Scientific Collection «InterConf», (39): with the Proceedings of the 8th International Scientific and Practical Conference «Science and Practice: Implementation to Modern Society» (December 26-28, 2020) at Manchester, Great Britain



Download 20,59 Mb.
Pdf ko'rish
bet232/399
Sana22.02.2022
Hajmi20,59 Mb.
#114666
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   399
Bog'liq
Materials of GREAT BRITAIN Conference

Естемесов Улан Омиржанович 
Ассистент преподаватель кафедры «Физическая культура и спорта» 
Казахская академия транспорта и коммуникации им.М.Тынышбаева, Республика Казахстан 
Молдахметова Рауан Шахаровна 
Лектор кафедры «Физическая культура и спорта» 
Казахская академия транспорта и коммуникации им.М.Тынышбаева, Республика Казахстан 
 
Абуталипов Эрик Шарабиддинович 
Ассистент преподаватель кафедры «Физическая культура и спорта» 
Казахская академия транспорта и коммуникации им.М.Тынышбаева, Республика Казахстан 
 
СПОРТШЫНЫҢ ДЕНЕ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАЯРЛЫҒЫ 
Спорттық жаттықтырудың аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып 
табылатын дене қабілеті даярлығы қимыл-қозғалыс қабілеттерін – күшті, 
жылдамдықты, төзімділікті, икемділікті, координациялық қабілеттерді дамытуға 
бағытталған. Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жалпы жəне арнайы 
болып бөлінеді. Кейбір мамандар сонымен қатар қосалқы даярлықты бөліп 
көрсетуді ұсынады. 
Жалпы дене қабілеті даярлығының ұтымды ұйымдастырылған процесі 
алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты жəне бір мезгілде 
пропорционалды дамуына бағытталған. Дене қабілеті даярлығының жоғарғы 
көрсеткіштері дене қабілеттерін дамыту, спортшылардың даярлығының өзге 
қырларын – техникалық, тактикалық, психологиялық даярлықты жетілдірумен 
тиімді жұмыс істеу үшін функционалдық іргетас болып қызмет атқарады. 
Жалпы дене қабілеті даярлығының нəтижесінде спортшы иемденген 
функционалдық потенциал спорттың қандай да болсын түрінде табысты 
жетілу үшін қажетті алғышарт қана болып табылады, бірақ өздігінен өзі, 
мақсатты бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығынсыз жоғары спорттық 
нəтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайды. Қосалқы дене қабілеті 


SCIENTIFIC COLLECTION «INTERCONF» | № 3(39)
588 
даярлығы жалпы дене қабілеті даярлығының негізінде құрылады жəне 
спортшының арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған 
жұмыстың үлкен көлемін тиімді орындау үшін қажетті арнайы негіз жасап 
береді. Осындай даярлық əртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің 
функционалдық мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді. Бұл кезде жүйке-
бұлшық ет координациясы жақсарады, спортшылардың үлкен күш түсулерді 
бастан өткеруге жəне олардан кейін тиімді түрде қалпына келу қабілеттері 
жетілдіріле түседі.
Арнайы дене қабілеті даярлығы қатаң түрде нақтылы спорт түрінің 
спецификасы, болады деп күтілетін жарыс əрекетінің ерекшеліктері қоятын 
талаптарға сəйкес, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Спортшылардың арнайы дене қабілеті даярлығы процесін ұйымдастырған 
кезде осындай спецификалы талаптарды үнемі назарда ұстап отыру қажет. 
Жекелей алатын болсақ, жарыс əрекетінде негізгі күш түсуге ұшырайтын 
бұлшық еттер топтары мен олардың антагонистері басым əсер етуге ұшырап 
отыруға тиіс. Алайда бұл істе тек қана тиісті бұлшық ет топтарына əсер етумен 
шектеліп қалуға болмайды. Дене қабілеттерін дамытқан кезде өздерінің 
динамикалық жəне кинематикалық сипаттамалары бойынша белгілі бір 
дəрежеде жарыс əрекетінің негізгі элементтеріне сəйкес келетін жаттығуларды 
іріктеп алу қажет. Жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің алуан түрлі 
көріністерінің саны орасан зор болғандықтан, олардың əрқайсысын жетілдіру 
де дифференциацияланған əдістемені қажет етеді. Спорттық ойындарда 
қарсыластың күтпеген əрекеттеріне жылдам жауап қайтару, жекелеген 
техникалық тəсілдерді орындаған кезде жоғары жылдамдық қабілеттерін 
көрсету, жылдам бағыт-бағдар алу, шешім қабылдау, орын ауыстыру, уақыттың 
қатаң тапшылығы, қарсыластар тарапынан кедергілер болуы, серіктерімен жəне 
қарсыластармен 
күрделі 
топтық 
өзара 
əрекеттесу 
жағдайларында 
шабуылдаушы жəне қорғанушы əрекеттерді қабылдау қажеттігі жиі туындап 
отырады. Дене қабілеті даярлығы əдістемесіне дифференциацияланған 


