Alisher Navoiy nomidagi Toshkent
davlat o‘zbek tili va adabiyoti
universiteti
“O‘ZBEK MILLIY VA TA’LIMIY
KORPUSLARINI YARATISHNING NAZARIY
HAMDA AMALIY MASALALARI”
Xalqaro ilmiy-amaliy konferensiya
Vol. 1
№. 01 (2021)
78
Е.М.Вольф (ХХ ғасыр, орыс тіл білімі) болса, бағалауыштықты логика-семантикалық
құрылымы
синтаксистік
қызметімен
қабыспайтын
модальдық
қалыпқа
жатқызады.
Бағалауыштықтың модальдық қалыбын жасауға көптеген элементтердің әсері бар.
Тіл біліміндегі құндылық пен баға әлемнің құндылық халығы. Жалпы адам жөніндегі
бағалаудың тілдік ерекшеліктері, адамның сырт келбетінің эстетикалық бағасы тілде аса мол
көрініс табады. Адам интеллектісінің тілдік тұрғыдан қалай бағаланатындығы және бұл
тақырыптың өзектілігі, сонымен бірге, адамның эмоционалдық күйі мен ішкі жан сезімін
бағалауыштық лексика арқылы қалай бағаланып келді, оның тіл нормасы мен тіл мәдениеті
канондарына қаншалықты жауап беретіндігін қазақ тілі білімінде қарастырылып отыр.
Бағалауыштық лексиканың құрылымдық тұстарына қажетті тірек сөздер, баға, құндылық,
бағалауыш сөздер, бағалауыштықтың табиғи түрлері, эстетикалық және эпикалық бағалау,
фразеологиялық құрылымды сөйлемдердің бағалауыштығы бағаның объектісі мен субъектісі,
бағаның актісі, бағалау типтері болуы қажет.
Бағалау субъектінің көзқарасы, дүниетанымы арқылы жүзеге асады. Баға беруге тиіс объект
(адам, зат, құбылыс, оқиға мен бағаланушы зат).
Бағалауыш сөздер арасындағы семантикалық байланыс бағалауға негіз болатын, әрі
бағалануға тиісті объектінің белгілерін аспект етіп алудан басталады. Бағалау құрамына
бағалауыштық мотив, баға критерийі, классификатор және деинсификатор енеді.
Бағалауыштықтың құрамы күрделі. Бір зат екінші бір затпен салыстыра бағаланатын болса,
салыстырылып тұрған зат, немесе соның бір белгісі бағалауыштықтың белгілі бір элементі бола
алады. Мысалы: «Биылғы қыс қалың қарлы, боранды болды». Қыстың объективті бағасы осы
аталған табиғи ерекшелігімен сипатталғандықтан, мұндай кезде баға беруде еркіндік болмайды.
Бірақ «Қыстың суық, қарлы, боранды болуы» көп жағдайда жолаушы, малшы, жалпы алғанда
адамдарға ауыр тиеді. Сондықтан адамдар тарапынан болатын субъективті тұрғыдан баға беру
еркіндігі беріледі.
Бағалауыштық - сөйлеушінің өз тарапынан құбылыс пен затқа, іс-әрекет атауына берген
бағасы, көзқарасы, оған деген қарым-қатынасы. Тілдегі сөздердің баға берудегі мүмкіндіктері өзі
түрлі, әрі қилы болады.
Барлық бағалауыштық категориялар жағымды және жағымсыз деп екіге бөлінеді.
Жағымды бағалауыштыққа мысалы: иненің көзінен өткендей - сұлу, аққудың көгілдіріндей
қыз - пәк таза, көз жауын ұрлайтындай, үріп ауызға салғандай деген сияқты жағымды немесе оң
бағалауыштық сөздер.
Дайыр мінез, бетсіз, алаяқ, қандыауыз сөздері жағымсыз немесе кері бағалауыштыққа
жатады. Кері немесе жағымсыз бағалауыштықты білдіретін сөздер әр түрлі лексикалық
қабаттардың қатысуымен жасалады.
Бағалауыштық жалпы тіл жүйесіне тән, сондықтан лексиканың бар құрылымын-топтарын,
қабаттарын түгел қамтиды. Бағалауыштық әр стиль түрінде түрлі мөлшерде кездеседі. Көркем
әдебиетте бағалауыштық образ сомдауда, кейіпкерлер характерін ашуда, олардың әрекеттері мен
іс-қимылын бағалауда кеңінен пайдаланылса, ғылыми стильдегі бағалауыштықтың мөлшері
мардымсыз түрде ғана болады. Ғылыми стиль ұғымның, құбылыстың түр-түсін, қасиетін
сипаттаудан гөрі, нақты атаумен бағаланады.
Ал публицистикалық стильде бұл категория стиль құрылымын түзуге бастан-аяқ қатысып,
интенсивті қызмет атқарады. Бағалауыштық танытатын сөздердің құрылымы әр түрлі сөздің бұл
сапасы тілдің көне, тіл сөздер қабаттары единицаларының бағалауыштықты білдіретін
семаларында болады; батырлық, атақ, абырой, даңқ т.б. бағалы металл аттары: алтын, күміс, қола
(медалдар); бағалы атаулары: меруерт (ой), жақұт (жыр), асыл (ой), ақық (сөз) т.б. оқуға, білімге
байланысты ғұлама, ғалым, данышпан, кемеңгер т.б. Әлеуметтік ортаға текті білдіретін сөздерде
бағалауыштық кездеседі: ақсүйек, төре, бай, кедей т.б. Жас мөлшерін білдіретін сөздер: жас, кәрі,
үлкен, кіші, ақсақал, бойжеткен, бозбала, балдырған, бүлдіршін, сәби сияқты сөздер
бағалауыштық мәнді қолданылады.
Лексика құрамында барлық сөз таптыр, әсіресе, сын есімдер көп кездесетіндігі байқалады.
Бағалауыштық түрлерінің ара жігінің анық байқалмауы бағалауыштық компоненттің
қозғалысы мен эволюциясымен түсіндіріледі. Сөздің мағыналық көлеміндегі бағалауыштық
элементтерінің өзгерісі заңды құбылыс. Бағалауыштықтың енді бір түрі - модальді бағалауыштық
Do'stlaringiz bilan baham: |