Т ү р к І с т а н к І т а п ү Й


«Үй халқын тәрбиелеу үшін таяқтарыңды олар көретін



Download 1,21 Mb.
Pdf ko'rish
bet162/195
Sana02.04.2022
Hajmi1,21 Mb.
#524187
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   195
Bog'liq
Жанұя

«Үй халқын тәрбиелеу үшін таяқтарыңды олар көретін 
жерге іліп қойыңдар!»
(Табарани)
Баланы қалай тәрбиелеу керек
Сұрақ: 
Балаларымызды қалай тәрбиелеуіміз керек? 
Тәрбиеде нендей нәрселерге мән беруіміз керек?
Жауап:
Тәрбиеде “былай істе, мұны істеме” деудің орнына 
жүріс-тұрысымызбен балаға үлгі болуымыз керек. Өйткені 
әл-әрекеттеріміз сөзге қарағанда көбірек әсер етеді.
Мысал:
Бір сауда керуені түнделетіп Мәдина қаласының сыртына 
қонақтайды. Әбден шаршаған жолаушылар қалың ұйқыға 
батады. Бұларды көрген халифа хазреті Омар, Абдуррахман 
бин Ауфқа: 
«Бүгін түнде бір керуен келді. Барлығы 
кәпірлер екен. Бірақ бізге сенім артып келген екен. 
Олардың заттары құнды және көп екен. Қарақшылар 
немесе жат елдік адамдар бұларды тонап кетуі мүмкін. 
Сондықтан барып оларды күзетіп қорғап тұрайық!»
,- 
дейді. Таңға дейін күзетіп, таң намазында мешітке кетеді. 
Керуендегі бір жігіт түні бойы ұйықтамай, бұларды аңдып 
шығады. Сұрастыра келе бұл екі кісінің біреуі халифа 
екендігін білгенде, достарына келіп болған жайды айтады. 
Халифаның бұл ісіне тәнті болған жолаушылар, ислам дінінің 
хақ дін екендігін түсініп, барлығы мұсылман болады.
Әкесі темекі шегетін, құмар ойнайтын болса, баласына 
“бұларды істеме!” деп айтуы оншалықты әсерлі болмайды. 
Өйткені бала “бұлар жаман болса, әкем жасамайтын еді” 
дейді. Жақсы нәрселер жасалынса балаға үлгі болады. Балаға 
жақсылық жасаудың пайдасын түсіндіру керек. Осылайша 
бала өзімшіл (эгоист) болудан құтылады. Өзімшіл болып 
өскен балалар қоғамға үйлесе алмайды, тіпті салт-дәстүр, 
әдет-ғұрып және заңды да танымайтын болады.


ЖАНҰЯ
- 225 -
Тәрбиедегі негізгі факторлар
Зеректік:
Бала өзінің алғаш көрген нәрсесін білеуге, 
шұқылап көруге және сұрап үйренуге әуес болады. Сондықтан 
балаларға үнемі жақсы және әдемі нәрселерді көрсету керек 
және сұрақтарына дұрыстап жауап беру керек. Осылайша 
баланың зеректігі, сана-сезімі, түсіну қабілеті жетіледі. 
(3-6 жас аралығындағы балаларда осы нәрсеге қатты мән 
беру керек. Бұл кезең – баланың тілі, миы және зеректігінің 
қалыптасуы үшін ең маңызды кезең болып табылады.)
Рух:
Өте сезімтал және өкпелегіш балаларға ащы да болса 
шындықты айтуды және оған төзе білуді үйрету керек. Ал 
тас жүрек балаларға көңілін жібітетіндей өнегелі, ғибратты 
мысалдар айтып, сезімтал болуына тырысу керек.
Қалау:
Мықты қалауға, ерік күшіне ие болуына тырысу 
керек. Қалауы әлсіз балаларды біраз еркін жіберіп, 
өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Қалауы күшті 
балалардың тәрбиесі де қаталдау болуы керек. Алайда балаға 
мейірімділікпен және түсіністікпен қарау шарт.

Download 1,21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   195




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish