Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды көрсетіңіз:
мемлекетті және қоғамды ұйымдастыру негіздерін құрайтын қатынастар
Конституциялық құқық мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды келесі әдістер арқылы реттейді:
міндеттеу, тиым салу, рұқсат беру, тану
Конституциялық-құқықтық нормалар өзінің құрылымы бойынша ерекшелігі қандай?
көбінесе норманың санкциясы көрсетілмейді
Субъективтік құқықтарды бекітетін нормаларды көрсетіңіздер:
рұқсат беруші нормалар
Конституциялық құқықтық норма өзінің заңдық күші бойынша:
ең жоғарғы норма болып табылады
Конституциялық-құқық ғылымында қолданылатын зерттеу әдісін көрсетіңіз:
салыстырмалы-құқықтық әдіс
Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің негізін қандай құқық саласы құрайды?
конституциялық құқық
Атқаратын міндеттері (мақсаты) бойынша конституциялық-құқықтық қатынастар қалай жіктеледі?
құқық орнатушы және құқық қорғаушы
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар:
Республика заңдарынан басымдығы болады
Төмендегілердің қайсысы конституциялық құқықтың субъектісі болып табылмайды?
дебаттық және өзге клубтар
Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзіне не жатады?
Конституция
Әрекет ететін аумақтық шегі бойынша конституциялық құқықтың қайнар көздері қалай жіктеледі?
жалпы ұлттық және аймақтық
Конституциялық құқық ғылымындағы зерттеу әдісіне қандай әдіс жатпайды?
тиым салу әдісі
Конституциялық құқық субъектілеріне белгілі бір әрекеттерді жасауға ұйғаратын нормаларды көрсет:
міндеттеуші нормалар
Конституциялық құқық ғылымының пәнін не құрайды?
конституциялық құқықтың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуінің заңдылықтары
Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне төменде көрсетілгендердің қайсысы жатпайды?
Мәжіліс және Сенаттың регламенті
Конституциялық құқық ғылымы:
конституциялық-құқықтық нормалар мен институттарды зерттейді
Конституциялық құқық оқу пәні ретінде:
заңгерлерді дайындау барысында оқытылатын кешенді курс болып табылады
Конституциялық құқық ұғымы келесі аспектілерде қарастырылады:
ғылым, оқу пәні және құқық саласы ретінде
Конституциялық құқықтың пәні болып табылмайды:
саяси мәселелерден туындайтын кейбір мемлекетаралық қатынастар
Конституциялық құқық саласы қандай нормалардан қалыптасады:
конституциялық-құқықтық нормалардан
ҚР Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беретін орган:
Конституциялық Кеңес
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының келесідей көпшілік дауысымен енгізіледі:
төрттен үшінің көпшілік дауысымен
Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
Республикалық референдумда
Қазақстан Республикасы Конституциясында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын бөлім:
адам және азамат
Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды:
1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдуммен
Конституцияның мызғымастығының кепілі болып табылады:
Президент
Конституцияда көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық заңдар қабылданады:
Әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісімен
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері бастама алады:
ҚР Конституциясынан
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент:
мемлекет және атқарушы билік басшысы
Алғаш рет Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға негіз болып табылды:
Қазақ ССР-ң 25 қазандағы мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
1998 жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі:
4 жылдан 5 жылға ұзарды
1991 жылғы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң бойынша Конституцияның соттық тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ететін жоғарғы органды көрсет:
ҚР Конституциялық Соты
1993 жылғы Конституцияға сәйкес Жоғарғы Кеңестің өкілеттік мерзімі:
анықталмаған
Конституция өзге актілерден ерекшеленеді:
қабылдану және өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі бойынша
Конституция мазмұны бойынша өзге актілерден ерекшеленеді:
қамту пәнінің кеңдігімен
ҚР Конституциясында неше баптан тұрады?
98
1998 жылғы 7 қазандағы ҚР Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша ҚР Президентінің өкілеттік мерзімі ұзартылды:
5 жылдан 7 жылға
1998 жылғы 7 қазандағы ҚР Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының өкілеттік мерзімі ұзартылды:
5 жылдан 6 жылға
ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
1998 жылы 7 қазанда
1998 жылғы 7 қазандағы ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:
ҚР Парламентімен
ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
2007 жылы 21 мамырда
ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 21 мамыр 2007 жылы енгізілді:
ҚР Парламентімен
2007 жылы 21 мамырдағы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес ҚР Президентінің қызметі:
7 жылдан 5 жыл мерзімге өзгерді
2007 жылғы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жеке тұлғаны тұтқындауға және қамауға санкцияны береді:
Сот органдары
Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бөліну қағидасы алғаш рет бекітілді:
ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңында (16.12.1991ж.)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы қабылданды:
16 желтоқсанда 1991 жылы
Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды?
25 қазанда 1990 жылы
Конституциялық құрылым дегеніміз не?
мемлекеттің конституциясымен немесе конституциялық
құқық актілерімен бекітілген және қорғалатын әлеуметтік, экономикалық және саяси-құқықтық қатынастар жүйесі
тек қана саяси-құқықтық қатынастар жүйесі
белгілі бір құқықтық қатынастар
Конституциямен анықталған, бірақ құқықтық тұрғыда қорғауды талап етпейтін қоғамдық қатынастар жүйесі
мемлекетті құқықтық тұрғыда басқарумен байланысты қатынастар жүйесі.
Конституциялық құрылым келесі қатынастар жүйесін қамтиды:
әлеуметтік, экономикалық, саяси-құқықтық
саяси, халықаралық, ұлтаралық
әлеуметтік, экономикалық
азаматтық, халықаралық, экономикалық
әлеуметтік, саяси, азаматтық
Конституциялық құрылымның қағидалары көрсетіңіз:
халық билігі, мемлекеттік егемендік, біртұтастық, биліктің бөлінуі, құқықтық үстемдігі, идеологиялық және саяси әр алуандық
заңдылық, биліктің бөлінуі, соғысты болдырмау, мемлекеттік тілден басқа өзге тілдерді мемлекет территориясында мойындамау
біртұтастық, құқықтық үстемдігі және бір идеологияның басым болуы
халықаралық құқық қағидаларының барлығы тарайды
конституциялық құрылым қағидаларды айқындауды немесе бөліп көрсетуді талап етпейді
Экономикалық жүйенің қағидаларын көрсетіңіз:
меншіктің әр алуандығы және заңмен қорғалуы, еркін кәсіпкерлік, заңмен реттелген бәсекенің болуы және тағы басқалар
экономикалық жүйені реттеудегі мемлекеттің үстемдігі
экономикада консервативтік позицияның болуы
әлеуметтік жүйенің негіздері тарайды
жоспарлы экономиканың кейбір қағидалары және нарықтық экономикалық барлық қағидалары тарайды
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды кім енгізеді:
ҚР Президент
ҚР Қорғаныс Министрі
ҚР Парламент
ҚР Үкіметі
ҚР-ның төтенше жағдай жөніндегі Министрі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің қайнар-көзі:
Халық
ҚР Президенті
ҚР Парламенті
ҚР Үкіметі
ҚР Конституциялық Кеңесі
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет болып саналады?
Президенттік
федеративтік
конфедерация мүшесі
монархиялық
азаматтық қауымдастық
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан:
діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген
саяси қызметте жоғары мәдениеттегі мемлекет
жоғарғы моральдық - этиқалық қағиданы ұстайтын мемлекет
заң мемлекеттен жоғары тұруды мойындаған мемлекет
қоғамның ерекше құқықтарын мойындайтын мемлекет
Территориялық құрылысы жағынан Қазақстан Республикасы қандай мемлекет түріне жатады?
унитарлық (біртұтас)
конфедерациялық
президенттік
федеративтік
парламенттік
Халық билігін жүзеге асыру нысандары:
Республикалық референдум және сайлау
отырыстар
мемлекеттік органдарға өз билігін жүзеге асыруды беру
дөңгелек столдар
дебаттар
Діни институттардың мемлекеттік институттардан бөлінуі қандай мемлекеттерге тән?
