Т ү р к І с т а н к І т а п ү Й


Аллаһ жақсы көрмейді деп айту



Download 1,21 Mb.
Pdf ko'rish
bet167/195
Sana02.04.2022
Hajmi1,21 Mb.
#524187
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   195
Bog'liq
Жанұя

Аллаһ жақсы көрмейді деп айту
Сұрақ:
Баланы тәрбиелеуде “Ұрлық жасаған адамның 
басына Аллаһ тас жаудырады, өтірік айтқан адамды тозақ 
отымен азаптайды” деген сияқты сөздер айту дұрыс па? Әлде 
мұның теріс түрін айту керек пе? Мәселен “Ұрлық етпеген 
адамды, өтірік айтпаған адамды Аллаһ жақсы көреді” деу 
керек пе? Қалай айтқан дұрыс?
Жауап:
“Ұрлық жасаған адамның төбесінен тас 
жаудырады” делінсе, бала ұрлықшыларды көргенде “неге 
бұлардың басына тас жаумады” деп ойлап әке-шешесіне 
деген сенімі қалмауы мүмкін. Оның үстіне Аллаһу 
та’ала шынында да жамандық еткендердің бастарына тас 
жаудырып жатқан жоқ. Сондай-ақ үнемі “былай етпесең 
Аллаһ сені жақсы көрмейді” деп айта бергенде де “жақсы 


ЖАНҰЯ
- 232 -
көрмесе көрмесін” деуі мүмкін. Жақсылық істегендердің 
жаннатқа, жамандық істегендердің жаһаннамға түсетінін 
дұрыс сөздермен түсіндіру керек. Әрбір қате істеріне Аллаһ 
сені үйтіп жібереді, бүйтіп жібереді деп айту дұрыс емес. 
Жақсылық істегенінде марапаттау керек, ал жамандықтардың 
кей біреуін көрмегендей болу керек. Жамандығына шектен 
аспайтындай, көңілін түсірмейтіндей жаза беру керек. 
Бала және өтірік
Сұрақ:
Баланың өтірік айтуының қалай алдын алуға 
болады?
Жауап:
Ата-ана өз балаларын өз қолдарымен өтірікшілікке 
үйретпеуі тиіс. Мысалы балаға «Пәлен кісі келсе, мені үйде 
жоқ деп айт» деген ата-ана, өз қолымен баласын өтірікшілікке 
итермелеген және өтірік айтудың жаман нәрсе емес екенін 
көрсеткен болады. Балаларыңызға ешқашан, қалжыңдап 
болса да өтірік айтпаңыздар. Өтірік айтқаныңызды түсінген 
бала мұны қалыпты нәрседей қабылдап, ол да өтірік айта 
бастайды. Балаңыз тәртіпті, жүйелі өмірді сізден үйренеді. 
Ойыншықтарын орнына қоюды, киімдерін көтеруді 
үйретуіңіз керек. Бірақ айқайлап ұрыспастан мұны ойын 
халіне келтіріп атқару керек.
Балалар көбінесе бұзықшылық жасағанда өтірік 
айтады. Айтқан әрбір сөзіне дереу сене салу да баланы 
өтірікшілікке дағдыландырады. Бала өтірік айтумен 
мәселенің жабылатынын, ата-ананың сол мәселе жайлы көп 
сұрамайтынын білсе, бұзықшылығын жалғастыра беретін 
болады, әрі сөздерінің арасына да көп өтіріктерді қосатын 
болады. Баланы ұру дұрыс емес. Бала таяқ жеуден қорқады, 
бірақ істейтін қылығын жасырын жасай бастайды. Мұның 
салдарында бала қиындықтан өтірік айтып шығуға, алдауға 
әдеттенеді. Көп өтірік айтуды әдеттеніп өскен балалар кейінгі 
кезеңдерде өз өтірігіне өзі де сенетін болады, сенімсіз тұлға 


ЖАНҰЯ
- 233 -
ретінде қабылданады, елге масқара болады.
Баланы өтірік айтуға, жаман қылықтарға әуестендіретін 
тағы бір маңызды фактор – жаман дос. Жаман дос – баланың 
дөрекі, өтірікші, ұрлықшы және әдепсіз болуына себепші 
болады. Мұндай жаман мінездерге ұрынғандар ұзақ жылдар 
бойы бұл жаман мінезінен арыла алмайды.
Баланы кішкентай кезінен бастап намазға, адалдыққа 
дағдыландыру керек. Өскен кезде намаз оқуы қиын болуы 
мүмкін. Өзгенің мал-мүлкін тартып алуды, өтірік айтуды, 
харам нәрсе жеуді көз алдына жаман, жиіркенішті қылып 
түсіндіру керек. Осындай тәрбиемен өсіріп, балиғат жасына 
толғанда бұл әдептердің ерекшеліктерін, маңыздылықтарын 
үйрету керек.

Download 1,21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   195




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish