«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet72/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

З. Х. Ажғалиева 
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі 
Атырау облысы,Құрманғазы ауданы, 
 
«САРАЙШЫҚ -ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ ОШАҒЫ » 
 
Мен өз баяндамамды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Сарайшық мұражай 
қорығын ашылу салтанатында айтқан сөзінен бастауды жөн санадым. 
Тау шайқалса да,тарих шайқалмайды"- деген халқымыз. 
Осы мұражай есімізді жинап,тәуелсіз ел болып,ата-бабмызды еске алудың 
дәлелі.Жас ұрпақ тарихтан өнеге алып,қазақ елін,кең байтақ жерін сүйіп 
өссін.Баршаңызға жақсылық тілеймін. 
03.ІХ.1999жыл. Н.Ә.Назарбаев. 
Елбасы өзінің .”Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»мақаласында Қазақ 
«Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған 
жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген 
сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға 
алуды ұсынамын.Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. 
Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан 
қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де 
жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның 
мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы 
патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.» Қазақ хандығынан Тәуелсіз 
Қазақстанның бүгінгі күніне дейінгі мыңжылдықта сан қырлы тарих жатыр. Кешегі 
Алтын Орда дәуірінен бастап бүгінгі күнге жеткен ұлы хандар жатқан, елдігіміздің 
астаналары болған киелі жерлер сол тарихтың бір парағы. Бугінгі таңда 
Ұлытаудың ұлылығы ұлықталып, Түркістанның тарихи шежіресі ақтарып, 
Қозыбастың төріне экспедиция жасалды. Бірақ Алтын Орда хандары мен Қасым 
хан хандық құрған Сарайшық тарихы ,қаланы сактап қалу жобасы ешкімді бей-жай 
қалдырмауы тиіс.Біздің туған өлкеміз мұнайлы астана Атырау өңірінде сан 
ғасырлық тарихи бар тарихи орындар,архитектуралық ескерткіштер аз емес.Соның 
бірі әрі бірегейі көшпелі бабаларымыз қалыптастырған Ұлы Дала өркениеті 
ошақтарының бірі көне Сарайшық қаласы. Бұл қала заманында дәуірлеп.тарихта 
алтын әріппен жазылып қалған үш хандықтың Алтын Орданың,Қазақ 
хандығының,Ноғай Ордасының астанасы болған даңқты шаһар.Қазақ даласындағы 
ең көне тарихи орындардың бірі Сарайшық Алтын Орданың гүлденген дәуірінде 
Бағдад пен Мәскеу сияқты қалалардан озық тұрған Сарайшықтың тарихта алар 
орны ерекше. Қасым хан дәуірінде саяси элиаға көтеріліп, шығыстық үлгідегі 
таңғажайып Қазақ хандығының астанасы болды. Жошының ұлы Бату хан 
тамсанып, Темірдің ұлы Әмір қиратуға қимаған Сарайшықтың тарихына үңіліп, 


122 
туризм тұрғысынан дамытудағы алғы шарттарына тоқталсақ. Алтын Орда 
дәуірінен кейін Жәнібектің ұлы Қасым хан 1513 жылы қазақ мемлекетінің астанасы 
деп Сарайшықты жариялайды. Сол заманда қала тұрғындарының саны жүз мыңға 
жеткен екен. Орта ғасырдағы тарихшы Әбілғазы Баһадүр ханның дерегі бойынша 
Сарайшықта әз Жәнібек хан таққа отырып, 17 жыл хандық құрған, сүйегі осында 
қойылған. Одан кейін оның баласы Бердібек хан Сарайшыққа келіп, хан сайланған. 
1395 жылы Ақсақ Темір күйретіп кеткен Сарайшық қаласы XV ғасырдың бірінші 
жартысында қайта қалпына келтіріліп, Жәнібек хан мен Бұрындық хан тұсында-ақ 
Қазақ мемлекетінің астанасы болған деген дерек бар. Қадырғали би өз еңбегінде 
Қасым ханның Сарайшықта дүние салғанын, қабірі Сарайшықта жатқанын жазып 
қалдырған. ХІХ ғасырдың ортасында өмір сүрген ақын Шернияз Қанайұлының 
қалдырған дерегі бойынша, Сарайшықта Сартақ, Берке, Тоқтақия, әз Жәнібек, 
Қасым хандар және ноғай хандары Ысмайыл мен Ораз жерленген. Бүгінде көне 
қала орнында осы жеті ханға құлпытас қойылған. 
Қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан сауда-саттық дамыған бай 
қалалардың бірі болған .Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында 
«Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік 
империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған 
кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда 
экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді»-деген 
болатын. Тарихшы ғалымдар осы Сарайшық қаласының пайда болуын XIII 
ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен 
байланыстырады. Әзірге белгіліболған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы 
жазба мәліметтер XIV ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда 
Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады. 
Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ – 
ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы 
«Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке-Алтын Орданың астанасы), Азияға 
жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол, «Біз Сарай 
қаласынан атжеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжүк қаласына жеттік. Бұл 
«Ұлысу деп аталатын» үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген 
әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында 
екен .Орталығында хан сарайы тұр, оның ішінде 4 мешіт пен көптеген керуен 
сарайлары бар, оның биіктігі - 11 метр, қалыңдығы 4 метрге тең. Бір кереметі - 
қаланың әрбір үйіне су құбыр арқылы барып тұр...». Зерттеуші айтқан сол 
замандағы керамикалық тұрбалар осы уақытқа дейін сақталған. Әрине, 
Сарайшықты Бағдатпен салыстырғанда, тарихшы қос қаланың алып жатқан 
аумағын емес, байлығы мен сән-салтанатын салыстырғаны анық. Еуропа мен 
Азияны жалғап жатқан Сарайшықтағы көпір Бағдаттағы көпірдің көшірмесі секілді 
дейді. Сарай-жүк монғолша кіші Сарай деген мағынаны білдіреді. Ол кезде Алтын 
Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Бұдан кейін Сарайшық 


123 
жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған 
ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон. Ол 1558-1559 жылдары Каспий теңізінің 
солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына 
соғады. Ол өз жазбаларында: «Теңізден бір күншілік қашықтықта үлкен, терең 
өзеннің жағасына салынған гүлденген, күмбездері көп Сарайшық қаласы бар екен. 
Бұл қаланы орыс патшасы Иванмен достық байланыстағы татар кінәзі Измайыл 
мырза билейді екен...» дейді. . Сарайшыққа байланысты бір аңыз-деректі де 
келтірелік. Сарайшықта 1341-1359 жылдары хандық құрған әз Жәнібек ханның 
маңдайына басқан жалғыз қызы болыпты. Сүйікті қызы үшін сарай алдына қолдан 
көл жасап, жасанды көлдің суы екі аптада бір ауыстырылып тұрған. Аққулардың 
көлді жайлауы үшін көлге 40 атанмен шекер төгілген көрінеді. Сол себепті кейде 
көлді «Тәтті көл» деп атайтын болған. Ханшайым он бесте болғанда, кенеттен 
қайтыс болып, хан қызын алтын табытқа салып, алтын қайығымен қосып жасырын 
жерлеген.. Тағы бір таңқаларлық табылған зат-ол әйелдер моласынан 
табылған,мұсылманның қасиетті кітабы-Құран болды.Кітап әйелге тиесілі болған, 
бірақ темірдей патриархат заманында әйелдерге оқуға рұқсат етілмегені бізге 
мәлім.Кітап Сарайшықта білімді бағалағанын, тіпті де әйелдердің білім 
алғанынының дәлелі болып табылады.1885-1890 жылдары Сарайшықта екі мектеп 
болыпты. Оның бірі - «Церковно-Приходская школа» деп аталатын діни оқу орны 
болса, екіншісі - қазіргі Сарайшық орта мектебінің бастапқы негізі болған 
мектеп.Сарайшық — Қазақ хандығының ең алғашқы астанасы.Ол Атырау 
қаласынан 50 километрдей жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. 
Сарайшық-қазақ даласындағы ең көне тарихи орын. Бұл жерде кезінде үш жүзге 
толықтай мойындалған 12 әулие жерленген. Кезінде Сарайшықта жүзден аса хан 
билік құрған. Сарайшық жерінде жеті ханның сүйегі мен бір ханның басы 
жерленген. Сол жеті ханға құлпытас қойылған. Қала іргесі 11 ғасырда 
қаланған.Қаланың гүлденген дөуірі 13 - 14 ғасырлар аралығы. Ғалымдар 
Сарайшықтың өмір сүру дәуірін шартты түрде үш кезеңге бөледі: 1.X-XI 
ғасырларда қала іргесінің қаланып бой көтеруі. 2.XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда 
өмір сүрген кезеңдегі Еуропаны, Орта Азия, Қазақстанда, монғолдар және 
Қытаймен жалғастырған ірі сауда орталығы болуы, яғнғи қаланың гүлденіп, 
өркендеу дәуірі. 3.XV-XVI ғасырлар Ноғай ордасының орталығы болуы, қазақстар 
шабуылын күйреп, қирауы. Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан өзінің 
1950 жылы жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде «қала XII ғасырда салынған» 
деп еш бұлтаңсыз дәл айтады.Сарайшық туралы кеңінен толғап жазбас бұрын 
бірнеше оқырманның осы тарихи қаланың болашақ тағдыры туралы алаңдап 
жазған хатын келтіре кетелік.«Сарайшықтың тағдыры бізді қатты алаңдатып отыр. 
Сарайшық — біздің ата-бабаларымыз мекендеген өзіндік тарихы бар қасиетті қала. 
Қалада кезінде 1 миллиондай тұрғындар тұрған.Халқымыздың алғашқы 
астаналарының бірі болған қала X-XVI ғасырлардағы әлемдегі ең сұлу қаланың бірі 
болған. Қалада тіптен су құбырлары да жүргізілген. 4 мешіт тұрғызылған. Осындай 


124 
әсем қаланы 1581 жылы орыс патшасы Иван Грозный зұлымдықпен қиратып, 
тонап, тұрғындарын балаларға дейін бірін қалдырмай қырған. Неге, не үшін? 
Әрине, ең алдымен басқыншыларды қаланың байлығы қызықтырған. 
Сарайшықтың қайта қалпына келтірілген сәулет-құрылыс жоспарымен танысқан 
адам Мәскеудегі Қызыл алаң мен Кремльдің идеясы одан жарты ғасыр бұрын Ұлы 
Жібек жолы бойында салынған осынау қаладан көшіріліп алынғанын сөзсіз байқар 
еді. Шынында да, Ресей астанасының жоспары археологтар ашқан көне қаланың 
жоспарынан айна-қатесіз аумайды. Бір замандарда гүлденген қаланың қақ 
ортасындағы биік дуалмен қоршалған хан сарайы Қызыл алаңдағы Кремльді 
елестетеді. «... Иван Калита (Қалталы Иван) Мәскеу Кремлінің құрылысын Сарай- 
Бату қаласының жобасы бойынша жүргізді. Кейін Иван Грозныйдың заманында 
орыс княздары Алтын Орданың екі қаласын - Сарай Бату мен Сарай-Беркені 
ұрпақтары ешқашан есіне түсіре алмайтындай етіп жер бетінен жойып жіберуге 
шешім қабылдады» деген тарихи мұрағаттық құжаттар бар. 1395 жылы Ақсақ 
Темір шауып алып, күйреткен Сарайшықты Үлкен Ноғай Ордасының орталығы 
(1490 жылдан бастап) болып тұрған кезінде Иван Грозныйдың бұйрығы бойынша, 
Жайық бойына кемемен келген казактар 1580 жылы тас-талқан етіп қиратып, түк 
қалдырмай өртеп жібергені тарихтан белгілі. Екіншіден, Сарайшық қаласының 
қайталанбас архитектуралық келбетін Мәскеу қаласына ұрлап апарып, Қызыл 
алаңды, Кремльді салған деседі. Үшіншіден, сол кезде атағы енді аспандап келе 
жатқан Қазақ хандығының бір тірегі, жүрегі болып отырған қаланы әдейілеп жер 
бетінен жойған... Алайда басқыншылардың Сарайшық қаласының атын да, затын 
да тарихтан жойып жіберуге құдіреті жетпеді. . XIII-XV ғасырларда қала Ноғай 
Ордасының, кейін қазақ мемлекетінің астанасы болғандығы айтылады.. Қадырғали 
би өз еңбегінде Қасым ханның Сарайшықта дүние салғанын, қабірі Сарайшықта 
жатқанын жазып қалдырған. Ал негізінде, исламның белгісі жарты айды 
бейнелейтін мешіттің алтын айшықты алып мұнараларына байланысты Сары 
Айшық дегеннен шықса керек. 1950 жылдары Сарайшықта қазба жұмыстарын 
жүргізген қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан қаланың қалыптасу 
кезеңін ХІІ ғасырға телісе, көне шаһар орнына 1996 жылдан бері зерттеу жүргізіп 
келе жатқан экспедиция жетекшісі, белгілі археолог, профессор Зейнолла Самашов 
та осындай тоқтамға келіп отыр. Сарайшықтан көненің көзі жәдігерлер көптеп 
табылуда. 1909 жылы жергілікті балықшылардың ауына керамикалық ірі құмыра 
ілініп шыққан. Бұл құмыраның иіні мен бүйіріндегі жазуларды ауыл төңірегіндегі 
сауатты деген адамдардың ешқайсысы да оқи алмапты. Құмыра сол кездегі 
губерния орталығы Оралдағы мұражайға тапсырылған көрінеді. Кейін әлгі 
құмыраны көрген Орал шекаралық казак әскерінің генералы Н.Дубасов деген 
офицер жазу көшірмесін Ресей археологиялық қоғамның Шығыс бөліміне 1915 
жылдың 16 тамызында жіберіпті. Екі жыл өткен соң мамырдың 12-сі күні 
генералдың атына жауап хат келсе керек. Онда құмырада көне қыпшақ тілінде 32 


125 
сөз өрнектелгені, дәлдеп аударғанда иінінде Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” 
дастанындағы:Адам көркі – жүз, 
бұл жүз көркі – көз, 
Ауыз көркі – тіл, 
бұл тіл көркі – сөз. 
Тағы көрік кісіге – 
білім мен өнер, 
Жанын құрбан етер білім үшін ер, 
- деген шумақ шыққан. Ал бүйіріндегі “Бұл күбіге көз жасын құяр болар” деп 
жазылған. Құмыра ХІІІ ғасырда күйдіріліп, дайындалған көрінедіБұл пікірді, соңғы 
жылдары қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген Республикалық 
археология институтының ғалымдары дәлелдеп отыр.кейін сарайшық қаласын 
жаңғырту мақсатында жаңа кешен салынды. Тарихи – мемориалдық кешен 
құрылысы 1999 жылы 2 мамыр күні басталып, сол жылы 3 қыркүйекте ашылу 
салтанаты болды. Сарайшықта биіктігі 17 метр болатын ескерткіш бар. Оны 1999 
жылы Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысына әкім болып тұрған уақытында 
салдырды.Кешен құрамына: 1. Хандар Пантеоны кіреді. Архитекторы, сол кездегі 
облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Бұның биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. 
Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арналып құлпытастар 
қойылған. Бұл құлпытастарға, қара мраморға жазылған хандардың аттары мен 
хандық құрған жылдары жазылған. 2. Мешіт. Мешіттің ұзындығы 13 метр, ені 
6метр 50см. Мешіттің іші толықтай жасақталып Михраб, Мінбарлар қойылған. 
Мешіт ішінде Құран, тағы басқа діни кітаптар қойылған.Әрбір жұма намазы 
өтіледі. Келушілер әуелі мешіт үйіне кіріп Құран оқытып, дұға етеді. Мешітке азан 
шақырылатын техникалық құралдар қойылған. 
3.
Мұражай.
Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған. 14 
ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған. 
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында « 

Ұлы даланың ежелгі өнер 
және технологиялар музейі «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар 
музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды 
археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспозициялары 
қойылады. »-деп айтылғандай болашақта Сарайшық қаласын Ұлы дала 
өркениетінің ошағы ретінде халықаралық туризм аймағына айналдыру басты 
максатымыз болуы керек деп ойлаймын. Біздің мақсат – бабаларымыз армандаған 
Сарайшықты тарихи археологиялық тұрғыдан әлі де зерттеп, аспан астындағы 
музей-қорық жасау. Сарайшық қаласы – бүгінде сан мыңдаған турист 
сапарлайтын қала. Өйткені әлемнің әрбір тұрғындары Алтын Орда тұсындағы 
дүниенің ең сұлу, ғажайып қаласының орнын тамашалағысы келеді. Сондықтан 
Сарайшық ескі қала орнына үлкен мемориалды кешен тұрғызып, туристік әлеуетін 
дамытсақ деген пікірлерде көп. Әлемдік туризм ошағының ордасына айналдырып, 


126 
үкіметтен, жергілікті облыс басшылығынан қаржы бөлдіріп, Сарайшық туризм 
базасын құруға болар еді Алтын Орданың ресми маңызды қаласы Сарайшық 
туризм тұрғысынан әлі де мыңдаған туристі өзіне шақырып, сан қырлы сиқырын 
ұсына алады. Ол үшін мемлекет басымдық берген Елбасының «100 нақты қадам» 
бағдарламасы аясында тұралаған Сарайшықтың туризм әлеуетін дамытып, күрделі 
жөндеуден өткізуге болады. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish