Тилини ривожлантириш департаменти ўзбекистон республикаси олий ва ўрта махсус таълим вазирлиги



Download 8,89 Mb.
Pdf ko'rish
bet96/398
Sana02.06.2023
Hajmi8,89 Mb.
#948061
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   398
Alisher Navoiy nomidagi Toshkent 
davlat o‘zbek tili va adabiyoti 
universiteti 
“O‘ZBEK MILLIY VA TA’LIMIY 
KORPUSLARINI YARATISHNING NAZARIY 
HAMDA AMALIY MASALALARI”
Xalqaro ilmiy-amaliy konferensiya
Vol. 1
№. 01 (2021) 
81 
Сөз мағынасы объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың толық бейнесі болып та 
саналмайды. Дүниедегі заттар мен заттар, құбылыстар мен құбылыстар түрлі қатынаста болады. 
Мысалы, таза, ештеңемен байланыспаған қозғалыстың өзі болмайды. Қозғалыс белгілі бір 
кеңістікте, мезгілде болады. Айтылғанның үстіне қозғалысқа түсетін субъект және қозғалыс 
бағытталған объект те болады. Осы сияқты қарым-қатынастар сөз мағынасының құрамына еніп, 
бір сөздің екінші бір сөзден ажыратылып жатуына не байланысып жатуына себепші болады. Егер 
дублет сөздерді есепке алмасақ, кез келген сөз бірі екіншісінен әйтеуір бір семантикалық не 
семантико-грамматикалық белгісімен ерекшеленіп жатады. Салыстырыңыз: семіз, жуан, толық. 
Бұлар синоним сөздер, бірақ өзара олар да мағыналық реңктері арқылы ажыратылып жатады. 
Тіпті кейбір сөздер мағына көлемі (аумағы) жағынан тар не кең болуымен де ажыратылады. 
Мысалы, әйел мен келіншек, ұстаз бен мұғалім, кітап пен оқулық т.б. Сөздер арасындағы мұндай 
қатынастардың сыр-сипатын ашу үшін сөз мағынасының ішкі құрылымдық элементтерін жіктеп, 
талдап көру керек.
Сөз мағыналарының деңгейі, анықтығы барлық сөздерде де бірдей, сөз мағынасының ішкі 
құрылымдық элементтерін жіктеп, талдап көру керек.
Сөз мағыналарының деңгейі, анықтығы барлық сөздерде де бірдей, тең дәрежеде бола 
бермейді. Сол үшін де атауыш сөздердің лексикалық мағынасы мен көмекші сөздердің мағынасын 
тең санау дұрыс болмайды. Тіпті зат есімдер мен сын есімдердің, зат есімдер мен етістіктердің 
мағыналарын тең деп санау жаңсақ пікір топшылауынан туған қорытынды. Зат есім, сын есім, сан 
есім, етістіктерді бірін екіншісінен ажыратып тұрған олардың категориялы мағыналары емес, 
лексикалық мағынасы да. Сын есімнің зат есім мағынасында (заттанып) қолданылуы сындық 
мағынаның мүлде жоғалып, таза заттық мағынада қолданылуымен байланысты емес; бұл олардың 
әрі семантикалық, әрі синтаксистік қызметінің өзгеруімен байланысты құбылыс.
Сөз мағынасының ара қатынастарының ашылуымен байланысты анықталатын бір 
мағыналық (моносемантизм) мен көп мағыналылық құбылысы бар. Әрине бұл жерде 
практикалық, әрі теориялық мәселелерге байланысты пікір айтылуы керек. Бұл мәселе кітапта 
арнайы зерттелінбестен, жол-жөнекей ғана сөз болып өтілді.
Сонымен, сөз мағынасы да күрделі категория делінді. Демек сөз мағынасының құрамында 
объектив дүниедегі заттардың бейнесі, адам ойының (миының) қызметі негізінде жасалынған 
жалпыланған, дерексізденген бейнемен бірге тіл заңдылықтарымен байланысты қалыптасқан 
мағыналық реңктер де енеді. Сондықтан да дыбыс не дыбыстар тізбегі белгілі бір мағынамен 
байланысқанда сол тілдің заңдылығын да есепке алады. Тіл заңдылықтары сөздерге жеке тұрғанда 
әсер етпегенімен, сөйлем құрамына енгенде шешуші қызмет атқарады. Күнделікті өмірде және 
тілдің даму тарихында үздіксіз қайталана берген соң ол тілдік заңдылықтар мағынаның ішкі 
құрамына да еніп кетеді.

Download 8,89 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   398




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish