«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet129/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланған әдебиеттер: 
 
1.
Ғарифола Әнес, «Алаш орда» ,Алматы,1998,140-бет. 
2.
Нысанбаев Ә., « Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» lll том Алматы,Кітап 
баспасы ,2001, 275 бет. 
3.
«Халелдің 125 жылдығына арналған» ғылыми конференция жинағы, 2008,99- 
102бет 
4.
Сыздықоава Р.Ғ./Халел Досмұхамедұлы (таңдамалы-избранное)» 
Алматы,Ана тілі 1998, 180-183бет 
Ұ. А.Жұмабай 
Б.Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
9 «ә»сынып оқушысы 
 
 
ҚҰТТЫ МЕКЕН – ҚЫЗЫЛҚОҒАМ 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Ұлы даланың жеті 
қыры» тарихи және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру 
мақсатында өз туған өлкемді, зерттей отырып, өз туған ауылым Қызылқоғаның 
даму тарихын зерттедім. Ғылыми жобаның тақырыбы ретінде Атырау 
облысының шежіресі бай, қойнауы ырысқа толы Қызылқоға өлкесін алдым. 
Өйткені, бұл еңбекті оқи отырып, Қызылқоға өңірінің табиғаты, тарихы, 
әдебиеті, мәдениеті, шежірелері туралы көптеген мәліметтер алатындарыңыз 
сөзсіз. 
Қызылқоға ауданы 1920 жылы қазан айының 12-ісінде қарамағында 34 
болысы бар Гурьев уезі Орал облысы құрамында алғаш шаңырақ көтерген 
болатын. Аудан орталығы болып Қызылқоға елді мекені белгіленген. Ауданның 
негізгі экономикасы көшпелі мал шаруашылығы болатын. 1928 жылы 14 


247 
қыркүйекте аудандық комиссия құрылды. Осы жылдардан бастап, мал 
шаруашылығы дамыған. 1930 жылы 23 қыркүйекте Қызылқоға ауданы Доссор 
ауданына қосылды. Сөйтіп, ауданның өз алдына отау тігуінің алғашқы кезеңі 
аяқталды. Осы жылдары көптеген ауылдардың әлеуметтік жағдайының 
жақсаруына, жетілуіне жағдай жасалынбады. Мал шаруашылығын өркендету, 
оның өнімділігін пайдалануға табиғи жағдайлар пайдаланылмады. Қызылқоға 
ауданы екінші рет Ұлы Отан соғысы жылдарында 1944 жылы 11 мамыр күні 
Қаулы құрылып, ауданның қарамағына Аманкелді, Молотов атындағы 
колхоздар, «Қызылқоға», «Социал», «Коммуна», «Чакеев», «Тайсойған», 
«Алғабас» колхоздары енді.[1,12б.] 
Қызылқоға ауданы жер көлемі жағынан – 2556290 га. Көлемі жағынан 
облыста алғашқы орында. Ал жер бедері жөнінен Қызылқоға ауданының 
территориясы жазықты болып келеді. Атлант мұхитынан 2500 шақырым 
қашықта жатыр. Сондықтан да аудан табиғаты қатаң континетті болып келеді. 
Солтүстік батысын Орал үстіртінің оңтүстік беткейлері алып жатыр. Және де, 
аудан территориясында Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі жатыр. 
Қызылқоға ауданында ең көп таралған жер бедерінің бір түрі – сорлар. Олардың 
тереңдігі шамамен 10-20 м. Сорлар қар еріген кезде сай-саладан құйылып, бетіне 
шығып жатқан тұзды ерітеді. Жаз айларында құрғап бетінде тұздың жұқа 
қабыршақтары қалыптасады. Сондай – ақ сорлардың емдік қасиеттері де бар. 
Әртүрлі тұз ерітінділерінен тұратын сор балшықтарын халық буын, тері 
ауруларын емдеуге пайдаланады. Осы сордың емдік қасиеті арқылы көп адамның 
ауруына шипа болған. [1,8б.] 
Қызылқоға ауданының климаты қатаң континентті, қысы суық, алайда 
батыстан келетін ауа массасының әсерінен кейде жылылыққа ауысып отырады. 
Жазы ыстық, құрғақ әрі ұзақ болады. Күн сәулесі мол түседі. Жауын-шашын 
мөлшері – 22 мм, құрғақшылық жиі болады. Аудан щөлді, шөлейтті зонада 
орналасқандықтан сор, сортаң жерлер көп. Ақын, жырауларымыз жырлап өткен 
Тайсойған, бүйрек құмдары да осы территорияда орналасқан.[1,9 б.] 
Қызылқоға ауданының негізгі су қорлары – Ойыл, Сағыз өзендері. Ойыл 
өзенінің жалпы ұзындығы – 800 км. Мұғалжар тауынан бастау алып жатыр. 
Көктемде қар суымен деңгейі көтеріліп, жазда иірім бөлініп, тұздылығы артады. 
Басты салалары Ащы Ойыл, Кенжалы, Қайнар, Шолақсай және т.б. Ойыл 
өзенінің суы Жайыққа жетпей көлшіктерге айналады. Мал суаруға, егістікке 
қолайлы болып келеді. 
Пайдалы қазбалары: Қызылқоға ауданының тектоникалық өзгерістерінде 
жанартау, тау түзілу құбылыстары болмағандықтан пайдалы қазбалар көбінесе 
шөгінді жыныстармен байланысты. Пайдалы қазбалары мұнай және газ қоры. 
Мұнайдың толықтай зерттелуіне шөгінді жыныстардың астында жатқан 
қалыңдығы 5000-8000 метрге жететін тұз қабаты кедергі келтіруде. 


248 
Қызылқоға аудан халқының көп бөлігі қазақтар. Орыс, украин, татар, қытай 
және басқа да ұлт өкілдері бірен-саран ғана. Халықтың орташа тығыздығы 1 
шаршы шақырымға 1 адамнан келеді. Негізінен аудан көлемін 12 ата Байұлы 
рулары – Шеркеш, Беріш, Ысық, Адай, Тана мекен етеді. 
Ауданның жануарлар дүниесі өте ерекше. Жануарлардан қасқыр түрлері, 
борсық, қарсақ, қабан, қоян, киік, сарышұнақ, тышқанның түрлері көптеп 
кездеседі. Құстардан: аққу, қоңыр қаз, тырна, аққұтан, сауысқан, қарға, үкі, 
жапалақ, қарлығаш, шымшық, көкек және т.б құстар кездеседі. Ал балықтардан: 
сазан, щортан, жайын, көксерке, қызылқанат, табан, алабұға секілді балықтар 
өмір сүреді. Сондай-ақ ауданда емдік қасиеті бар шөптер өседі. Оларға 
адыраспан, қызыл мия, ақбас жусан жатады. Малға жем ретінде қара бидай, сұлы, 
тары егіледі. 
Әр ауданның экологиялық жағдайы, проблемалары болады. Қызылқоға 
ауданының басты проблемасы: Тайсойған полигоны. Тайсойған полигоны – 
ауданның 750 мың га жерін алып жатыр. Бұл жер 1952 жылдың сәуір айында 
КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен әскери мақсатқа берілді. Полигонды 
стратегиялық мақсаттағы ракета әскері мен әуе соғысы күштері пайдаланды. 
Аудан тұрғындарының барлығы дерлік полигонда орналасқан. Сондықтан аудан 
тұрғындарының денсаулығы аса күрделі жағдайда тұр. Әйелдер анемиясы, 
балалардың кеміс болып дүниеге келуі, жүрек, қантамыр аурулары, қатерлі ісік 
аурулары, өкпе ауруы көптеп таралған. Экологиялық жағынан қолайсыз 
қоршаған ортаға зиянды заттар шығару көрсеткіші ауданда өте жоғары. Сондай 
– ақ Тайсойған құмдарында орналасқан отарларда мал шығыны көбірек 
кездеседі. Жарылыс болған жер аумағында өскен өсімдіктерде ерекше өзгеріс 
болған. Топырақ, ауа, су белгілі бір дәрежеде ластанып бүлінген. [1,11 б.] 
Өлкеміздің ұлы тұлғалары. Ауданымызда мақтанышпен айтатын, бетке 
ұстар ұлы тұлғалар өте көп. Оларға Қалидолла Ізекенов, Аманқос Сабыров, 
Халел Досмұхамедұлы, Қалыбек Құлмағанбетов, Серік Сабытаев және т.б. Бұл 
кісілер ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып, адал жұмыстарын атқарған. 
Және де әні мен жыры арқылы, өлеңдері арқылы ауданымыздың атын шығарған. 
Мәселен, Қ.Құлмағанбетовтың «Топырағыңнан айналдым Қызылқоғам» әні, 
А.Сабыровтың «Миялы», «Ойылдың құба талдары», «Боз төбе»өлеңдері, 
Қ.Ізекеновтің «Жарып шыққан», «Тайсойған» өлеңдері. Ал өлкеміздің 
жанашыры, қолдаушысы С.Сабытаев өзінің қысқа ғана ғұмырында өсіп келе 
жатқан балаларға арнап алғаш рет өнер мектебінің кірпішін қалаған болатын. Өзі 
осы өнер мектебінде сырнайдан сабақ берген болатын. Халықтың қалаулысы, 
елеулісі болған. Отан үшін, туған өлкесі үшін қолдарынан келгеннді жасаған. 
Ұлы тұлғаларымыз - мәңгілікке жадымызда![2,8б.] 
Тарихы тереңге жайылған, шежірелі, қасиетті Құтты мекен – Қызылқоғам. 
Қызылқоға тарихын, әдебиетін осы құтты мекенде тұратын әрбір жан білуге 
міндетті. Бірақ, қазіргі таңда көп адам біле бермейді. Сол себепті, мен осы 


249 
тақырыпты таныстырып, дәріптеу үшін ғылыми жобаның басты тақырыбы 
ретінде алдым. Осы тақырыпты барлық жағынан қамтыдым деген ойдамын
сондай – ақ барлықтарыңызды отансүйгіштікке, туған жерді қастерлеуге 
шақырамын! 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish