Tili va adabiyoti universiteti



Download 6,85 Mb.
Pdf ko'rish
bet224/464
Sana03.03.2022
Hajmi6,85 Mb.
#481675
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   464
Bog'liq
Merobdan-caenda-kullanilgan-frazeologik-birliklar-va-ularning-uslubij-hususiatlari

Key words:
phrase, proverb, winged words, phraseology, somatic phraseology, 
somatism, vocabulary, literary language. 
Тіл білімінде «фраза», «мақал» немесе «тұрақты сөз тіркестер» сияқты атаулары 
бар тілдік бірліктерді «фразеологизмдер» деп атайды. Лексикологияда фразеология 
ғылымы фразеологизмдердің тарихы, шығу төркіні, мағынасы, қолданылу аясы мен 
құрылымымен айналысады. Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада 
қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің 
саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас 
жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп 
айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мəселелері өте көп. Сондықтан да соңғы 
жылдарға дейін мұны жеке пəн ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. 
І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегін тек қазақ 
тілінде ғана емес, бүкіл түркітануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Сондай-ақ, 
аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы» бөлімінде қазақ тіліндегі 
фразеологизмдердің 
теориялық 
мəселелерін 
жан-жақты 
қарастырып, 
«Фразеологизмдердің құрылым жағынан қалыптасып, компоненттерінің тіркесу 
амалдарында бір заңдылық бар. Өмір талабынан туған фразеологизмдер талай дəуірдің 
елегінен өтіп, құрамы, жасалу тəсілі жағынан, мағынасы жағынан бір жүйеге түскен»,-
дейді [Кеңесбаев, 1977: 601]. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеушілердің қай-қайсысы 
да бұл еңбекке соқпай өте алмайды. 
Тіл білімінде фразеологизмдер тұрақты сөз тіркесінің жасалуына ұйытқы болып 
тұрған сөздеріне қарап, соматикалық фразеологизмдер, эмотивті фразеологизмдер, 
зоофразеологизмдер, сандық ұғымдардың қатысумен жасалған фразеологизмдер жəне т.б. 
болып бөлінеді. Біздің мақсатымыз – соматикалық фразеологизмдердің салыстырмалы 
талдауы болып табылады. Яғни қазақ жəне өзбек тілдеріндегі соматикалық 
фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипатын салғастыру.
Салыстырмалы лексикология ғылымы тіл ғылымдарының аясында соңғы он жыл 
ішінде кеңінен қарастырыла бастаған. Салыстырмалы лексикологияның ішінен тағы 
бөлініп шығатын тармағы – салғастырмалы фразеология саласы қазақ тіл біліміндегі ең 
жас салалардың бірі болып саналады.
Салыстырмалы фразеология саласының мақсаты – қазақ тілінің фразеология 
жүйесін туыс тілдердің фразеологиялық жүйесімен салыстыру, олардың бір-бірінен 
айырмашылықтарын ажырату, фразеологияның əрбір тілдегі ұлттық танымын, əлемнің 
тілдік бейнесін бейнелеудегі қолданысы мен қызметін сипаттау. Қазақ тiл бiлiмiнде 
фразеологизмдердiң құрылымдық сипатын І.Кеңесбаев, Х.К.Қожахметова, Р.Е.Жайсақова 
еңбектерiнде қарастырса, өзбек тiл бiлiмiнде Р.Сайфуллаева, Б.Менглиев, К.Бозорбоев, 
т.б. зерттеушiлер бұл салада теориялық тұжырымдар жасаған. Қазақ жəне өзбек 
тiлдерiндегi фразеологизмдердiң салыстырмалы құрылымдық анализi қос туыс тiлдiң 
типологиялық 
ерекшелiктерiн, 
грамматикалық 
жүйедегi 
ұқсастықтары 
мен 
айырмашылықтарын анықтайды.
Қазақ жəне өзбек тілдеріндегі 
соматикалық фразеологизмдердің
мəселесі де 
көптеген лингвистердің назарында (Е.Николина; А.Исаев; Б.Юлдашов; Б.Нағасбекова; 
Б.Нұржанова; Б.О.Оспанова; Д.Б.Рскелдиева; А.З.Қазанбаева; Қ.С.Қалыбаева; жəне т.б.) 
болған. Сондай-ақ, көптеген заманауи лингвистер соматикалық фраезеологизмдерді толық 
түсіндірілмеген лингвистикалық фонема болып қала береді дейді. Дегенмен, соматикалық 


