Т ү р к І с т а н к І т а п ү Й



Download 1,21 Mb.
Pdf ko'rish
bet140/195
Sana02.04.2022
Hajmi1,21 Mb.
#524187
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   195
Bog'liq
Жанұя

«Арақ зинадан да жаман»
делінген. 
Сондай-ақ ішкілікке салынған некелі еркек өзі аңғармай 
неке бауын үзетін сөздер айтуы мүмкін. Осылайша әйелімен 
зина жағдайына түсуі мүмкін.
Спиртті ішімдік барлық жамандықтардың кілті. Өйткені 
мас адамға кез-келген күнәні істеу оңайға соғады. Адам 
ақылы кеткендіктен харамды, халалды, дұрысты, бұрысты 
ажырата алмайды. Хадис шәрифте 
«Арақтан сақтаныңдар! 
Ағаштың бұтақ жайғаны секілді арақ та жамандық 
жаяды»
делінді.


ЖАНҰЯ
- 192 -
Спиртті ішімдік ішетін адам сыраханаға баруы арқылы 
және үстінен арақ иістері шығып жүруі арқылы үнемі 
жанында болатын, жақсылықтарымен жамандықтарын 
жазатын Хафаза періштелеріне жапа шектірген болады. 
Рахмет періштелері одан ұзақ болады. Хадис шәрифте: 
«Рахмет періштелері мас адамнан ұзақ болады»
делінеді.
Спиртті ішімдік ішетін адам жақсылықтарға, дұғаға өзін 
жапқан болады. Өйткені спиртті ішімдік ішетін адамның 
жақсылықтары және дұғасы қабыл болмайды. Сондықтан 
арақ ішу былай тұрсын, арақ ішіліп жатқан жерден де ұзақ тұру 
керек. Өйткені хадис шәрифте: 
«Аллаһқа және ақыретке 
сенетін адам арақ ішпесін, арақ ішілетін дастарханға да 
отырмасын»
делінген.
Арақ ішкен адамның жағдайы қауіпті болады. Өлімі 
алдында оның бұл халі имансыз кетуіне себеп болады. 
Өйткені өлімнің қашан келетіні белгісіз. Хадис шәрифте: 
«Арақпен иман бір жерде болмайды, бірі екіншісін 
ұзақтатады»
делінді.
Сахабалардан хазреті Абдуллаһ Ибн Мәсуд «Өкініштердің 
ең үлкені және ең зияндысы қиямет күніндегі өкініш. 
Азықтардың ең жақсысы тақуа. Ішкілік күнәлардың шақыру-
шысы. Жастық жындылықтың тармағы, бөлігі» деген. 
Арақ адамның денсаулығы мен қоса рухани саулығына 
да кері әсер етеді. Отбасы ішіндегі бақытсыздық, жанжал, 
ажырасулардың басты себепкері. Маскүнемдік – қоғам 
тыныштығын бұзатын зиянды кесел. Тәртіп сақшыларының 
мәлімдеуінше қылмыстардың көпшілігі осы ащы суды ішудің 
салдарында орын алады. Мастықтың соңы төбелес, ұрлық, 
зорлық, кісі өліміне дейін апарып жатқан жайттар өте көп. Мас 
күйде көлік жүргізіп, апатқа ұшырап, қаншама адамдардың 
жанын қиған жағдайларды ақпарат құралдарынан көрудеміз. 
Арақ адамның санасын тұмандатып, есеңгірететін, саулықты 
түрде ойлаудан мақрұм ететін зиянды ішімдік. Осы себепті 


ЖАНҰЯ
- 193 -
маскүнем адам өзі үшін де, айналасындағылар үшін де 
қауіп көзі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау ұйымының 30 елде жасаған зерттеулерінің нәтижесі 
бойынша: адам өлтірудің 85%-ы, зорлық зомбылықтардың 
50%-ы, адам өліміне әкеп соққан жол апаттарының 65%-ы, 
отбасы ішіндегі ұрыс-керістердің 70%-на спиртті ішімдіктер 
себеп болуда. Басқаша айтқанда жоғарыда аталған қылмыстар 
кезінде адамдардың мас күйде болғандығы анықталған. 
Сондай-ақ арақ көптеген аурулардың қоздырушысы. Бауыр, 
ми және жүйке жүйелеріне елеулі түрде зақым келтіреді. 
Асқазан жарасына, қатерлі ісікке және ерлерде жыныстық 
әлсіздікке себеп болады. Ата-аналар, үлкендер жағы жастар 
мен араққа әуестенушілерге оның зиянын түсіндіріп, 
ешқандай қызығарлық тұсы жоқ екендігін мейлінше жеткізуге 
тырысуымыз керек. Жас шағында басталған ішімдікке 
әуестік уақыт өтуімен тәуелділікке ұласып, соңы отбасының 
құлдырауы, қылмыс, жазылмас ауруларға, бақытсыздықтарға 
себеп болып жатқандығын естіп те, көріп те жүрміз. Мәселен 
20 жастарында басталған ішімдікке әуестік қоғамдық 
келеңсіздіктерге, отбасы ойранына себеп болуда. 30 
жастарына келгенде денсаулық зардаптары көріне бастайды, 
әсіресе асқазан, ас қорыту мүшелері, бауыр аурулары бой 
көтереді. Араққа тәуелділіктің кесірінен отбасыларын, 
денсаулығын ойран қылған жастар бара бара күйзелістерге, 
қасіреттерге тап болады. Онда да жұбанышты арақтан іздеп 
одан сайын пәлекеттерге белшеден бата береді. Сондай-
ақ араққа тәуелді отбасылардың балаларында да араққа 
тәуелділік көп кездесетіні, ал арақ қолданбайтындардың 
балаларында араққа әуестік аз байқалатыны шындық. 
Араққа салынған әйелдерде балаларының кеміс туылуы, 
кеш жетілуі секілді зардаптарға себеп болуда. Осы себепті 
өзіміздің, отбасымыздың және жалпы қоғамның бақыты, 
тыныштығы үшін арақ атаулыдан ұзақ тұру шарт. Қоғамға, 


ЖАНҰЯ
- 194 -
адамзатқа материалдық және рухани жағынан да зияны 
орасан көп болған спиртті ішімдіктерден аулақ болу басты 
ұстанымымызға айналуы тиіс.
Бұл аталған зияндар тек дүниедегі жазалары. Сондай-ақ 
ақыретте де жазалары бар. Бұлар сансыз деуге болатындай 
көп. Дүниедегі зияндарымен салыстыруға келмейді және өте 
ауыр. Сонымен қатар бірі өткінші, ал бірі шексіз. Ақыл-есі 
бар адам бұл дүниенің бірнеше зауқтарын ақыреттің мәңгі, 
шексіз зауқтарына ауыстыруы мүмкін емес.

Download 1,21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   195




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish