміріңнің қара түнек болуына алып
келеді екен. Міне осылардың барлығы мені психология
әлеміне жетеледі. Бүгінгі күнге дейін ізденіс үстіндемін. Өзімді
мақтарлықтай керемет психолог дей алмаймын, бірақ өзім
сабақ берген шәкірттеріме өмірлерін, өздерін өзгертуге үлкен
көмегі тиді. Құрбым білемін сенде өзгерісті қалайсың. Бақытты
өмір, жақсы ана, келін болғың келеді. Басқалардың өміріне
қызығасың, қалаған арманыңа жеткің келіп тұр. Қазіргі
жағдайға біреуді кінәләп жүрсің түсінемін. Осы күнделік
қолыңа тиген екен, өміріңде болып жатқан оқиғалардың
барлығына жауапкершілікті өз мойныңа алшы, басқаны емес
ең алдымен өзімді өзгертемін деп шешім қабылдасаң, сенде
бәрі керемет ойыңдағыдай болады.
КІРІСПЕ СӨЗ
ЕҢ АЛДЫМЕН ӨЗІҢЕ ЕШ ҚАНДАЙ ШЕКТЕУ ҚОЙМАЙ 100
АРМАНЫҢЫЗДЫ ЖАЗЫҢЫЗ ЖАНЫҢЫЗ НЕ ҚАЛАЙДЫ ТІЗІМІН
ЖАЗЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
ЕҢ АЛДЫМЕН ӨЗІҢЕ ЕШ ҚАНДАЙ ШЕКТЕУ ҚОЙМАЙ 100
АРМАНЫҢЫЗДЫ ЖАЗЫҢЫЗ ЖАНЫҢЫЗ НЕ ҚАЛАЙДЫ ТІЗІМІН
ЖАЗЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
Do'stlaringiz bilan baham: |