Әдебиеттер тізімі:
1.
Ермұханов Б. Сарайшық – қазақ хандығының тұңғыш астанасы // Атамекен
№ 28, тамыз 2000 жыл.
2.
Тоқтабаев А.Сарайшықтың Аққу көлі // Егемен Қазақстан, 21 наурыз 1998
жыл.
3.
Кекілбаев Ә.Сарайшық // Алтын Орда, 2 маусым 2000 жыл.
4.
Әлімгереев Ө.Сарайшықтың жеті ханы // Атырау, 11 қараша 1999 жыл.
5.
Ахмет А., Касенов М. Атырау жеріндегі үңгірлер // Мұнайлы Астана № 23, 5
маусым 2008 жыл.
6.
Тасмағамбетов И., Самашев З. Сарайшық // Алматы, 2001 жыл.
7.
Самашев З. Археологические раскопки на городище Сарайчик Алматы, 2000.
8.
Ғизатов Ж. Ұлы даланың қасиетті күмбезі. – Алматы, 2009.
156
А. Тажигарина
Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
«АҚТӨБЕ-ЛАЭТИ» ҚАЛАШЫҒЫ
«Ақтөбе-Лаэти» - қала жұрты Атырау қаласының солтүстік-шығысында
6 шақырым қашықтықтағы Ақтөбе төбешігі орнында,Теңдік ауылының
шығысында 2 шақырым қашықтықта жатыр. Оның солтүстігінде Сарайшық
қаласы 50 шақырым қашықтық жерде орналасқан. Оның қазіргі көлемі: 200 х 80
м, оңтүстіктен-солтүстікке созылып жатыр. Қала табиғи фактордан қатты
бүлінеген. Каспий теңізінің 14 ғасырда күрт көтерілу салдарынан қала су астына
кеткен. Қала тұрғындары қаланы тастап Сарайшық қаласына көшуге мәжбүр
болған. Судың астында қалып қойған қала жұрты 1950 жылдары ғана Каспий
теңізінің суының қайтуынан кеуіп жер бетіне шыққан. Судың астында ұзақ
жатып жақсы сақталған қала жұрты су қайтып кеткен соң жылдам бұзыла
бастаған. Жел мен сор тұзды топырақ қала қабырғаларының жылдам бүлінуіне
себеп болған. Сонымен бірге қала орнының мал жайылымына айналуы да, оның
жылдам жойылуына себеп болған. Кебу салдарынан қатты бұзылған. Бүгінде
облыстық мұражай қорында қалашықтан табылған 500-ге жуық жәдігер бар.
Қалашықта сумен қамту жүйесі дамыған, сол арқылы бау- бақша өсірілген.
Мәдени қабаты жануарлар мен балықтардың сүйектерінен, керамика
қалдықтарынан тұрады. Бұл қала тұрғындарының мал және балық
шаруашылықтарымен айналысқанын көрсетеді.
Қаланы алған ашқан өлкетанушы В.К.Афанасьев. Ол қаланы 1965 жылы
археолог М.С.Мерщиевке көрсеткен. Ол қала орнын зерттеп, мақала жазады.
Қала жұртына алғаш археологиялық қазба жұмысы 1974-1977 жылдары
Л.Л.Галкин басшылығымен жүргізілген. 1981-1983 жылдары Л.Л.Галкин қазба
жұмыстарын жалғастырған. 1989- 1991 жылдары З.Самашев археологиялық
қазба жұмыстарын жүргізген. Қал негізінен шебер мен көзешілер мекені болған.
Сонымен бірге сауда жолының бойында орналасқандықтан ол керуен сарайы
қызметін атқарған. Алтын Орда кезінде қала өркендеп, гүлденген қалаға
айналған. Қал қазбаларынан қыш,металл, сүйектен жасалған заттар көп
кездеседі. Металл өңдейтін шағын ошақтар орны да табылған. Металл
қалдықтары көп кездеседі. Л.Л.Галкин Ақтөбе қалашығын 14 ғасырда
итальяндық саяхатшылардың жол картасында белгіленген Лаэти қаласымен
баламалайды.
157
Do'stlaringiz bilan baham: |