269 
фразеологизмдер тілдің керемет, өнімді қайнар көзі болумен қатар, білім, мəдениет, 
əдебиет, бизнес жəне саясат сияқты салаларында қолданылады. 
Фразеологизмдердің күрделі табиғатын толық біліп, терең түсіну үшін оның толып 
жатқан тың проблемалары жан-жақты зерттелу үстінде. Фразеологиялық жүйені тіркеп 
талдау жəне даму барысын анықтау үшін оларды тақырыптық топтарға бөліп 
қарастырудың маңызы зор. Қазақ тілі фразеологиясының семантикасын зерттеуші ғалым 
Р.Ә.Авакова фразеологиялық бірліктердің ішкі формаларының туындау көздеріне 
байланысты шартты түрде топтастырулар жасай келе, оларды көптеген топтарға бөледі: 
адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл-қозғалыстарына байланысты 
туған фраземалар; жануарлар (зооморфтық фраземалар) əлемі; өсімдіктер (флора) əлемі; 
табиғат құбылыстары; өлшем бірліктері (метеорология); сандық (нумеративтік) 
фраземалар; түр-түс жəне сындық; алғыс жəне қарғыс мəнді; мифтік жəне діни; тарихи 
кезеңдермен жəне тұлғалармен байланысты туған фраземалар жəне т.б [Кеңесбаев, 1977: 
53-55]. Осылардың ішінен тілде ең жиі кездесетіндері адамның анатомиялық атаулары 
мен қимыл-қозғалыстарына байланысты туындаған фразеологизмдер. Осыған орай, 
бүгінде терең зерттеліп жатқан фразеологизмдердің үлкен бір тармағы - 
соматикалық 
фразеологизмдер

Ә.Болғанбаев: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға 
жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана 
сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де 
айрықша көзге түседі»,-деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын айтады. 
[Болғанбаев, Қалиұлы, 1997: 107б]. Бүгінгі таңда бұл топ фразеологизмдерінің нысаны, 
қолдану аясы мен қызметі жан-жақты толық зерттеуді қажет етеді. 
Адам - табиғат туындысы, ондағы себептіліктің жемісі. Адам сыртқы ортамен 
белсенді қарым-қатынас жасай отырып, бірте-бірте өз табиғатын да, қоршаған ортаны да 
өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Оған қимыл-қозғалыс, іс-əрекет, амал, қалып, жай-күй, 
ойлау, сөйлеу, көру, есту, бағыт-бағдар, бейнелеу сияқты өзге де процестер тəн. Оның 
сезім мүшелері арқылы қоршаған ортаны қабылдауының көрінісін фразеологизмдерге 
адамның дене мүшелерінің ұйытқы болғанынан көруге болады. 
Сонымен қатар, адамның өмір сүруіне, тіршілік етуіне аса қажетті физиологиялық, 
биологиялық, психологиялық процестерді, ойлау, сезіну, түйсіну жəне белгілі бір іс- 
қимылдарды орындау жайлы ақпараттарды қарапайым сөз тіркестері түрінде емес, адамға 
əсер ететін, ой салатын, көз алдына елестететін айшықты бейнелер арқылы, теңеу- 
салыстыру тəсілімен бейнелеудің маңызы өте зор. 
Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдерді этнолингвистикалық жағынан зерттеген 
Б.К.Уызбаева 83 дене мүшесінің атауына қатысты мың соматикалық етістікті 
фразеологизмдер жинағанын айта келіп, тілдегі қазіргі таңда айқындалған соматикалық 
етістікті фразеологизмдердің жалпы саны адам болмысына тəн соматикалық процестерден 
əлдəқайда аз деген тұжырым жасайды [Уызбаева,1994: 6]. 
Б.К.Уызбаева 
өзінің 
еңбегінде 
соматикалық 
фразеологизмдердің 
ішінен 
соматикалық етістік фразеологизмдерді
бөліп қарастырады [Уызбаева,1994: 3]. 
Соматикалық етістік фразеологизмдер адамның анатомиялық атауларын ғана емес, оның 
дене мүшелері мен ішкі ағзаларына қатысты əр түрлі қимыл-қозғалыстар мен іс-
əрекеттердің тілдегі сипатын көрсетеді. 
Лингвистикада ең алғаш «соматизм» терминін енгізген финн-угортанушы ғалым 
Ф.Вакк болды. Ол еңбегінде эстон тілінің құрамындағы соматикалық фразеологиялық 
бірліктерді қарастыра отырып, мұндай бірліктер осы тілдің фразеологиялық қорының өте 
ежелгі класы деген тұжырымға келді [Өтебаева, Садыбекова, 2010: 33-36]. 
Соматикалық фразеологияға жүгінуден бұрын біз «соматизм» терминіне тоқталып 
өтсек. «Соматизм» грек тілінен алынған болып, «дене» дегенді білдіреді. Соматизмдерде 


270 
адам ағзасына қатысты сөздер ғана емес, адамдар мен жануарлар организмдеріне қатысты 
сөздер де түсінікті болады. 
Соматикалық фразеологизмдер - адамның өзі мен оның мүшелері мен ағзаларына 
(бас, көз, қол, аяқ, жүрек, тіл жəне т.б.) қатысты пайда болған алуан түрлі тұрақты сөз 
тіркестері мен сөз оралымдары. Лексикографтардың пікірінше, кез келген тілдің 
фразеологиялық қорының 30% соматикалық тіркестер құрайды. Соматикалық 
фразеологизмдер (грек. soma - дене) əр тілде көлемі жағынан үлкен жəне жиі 
қолданылатын тұрақты тіркестері. Олар коммуникативтік мағынасы зор тіл бірліктері. 
Қандайда бір соматикалық процесті іс жүзіне асырушы, орындаушы - адамның өзі. 
Соматикалық фразеологизмдерді объектіден алынған мағынасына қарай былайша 
жіктеуге болады: 

Download 6,85 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   464




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish