Т ү р к І с т а н к І т а п ү Й


«Аллаһу та’алаға мойынсұның-



Download 1,21 Mb.
Pdf ko'rish
bet6/195
Sana02.04.2022
Hajmi1,21 Mb.
#524187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195
Bog'liq
Жанұя

«Аллаһу та’алаға мойынсұның-
дар» 
дегеннен кейін
 «Әке-шешелеріңе мойынсұныңдар»
(Бақара 83) деп бұйырылған. Оларға 
“Уф!”
деуге де (Исра 
сүресі 23) тиым салынған.
Отбасылық құндылықтарымыз
Қоғамның негізін қалаушы құрылым – отбасы. Отбасы 
құрылымы қаншалықты күшті болса, онда өсіп жетілген 
балалардың құрайтын қоғам да денді, қуатты болады. Отбасы 
өзара құрмет, махаббат мекені деген сөз. Бір-біріне құрметі 
жоқ жанұялар, отбасылық құрылымын жоғалтқан қоғамдар 
күйзеліс ішінде өмір сүреді. Қазіргі таңда ажырасулар 
көбейіп жатқандығы соншалық ажырасу үшін үйленіп жатыр 
ма деген ой келеді. Егер арада бала бар болса, ажырасудың 
зияны одан да арта түседі. Жанжалы көп жанұяда, мейірімнен 
махрұм өскен ұрпақ келешектің рухани індеттілері ретінде 
бой көтереді. Осылайша адамзат өз келешегіне балта шабуда. 
Ал өзара құрмет, мейірім ішінде өскен бала жақсылыққа 
бейім болып өседі. Біздің дәстүрлі отбасымыз онсыз да 
мейірім, өзара құрмет, махаббат негізінде құралған. Отбасыда 
әркімнің орны қандай, кімнің міндеті қандай, кімнің қай 
жерде отыратыны, кімнің жолы үлкен бәрі орныққан. 
Түркі халықтары, жалпы мұсылман халықтарының 
тарих бойынша өркендеуіне, ал қиын кезеңдерде жойылып 
кетпеуіне себепші болған маңызды факторлардың бірі 
дәстүрлі отбасылық құрылымы. Бізді біз етіп ұстап тұрған күш 
отбасыдан алған тәрбие, отбасымызға берген қадір қасиет, 
махаббат, отбасы бірлігі болды. Рухани құндылықтарына ие 
нағыз жанұяны ешкім тізе бүктіре алмайды. Өмір ағысында 
алдарынан не шықса да, ол жанұя бүкіл қиындықтарға бірге 
төтеп береді, тіпті шыңдалып, одан да күшейіп артынша 
келетін көркемдіктерімен қуаныштарымен де бөліседі. Өмірді 


ЖАНҰЯ
- 11 -
мәнді ететін де осы емес пе, бөлісу... Ащыны да, тұщыны да, 
жоқтықты да, молдықты да... Алайда бұл дәрежеге жету үшін 
мол сабыр және ерен еңбек керек. Еңбексіз ешбір мәселе 
өнбейді. 
Ананың бала-шағасына жасаған дұға-тілектері баланы 
қорғаштап жүреді. Баланың ата-анасын разы етуі, қуантуы 
оған Жаратқанның құт-береке есіктерін ашады. Үлкендерді 
ренжіту жұмыстардың жүрмеуіне, келеңсіздіктерге себеп 
болады. Біз мұсылман халықтары ретінде мұны жақсы 
білеміз. Осы негіздерді ұстанып, осы негіздерді сезініп өстік.
Соңғы кездері қоғам ретінде рухани құндылықтарымыздан 
алыстап жатқандығымыз байқалуда. Есірткі тәуелділігі, 
маскүнемдік, құмар ойындары, зорлық-зомбылық, әйелді 
жәбірлеу секілді озбырлықтар белең алуда. Бұрындары бұл 
індет Еуропа елдерінде көп деп білуші едік. Қазір осы қауіп 
бізге де төніп тұр. Бүгін Еуропа елдері күшті экономикалық 
жағдайына қарамастан қоғамының егде жастағылары көбейіп, 
жастарының үйленгісі, отбасы құрғысы келмейтіні, дүниеге 
бала әкелуді қаламайтыны жиі аталып келеді. Мұның себебі 
рухани құндылықтардан жұрдай, өзін жоғалтқан адамдар 
қатарының артуында. Көбі рухани күйзеліс ішінде, өзіне 
қол жұмсаудың қарсаңында, арақ немесе есірткі тәуелділігі 
ішінде...
Біз де солар секілді болуымыз керек пе?! Бәріміз оянуымыз 
қажет. Бүгін отбасы құндылықтарымыз үлкен қауіпте. 
Жаһанданып жатқан дүниеде қоғам ретінде «заманауи» деген 
ұранмен ұсынылып жатқан әдепке жат қасиеттерді сіңіріп, 
ақырын ақырын түп тамырымыздағы құндылықтарымызды 
жоғалтып келеміз. Бұған жол бермейік! Маскүнемдік, есірткі, 
ұрлық, зорлық-зомбылық секілді барлық жамандықтардың 
түбі негізінде отбасылық құндылықтардың бұзылуынан 
бастау алады. Бұл ақау дұрысталмайынша қаншама 
шырылдасақ та, қаншама ұрандатсақ та нәтиже өзгере қой-


ЖАНҰЯ
- 12 -
майды. Ұмытпайық отбасы күшті болса, адам да, қоғам 
да күшті болады. Отбасылық құндылықтарымызға бекем 
болмасақ, келеңсіздіктер шешілмейді. Шешім отбасылық 
құндылықтарымызды сақтап қалу. 

Download 1,21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish