Металдық кристалдық тор. Кристалдық тор түйіндеріндегі оң иондар мен кейбір бейтарап атомдар арасында еркін қозғалатын электрондар болатын тор металдық кристалдық тор деп атала-ды (42-сурет) . Барлық металдар (сынаптан басқа, Na, Ca, Al, Fe, Cu т.б.) мен құймаларға металдық кристалдық тор тән. Металдардың кристалдық торларының ерекшелігі олардың ортақ физикалық қасиеттерін анықтайды. Металдар электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді.
ИОНДЫҚ
NaCI
t° балқу = 801°С t° қайнау = 1465°С
Галит
41-сурет. Иондық кристалдық тор
t° балқу = 1083°С
t° қайнау = 2567°С
42-сурет. Металдық кристалдық тор
87
Кристалдық тордың түйінінде орналасқан бөлшектер мен химиялық байланыстың түріне сәйкес кристалдық торлар атомдық, молекулалық, иондық және металдық болып жіктеледі. Кристалдық заттардың қасиеттері бөлшектер арасындағы химиялық байланыс типіне ғана емес, сонымен қатар кристалдық тор түріне де тәуелді.
а) Мұз; ә) спирт; б) суды қандай белгілері бойынша молекулалық кристалдық торлы заттарға жатқызуға болады?
Мына заттар арасындағы кристалдық торларының түрлерін анықтаңдар: а) KCl;
ә) SiO2; б) H2S; г)Cu
Мына заттардың қайсысының балқу температурасы жоғары болады?
а) AlCl3; ә) KCl; б) HCl
Кестеде А-дан F-ке дейінгі алты заттың балқу, қайнау температуралары және электрлік қасиеттері көрсетілген.
-
Зат
|
Тбал, °С
|
Тқайн., °С
|
Қатты күйдегі жылу
|
Сұйық күйдегі
|
өткізгіштігі
|
электрөткізгіштігі
|
A
|
–210
|
–196
|
Өткізбейді
|
Өткізбейді
|
B
|
777
|
1627
|
Өткізбейді
|
Жақсы өткізеді
|
C
|
962
|
2212
|
Жақсы өткізеді
|
Жақсы өткізеді
|
D
|
–94
|
63
|
Өткізбейді
|
Өткізбейді
|
E
|
1410
|
2355
|
Өткізбейді
|
Өткізбейді
|
F
|
1064
|
2807
|
Жақсы өткізеді
|
Жақсы өткізеді
|
Көрсетілген қасиеттері бойынша сәйкестікті анықтаңдар:
1. Металл.
2. Азот.
3. Иондық құрылымды зат.
4. Бөлме температурасында сұйық зат.
5. Атомдық құрылымды зат.
6. Молекулалық құрылымды зат.
5. Кестені дәптерлеріңе сызып, кестедегі бос орындарды толтырыңдар:
-
Кристалдық
|
Физикалық қасиеттері
|
Заттарға
|
тордың түрі
|
мысалдар
|
|
|
|
|
Молекулалық
|
|
|
|
|
|
Иондық
|
Балқу және қайнау температуралары, қат
|
|
|
тылығы жоғары, морт сынғыш, суда жақсы
|
|
|
ериді
|
|
|
|
|
|
Балқу температуралары әртүрлі, иілімді,
|
|
|
созылғыш, жылуды және электр тогын жақсы
|
|
|
өткізеді, көпшілігінің суда ерігіштігі нашар
|
|
|
|
|
88
Диаграммада периодтық кестенің қарапайым түрі ұсынылған:
Мына сұрақтарға жауап беріңдер. Әр элементті бір немесе бірнеше рет қолдануға болады.
1) Электртерістілігі ең жоғары элемент.
2) Электртерістілігі ең төмен элемент.
3) Қандай элементтер электр тогын өткізбейді?
4) Қандай элементтер электр тогын өткізеді?
5) Қандай элементтер химиялық байланыс түзбейді?
6) Коваленттік полюсті байланыс қандай элементтердің арасында түзіледі?
7) Коваленттік полюссіз байланыс қандай элементтердің арасында түзіледі?
8) Иондық байланыс қандай элементтердің арасында түзіледі?
9) Металдық байланыс түзетін элементтер.
10) Қандай элементтердің арасында балқу температурасы жоғары, қатты күйде электр тогын өткізбейтін, бірақ ерітіндісі мен балқымасы электр тогын өткізетін заттар түзіледі?
11) Қандай элементтер қалыпты жағдайда газ тәрізді заттарды түзеді?
Құрылысы бойынша рекордсмен қосылыстар
Т2 — молекуласында ең мықты дара байланыс
Хром атомдары және хлор аниондарының сумен арасындағы байланыс — ең мықты төртіншілік байланыс
Иіс газы — әртүрлі атомдар арасындағы ең мықты байланыс
Азот (ІІІ) оксиді — азот атомдары арасында ең әлсіз байланыс
Дикубан — ең қысқа С—С байланыс
Дициан — ең мықты сутектік байланыс
Фторсутек — ең мықты сутектік байланыс
Майтоксин (табиғи қосылыс) — көміртек атомдарының саны ең көп қосылыс
Тефлон — ең ұзын синтездік полимер
Полиэтилен — оңай өндіріледі және көп қолданылады
89
№ 1-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Коваленттік байланысты заттардың: N2, O2 және алмаздың модельдерін құрастыру
Жұмыс барысы
Ермексазды (пластилин), сіріңке шиін немесе металл өзектерді (шар-лар мен өзектердің дайын жиынтығы) пайдаланып, берілген заттардың молекулаларының модельдерін жасаңдар.
Азот молекуласының моделі. Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей екі шар дайындаңдар. Әр шардың бетіне шамамен бірдей арақашықтықта үш нүкте белгілеңдер. Белгіленген нүктелерге өзектерді бекітіңдер.
Оттек молекуласының моделі. Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей екі шар дайындаңдар. Әр шардың бетіне шамамен бірдей арақашықтықта екі нүкте белгілеңдер. Белгіленген нүктелерге өзектерді бекітіңдер.
Алмаздың моделі. Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей жиырма шақты шар жасаңдар. Әр шардың бетіне бір нүкте белгілеңдер. Шар-лардан тетраэдр шығатындай етіп нүктелерге өзектерді бекітіңдер.
Тапсырма: 1. Қосылыстардың құрылыстарын салыстырыңдар.
Зат құрылысы тұрғысынан олардың қасиеттерін болжаңдар.
ІV тарау
СТЕХИОМЕТРИЯ
• Стехиометрия
• Атом-молекулалық ілім
• Зат массасының сақталу заңы
• Энергияның сақталу заңы
Тірек ұғымдар
Бүгінгі сабақта:
• химиядағы негізгі стехиометриялық заңдарды қарастырамыз;
• зат массасы мен энергия сақталу заңының табиғи бірлігін түсінетін боламыз
IV
тарау
Do'stlaringiz bilan baham: |