зайырлы мемлекеттерге
демократиялық мемлекеттерге
құқықтық мемлекеттерге
клерикалды мемлекеттерге
теократиялық мемлекеттерге
ҚР мемлекеттік рәміздері қатарына не жатады?
ҚР мемлекеттік елтаңбасы, Туы, Әнұраны
ҚР территориясы
ҚР картасы
ҚР қолданатын мөрлері
ҚР Конституциясы
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға жауаптарды қандай тілде береді?
мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде
ыңғайлы тілде
ағылшын тілінде
орыс тілінде
ауызша береді
Мемлекетке тән барлық элементтердің тәуелсіз мемлекет белгілеріне сәйкес келуі қалай аталады?
мемлекеттік сәйкестілік
мемлекеттік егеменділік
мемлекеттік тәуелсіздік
ұлттық егемендік
халық егемендігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі:
қазақ тілі
орыс және қазақ тілі
орыс тілі
келісім шартта көрсетілген тіл
халықаралық құқықтағы қолданылатын тіл
Қазақстан Республикасында демократияның келесі түрлері бекітілген:
өкілетті және тікелей демократия
шектелген демократия
өркениетті демократия
президенттік демократия
ашық демократия
Саяси жүйенің қағидасын көрсетіңіз:
саяси плюрализм және идеологиялық саналуандылық
жерге жеке меншік
кәсіпкерліктің заңмен қорғалуы
мемлекеттік тілдің үстемдігі
бәсекенің болуы
ҚР мемлекеттік және қоғамдық институттардың бірігуіне жол беріле ме?
жол берілмейді
толық түрде мемлекеттің мүддесіне сай келсе жол беріледі
ішінара жол беріледі
халықаралық ұйымдармен шешіледі
жол беріледі
ҚР меншіктің келесі түрлері танылады:
мемлекеттік және жеке меншік
жеке меншік
қоғамдық меншік
заңды тұлғаның меншігі
мемлекеттік меншік
Конституциялық құрылым сипатталады:
конституцияның болуымен
конституцияның болмауымен
халықаралық ұйымдардың танылуымен
конституцияның болуы шарт емес
Ұлттар Ассамблеясының болуымен
ҚР қызметінің түбегейлі қағидалары:
қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, халық игілігін көздейтін экономикалық даму және қазақстандық патриотизм, мемлекеттегі маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу
қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық және қазақстандық патриотизм
қоғамдық татулық және саяси әралуандылық
нарықтық экономиканы жетілдіру және қазақстандық патриотизм
қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, халық игілігін көздейтін экономикалық даму және ұлтаралық татулық
ҚР-да билік тармақтарының қызмет етуі:
тежемелік және тепе-теңдік сақтау жүйесіне сәйкес
өзара құрметтеу қағидасына сәйкес
әділдік қағидасына сәйкес
бірін-бірі бақылау арқылы
бірін-бірі өзара тежеу арқылы
ҚР қызметінің түбегейлі принциптеріне:
қоғамдық келісімділік пен саяси тұрақтылық жатады
мемлекеттің өміріндегі маңызды мәселелерді тек референдум арқылы шешу жатады
тек қоғамдық келісімділік жатады
тек саяси тұрақтылық
тек қазақстандық патриотизм жатады
ҚР конституциялық құрылысында бекітілген демократия нысандары:
өкілетті және тікелей демократия
тек тікелей демократия
тек өкілетті демократия
конституциялық құрылыс негіздерінде демократия нысандары бекітілмеген
жергілікті референдум демократия принципы ретінде бекітілген
Өкілетті демократияның көрінісі ретінде:
Мемлекеттік билікте өкілетті органдардың болуымен сипатталады
Орталық атқарушы билік органына бағынған, жергілікті мемлекеттік басқару органдардың болуымен сипатталады
Тек қана жергілікті өкілетті органның болуымен сипатталады
Сот билігімен сипатталады
ҚР Конституциясында демократия нысандары туралы нормалар көрініс таппаған
Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет ретінде біртұтас құрылым:
территорияның біртұтастығы және әкімшілік құқықтық бірлестіктерге бөлінуімен сипатталады
|