 SCIENCE AND PRACTICE: IMPLEMENTATION TO MODERN SOCIETY
589 
тұрғыдан қарау спорттың əр түрлеріне де, алуан түрлі қимыл-қозғалыс 
қабілеттеріне – жылдамдыққа жəне күшке, төзімділікке, икемділікке, сонымен 
қатар координациялық қабілеттерге де қатысты қажет болады. 
Спорттық жаттығудың аса маңызды қырларының бірі адамның қимыл-
қозғалыс қабілеттері мен қасиеттерінің: жылдамдық, күш, координациялық 
қасиеттерінің, төзімділік пен икемділіктің дамуымен қатынаста болып келеді. 
Қазіргі уақытта осылардың негізінде спортшылардың дене қабілеті 
даярлығының деңгейі жатқан, жұмысқа қабілеттілік механизмдері туралы 
танымдар айтарлықтай кеңейіп, тереңдей түсті. Жаттығуда жəне жарыста күш 
түсуді зерттеу нəтижелері мамандарға бұл проблемаларға спортшылардың 
қандай жаттығуларды орындайтындығын жəне олардың неге əсер ететіндігін 
ескере отырып қарауға мүмкіндік берді. Мысалы, қысқа қашықтықтарға 
жаттыға отырып, спринтші нені жетілдіреді, немесе топта шабуылдаушы жəне 
қорғанушы жаттығуларды орындайтын хоккейші нені жетілдіреді жəне т.с. 
зерттеулер даярлықтың қандай да бір қырын таза таңдамалы жетілдірудің көп 
жағдайларда мүлдем жоқ екендігін растап отыр. Жаттығу сабақтарында бір 
мезгілде даярлықтың көптеген қырларының, оның ішінде дене қабілеті 
даярлығының жетілдірілуіне əсер етіледі. Сондықтан дене қабілеті 
даярлығының мазмұнын толығырақ түсіну жəне қолайлылық үшін шартты 
түрде оны жекелеген қимыл-қозғалыс дене (қозғалыс) қабілеттерін: 
жылдамдық, күш қабілеттерін, төзімділікті, икемділік пен ептілікті 
(координациялық қабілеттерді) жетілдіру мəселелеріне бөлу қабылданған. 
Осындай бөліну сонымен қатар дене қабілеті жаттықтыруларының ең кең 
таралған жіктемелерінің оларды дене қабілеттеріне қойылатын басым 
талаптар 
мен 
кейбір 
қосымша 
белгілер 
бойынша 
топтастыруға 
негізделгендігімен де түсіндіріледі. Бұл ретте жекелеген дене қабілеті 
қасиеттері ең тиімдірек жетілетін белгілі бір жағдайлар да бар екендігі атап 
көрсетіледі. Мұнда маңызды рөлді бұлшық ет қызметінің организмнің 
энергетикалық ресурстарының басым күш түсетін ағзалар мен ұлпаларға 


SCIENTIFIC COLLECTION «INTERCONF» | № 3(39)
590 
шоғырлануына жəне таңдамалы қайта бөлінуіне, пластикалық процестердің 
реттелуіне жəне организмнің қарқынды бұлшық ет қызметіне, əрекетіне ұзақ 
мерзімді бейімделуінің құрылымдық негізін қалыптастыруға ықпал ететін 
гормондық ретке келуін қайта құру ойнайды. Дене қасиеттеріне теориялық 
қарау спорттық ғылым мен спорттық практикадағы көптеген ашық 
мəселелерді көрсетеді. Дене қасиеттеріне іріктеуде, спорттық бағдар алу мен 
мамандануда орталық орын бөлінетіндігіне қарамастан, біржақты қараудан 
бойды аулақ ұстаған жөн. Дене қасиеттерін бағалау жас ойыншының жалпы 
потенциалдарын бағалау мен болжаудың ажырамастай бөлігі болып 
табылғанда ғана оптималды болып табылады. Белгілі бір дене қасиеттерінің 
негізгі бағалаулары көбінесе ойындардың эволюциясымен, сонымен қатар 
дəлелсіз асыра бағалаулармен жəне арнайы жаттығудың жекелеген 
үлгілерімен əуестеніп кетумен байланыстырылып отырды. Мысалы, күшті 
арттыру мақсатында штангамен жасалатын жаттығуларда адекватты емес 
(жоғары) күш түсірулер беріліп отырды. Өзге теріс əсерлер кезінде ойыншы 
өзінің икемділігін нашарлатып алды, ал жылдамдық қасиеттерін дамыту 
бойынша жеткіліксіз жұмыс істеу жарылыс күшінің тұрақтануына ықпал етті 
жəне 
техникалық 
дағдылардың 
жетілдірілуін 
күрделендіре 
түсті. 
Бұрынырақта орын алған, техникаға біржақты акцент жасау, екі команда 
ойыншыларының «тең» техникасы кезінде дене қабілеттерінің даярлығы 
жақсырақ болған қарсылас жеңіп шығатындығы түсінікті болғанда орнынан 
қозғала бастады. Даярлау кезінде күшті дамытуға көбірек көңіл бөліне 
бастады, алайда жуық арада техникалық жəне күш даярлығы тең екі команда 
кездескен кезде жылдамырақ ойыншылары бар жəне жылдамырақ ойнайтын 
команда жеңіп шығатыны анықталды. Сондықтан қазіргі заманның 
жаттықтырушысы əрбір дене қабілеті қасиетін оқшау емес, басқа 
қасиеттермен өзара байланыста қарастыруға тиіс. 
Әдебиетте жəне практикада дене қабілеті қасиеттерінің айтарлықтай саны 
қолданылады, мұның өзі қазіргі бар жіктемелердің əрқайсысын тым үлкен етіп 


 SCIENCE AND PRACTICE: IMPLEMENTATION TO MODERN SOCIETY
591 
жіберуде. Осылардың барлығына да қарамастан, жіктемелер жеткіліксіз болып 
қалуда, өйткені спорттың барлық түрлері үшін спецификалы талаптардың 
барлығын қамти алмай отыр. 
Негізгі дене жəне қозғалыс қасиеттері деп біз барлық спорт ойындарының 
ажырамас бөлігі ретіндегі жылдамдықты, күшті, жылдамдық-күш көріністерін, 
осы қасиеттің үшеуі де əртүрлі жəне өзгеріп отыратын құрамдас бөліктер ретінде 
көрініс табатын қимылдарды орындау үшін қажетті шарт болып 
табылатындықтан, қимыл əрекеттеріндегі ептілік пен координацияны, сонымен 
қатар төзімділікті түсінеміз. В.С.Фарфельдің пікірімен келісіп, төзімділік шын 
мəнісінде уақыт функциясындағы жылдамдық немесе күш болып қана 
табылатындықтан, екі қасиетті ғана: жылдамдық пен күшті бөліп көрсетуге де 
болады. Дəл сол кезде өзге дене қасиеттері, икемділік, ептілік жəне басқалары 
əлде негізгі дене қасиеттерінің туындылары, əлде негізгі дене қасиеттерінің 
кешендері болып табылады, əлде мүлдем дене қасиеттеріне емес, 
нейрофизикалық қасиеттерге (мысалы, қозғалысты үйлестіру) жатады деген 
пікір онша ақталмаған болып отыр. В.К.Бальсевичтің жəне басқа да авторлардың 
мəліметтері, əсіресе шұғылданушылардың соматикалық типін жəне даму 
нұсқасын ескере отырып, нақтылы қасиетті бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін, 
жоғары ақпаратты тесттердің бар екендігін көрсетіп берді. 
Біз дене қабілеттерін тəрбиелеудің қазіргі теориясы мен əдісінде 
қабылданған терминологияны ұстанамыз. «Дене қасиеттері» жəне «қимыл 
қасиеттері» терминдерін маңызы бірдей ретінде қолданамыз. «Дене қабілеттерін 
тəрбиелеу» термині дене қабілеттері жаттығуларын адамның дене қабілеттерін 
(қозғалыс) дамыту үшін пайдаланудың бағытталған педагогикалық процесін 
белгілеу үшін қолданылады.

Download 20,59 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   399




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish