Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Жетібай №3орта мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Шонтыбаева Гүлшара
Сабақтың тақырыбы: 12 - сәуір Ғарышкерлер күні
Сабақтың мақсаты:
1) XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
2) Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
3) Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ғарышкерлер суреттері, Байқоңыр – ғарыш айлағы суреті, планеталар суреттері
Кіріспе: Армысыздар ата - аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Ақжүніс Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.
Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отарды.
Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.
Аты әлемге тарап атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылды. Тіпті топтарының атын өзгерткен де әншілер болды. Ғарыш күніне ойластырып әртүрлі Ашықхаттар әзірленді.
Fарышқа ұшу
Бекзат Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ ол қолдан келместей көрiнетiн. Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты. Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар Әубакiров. Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз.
1991 жылы Тоқтар Әубакiров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7тәулiк 22сағат, 12минут, 40секунд ғарыш кеңiстiгiнде болған Тоқтар Әубакiров тұнғыш қазақ ғарышкерi атанды.
Касым Аманжолов
Жандос Ұшқыш болғым келедi
Көңiлi – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнiмен аспанның
Әзiлдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келедi!
Ақүміт Күнге күлiп, күй тартқан,
Айға әнiн тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келедi!
Сара Мұздай болат киiнген,
Батпан қару үйiрген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйiлген
Ұшқыш болғым келедi!
Самат Таңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш болғым келедi!
Қуандық Ар, намысын ақтаған,
Жүрекке сыр жаттаған,
Туған елiн - ұясын,
Жан - тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келедi!
Ұшқыш болмай немене,
Куат бiттi денеме!
Қанатым бар қайыспас,
Ұшқыш болғым келедi!
Альбина Қазақстандағы Байқоңыр айлағының құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жылы пайдалануға берiлдi. Ғарыш айлағын салуға адам сирек орналасқан және өндiрiс орындарынан қашық, Алматы - Мәскеу темiр жолының Кызылқұмнан өтетiн аймағы таңдап алынды.
Байқоңыр ғарыш айлағынан дүние жүзiнің түрлi мемлекеттерінен 150 - ден астам ғарышкерлер ғарышқа сапар шектi. Олар түрлi ғарыш апаттары арқылы ғарышты, шағын планеталарды зерттедi. Осы жерден”Космос”,”Протон”т. б. жердiң жасанды серiктeрi ұшырылды. Бейбiт мақсатта ғылыми жұмыстар жүргiзiлдi.
Казiргi кезде Байкоңыр халықаралық ғарыш аймағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Франция, Үндiстан, т. б. мемлекеттердiң ғарышкерлер мен ғарыш кемелер ұшырылды.
1963 жылы 16 - шiлдеде тұңғыш әйел ғарышкер, орыс кызы Валентина Терешкова ұшты.
Ғарыш кемесi ұшырылатын ғарыш аймағы Қазақстан жерiнде Байқоңырда орналасқан.
Олжас Сүлейменов
Аймира Тұңғыш ғарышкер
Жазира бар ма мына далама тең!
Ғарышқа сол даламды ала кетем.
Аспанның сәуiрдегi сан жолында
Ақ жолы Гагариннiн ала бөтен.
Осы жол қайқаң етiп
Аспанға бiр
Атылған асқақ шыңдай
Асқанда қыр,
Сақина жасап ұшып
Мұзбалақтар,
Қонады төңiректi басқанда iңiр.
Сұлыухан Ел де - ана,
Тарих та - ана,
Өлең де - ана,
Анамыз - мынау байтақ ғалам - дала.
Есiмi Бостандықтың,
Табиғаттың –
Бәрi ана,
Анаң барда алаңдама!
Салбырап парашютте ноқат – денем,
Ақырын
Жер – Анаға тақап келем.
Тамаша!
Шырқап келем,
Жырғап келем!
Немене опат деген!
Апат деген!
Ақдидар Қайран, Жер!
Қадiрлi ана!
Аяулы ана!
Калықтап келiп қалды - ау таяу балаң.
Өскен жер,
Басқан жерiм,
Туған өлке
Қондым кеп көгалына баяу ғана.
Бас иiп, ғарышың мен көгiң демде,
Оралдым,
Жүзiм жарқын,-
Көңiлден де! -
Оралдым жеңiспенен,
Жатты Жерiм
Мәз болып перзентiнен жеңiлгенге.
Салқында,
Сабаңа түс,
Қызған каным!
Көк иiскеп жата кеттiм,
Қызғанбағын!
Тұра тұр,
Қаусырмасын парашюттың
Ағытып жiберейiн,
Қызғалдағы
Ән» Біз косманавт боламыз»
Бекзат Жұлдыз - газдан тұратын аспан денесi. Ол өз куаты нәтижесiнде өзі жарық шығарады. Бiрнеше мың градус температураға дейiн қызып тұрған аспанның жарық денесi. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.
Бекслан Күн - Балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн мен жердiң ара қашықтығы 150 млн. шақырым. Күннiң бетiндегi температура – 6000 мың градусқа тең. Күннiң жылуы мен жарығы адам, өсiмдiктер, жануарлар үшiн өте қажет. Күннiң төңiрегiнде Жердi қоса есептегенде 9 iрi аспан денелері айналып жүредi. Олар ғаламшар (планета) деп аталады.
Балжан Ғаламшарлар - адасушы жұлдыз деген сөз. Ғаламшар – өздiгiнен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздiгiнен жарық шығару мүмкiншiлiгi жоқ, күн сәулесiнiң шағылысуынан жарқырап тұрады.
Ақылбек Шолпан – Күннен 108 млн. шақырым қашықтықта орналасқан 2 - шi ғаламшар. Аудан жағынан Жерден сәл кiшi. Күндi 225 тәулiкте айналып өтедi. Шолпандағы температура +464 градус. Мұнда бiрде бiр мақұлық өмiр сүре алмайды.
Альбина Марс – 4 - шi ғаламшар. Оның диаметрі Жерден 2есе кiшi. Күндi 687 тәулiкте айналып өтедi. Марстың 2 серiгi бар – Фобос және Деймос. Серiктер Марсты айнала қозғалумен қатар Kүндi де Марспен бiрге айналып өтедi.
Жандос Юпитер - Күн жүйесiндегi 5 - шi ең үлкен ғаламшар. Диаметрі жағынан Жерден 11, 5 есе үлкен. Күндi 11, 9 жылда айналып өтедi. Юпитердiң 16 серігi бар. Соның iшiнде Ганимед Күн жүйесiндегi ең үлкен серiк.
Есбол Сатурн – 6 - шы ғаламшар. Ғаламшардың ерекшелiгi сансыз көп тастардың кесектерiнен, мұздан және шаң - тозаңнан тұратын жалпақ жарқыраған сақина тәрiздi болып келуi. Диаметрі Жерден 9, 5 есе үлкен. Күндi 29, 5 жылда айналып өтедi. Айналасында 17 серiгi бар.
Әсел Уран – 7 - шi ғаламшар 18 ғасырда ашылған. 1781 жылы нeмiс астрономы Вильгелм Гершель ашты. Оның күннен алыстығы соншалық, күннен бөлiнiп шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады. 15 серiгi бар. Күндi 84 жылда айналып өтедi.
Ақжүніс Нептун – 8 - шi ғаламшар. 1846 жылы ғылымға белгiлi болды. Оны француз Урбен Леверье жаңа ағылшын Джон Адамс ашты. Құрылымы жағынан уранға ұқсас.
Мөлдір Плутон – Күн жүйесiндегi ең кiшкентай және ең алыста орналасқан ғаламшар. Күннен 6млрд. шақырым қашықтықта орналасқан. Күндi 247, 7 жылда айналып өтедi. Ғаламшардың жалғыз серiгi Харон 1930 жылы американдық астроном Клайд Томбо ашты.
Аймира Камета – Құйрықты жұлдыз. Тастардан, шаң - тозаңдардан араласқан алып мұздардан тұрады.
Нұрдәулет Жер - Күннiң санағындағы 3 - шi ғаламшар. Күннiң айналасындағы өзiнiң жолын жер секундына 30 км жылдамдықпен өтедi. Жер бетiнiң жалпы ауданы 510 млн. км. кв. оның 70%- ы су, қалған 29%- iн құрлық алып жатыр.
Қарақат Ай – жердiң табиғи серiгi, оған ең жақын аспан денесi. Ай – бiздiң ғаламшарымыздың жалғыз серiгi. Айдың диаметрi жердiкiнен 4 есе кiшi. Сағатына 28000км жылдамдықпен ұшатын ғарыш кемесiнен Айға 13сағат 43минутта жетуге болады. Күн және оны айналып жүретiн ғаламшарлар мен олардың серiктерi күн жүйесiн құрайды. Сансыз жұлдыздардың жарқырап көрiнетiнiн және көрiнбейтiнiн жинақтап адамдар ғарыштық кеңiстiк деп атайды. Ғарыш кеңiстiгiнде шек жоқ. Ғарыштағы қашықтық өлшемi үшiн көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бiрлiк ретiнде алынады. Жарық секундына 300 мың км. жылдамдықпен таралады. Ол жерге Айдан 1, 3 секундта, Күннен 8 минуттан астам уақытта жетедi.
Ақылбек Бiздiң өмiр сүретiн ортамыз - Жер плaнeтасы. Ғарыш әлемiн көру үшiн зымыранмен ұшу кажет. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлемiндeгi өзгерістердi суретке түсiрiп зерттейдi. Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киiмдер киедi. Скафандр деп аталатын киiм - ғарышқа ұшуға лайықталған киiм.
Әлемдегi тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихына тұңғыш рет ғарышқа жол салды.
Балжан 2 - ші бөлiм; Тұңғыш қазақ ғарышкерлерi.
Алыста туып өскен бала жатты
Зымырап көктi тiлiп бара жаттым.
Менiреу, мылқау әлем ортасына
Арманын алып келдiм адамзаттың,
Мен, адал азаматпын!
Ей, жарандар, қарандар
Космостан бар досқа!
Әлемге сәлемдi жолдаймын,
Тыныштықты, тыныштықты қорғаймын.
Мөлдір Жер - Ана, неткен көркем ыстық едiң,
Есiме Ұлы Отаным түстi менiң.
Жасампаз жұртым жебеп тұрған кезде
Қашанда батыл да - мен, күштi де - мен.
Есiме түстiң, елiм
Көңiлi бар халықтың көкте бүгiн,
Алыстан айбынды үнi жеттi елiмнiң,
Жар салар ‘тату бол’деп бар әлемге
Отанның бейбiтшiлiк кептерiмiн.
Әлемге жеткен үнiм.
Жандос Жерге ең жақын жұлдыз - Күн.
Оның төңiрегiнде iрi аспан денелерi планеталар айналып жүредi.
Есбол Планеталар – өзiнен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгi аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрiнедi. Планетаның олай көрiнуi бетіне түскен күн саулесiнiң шағылысуынан.
Өз кезегiнде планеталардың төңiрегiнде олардың серiктерi айналып жүредi. Жердiң серiгi – Ай.
Күн және оны айналып жүретiн планеталар мен олардың серiктерi Күн жүйесiн кұрайды.
Әсел Күн жуйесi - Әлем кеңiстiгiнiң немесе Ғарыштың бiр кiшкене шағын мүйiсi ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесiне кiредi. Әлемде ондай галактикалар тым көп - миллиондап саналады.
Бекзат Ғарыштың құрамдас бөлiктерiне; жұлдыздық жүйелер - галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдiк бос кеңiстiктер, әлемдiк шаң - тозаң мен газ шоғырлары, әлемнiң түкпiр - түкпiрiнен тасқындап таралатын түрлi сәулелер жатады.
Жер де Әлем денесi. Оның әлемдегi орнын қысқаша былай өрнектеуге болады;
1. Жер шары.
2. Күн жүйесi.
3. Галактика.
4. Галактикалар тобы.
5. Әлем [Ғарыш].
Перизат Ғалымның жолы - ғажайып!
Ғибрат сабақ алайық
Ғұмыр бойы iзденiп,
Ғанибет алу - жаңалық.
Ғылымға құмар қалпыммен
Ғарышкер болсам, бәлкiм мен;
Ғұмырлы қазақ елiнiң
Ғарышқа жояр салтым кен…
Нұрдаулет Тоқтар Әубәкіров Оңғарбайұлы 1946 жылы маусымның
27 - інде Қарағанды обылысы Қарқаралы ауданы, 1 - нші май Ұжым шарында дүниеге келген, Қазақ, жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы,
Профессор, академик, авиация, генерал - майоры.
Ол 1991жылы 2қазанда Байқоңыр алаңынан Союз Тм - 12 ғарыш кемесімен ұшып Мир орбиталдық комплексіне өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді: 1991ж қазанның 10 - ында ғарыш кемесімен жерге қайтып қонды. Ғарышта жүрген уақыты - 7күн 22сағат 13минут.
Перизат Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты алып ұшқан.
Есбол 1994 жыл ғарышқа 1рет ұшқанда 126 күн ғарышта өткізген.
Ақылбек 1998 жылы ғарышқа 2 - нші рет ұшқанда 208 күн ғарышта өткізген
Ақжүніс 2001 жылы ғарышқа 3 - нші рет ұшқанда 8 - күн ғарышта өткізген.
Космос корабьдерінде тамақтар тюбиктерде сақталады.
Ақылбек Сазарып жатса Сарыарқа,
Бетпаққа оны балама.
Шыңдарға жарық ғарышын
Жақын боп шықты далама.
Өкпелей берме өткенге,
Ұғып қой, ұрпақ бақытты.
Түн болса бабаң ғарышқа
Түнектен карап жатыпты.
Адамның киялы осылай
Аспанға ұшып әрi ұшты.
Қазақтың жерi ақыры
Қақпасы болды ғарыштың.
Есбол Ғарышкерлер мекенi -
Қазақ жерi Байқоңыр
Қай жер саған жетедi,
Ғажап жерiм Байқоңыр,
Айналады ол бiр сенен,
Есiмiңдi бiлсе әлем.
Ғарышқа ұшкан қазақтың
Тұңғышына бiр сәлем!
Әсел Токтар деген ағаның
Даңқы көкке самғаған.
Токтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам – жан ағам,
Бұрыннан да ер едi.
Менiң батыр ағадан
Аумай қалғым келедi.
Бекслан Көкке ұшамын,
Ұшкыш болар баламын,
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның.
Айға ұшты ағамыз,
Қандай жүйрiк кемесi!
Жұлдызға бiз барамыз
Кемелермен келесi.
Ғарыштың құрамдас бөлiктерiне;
Жұлдыздық жүйелер – галактикалар;
Олардың аралықтарында бос кеңiстiктер;
Әлемдiк шаң – тозаңмен газ шоғырлары;
Әлемнiң түкпiр – түкпiрiнен тасқындап таралатын түрлi сәулелер.
Жердi қоршаған бүкiл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
Тоқтар Әубәкiров – алғашқы қазақ ғарышкерi, Кеңес Одағының батыры, КСРО – ның еңбек сiңiрген сынақшы – ұшқышы, 1991 жылы 1 қазанда Ғарышқа зерттеушi ғарышкер ретiнде ұшты.
Юрий Гагарин – тұңғыш ғарышкер. Ғарышқа 1 - шi болып барып қайтқан Кеңес Одағының азаматы, ғарыштық сапарына 1961 жылы 12 сәуiрде ұшты.
Талғат Мұсабаев – ұшқыш ғарышкер. Қазақстан Халық Қаһарманы. 1994, 1998, 2001 жылдары халықаралық ғарыш экипажының командирi ретiнде 3 рет ғарышқа ұшты.
Қорытынды,
Казiргi кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Аз ғана уақытта Жер төңiрегiнде екi мыңға жуық жасанды серiк ұшырылды. Солардың iшiнде адам ұзақ уақыт тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргiзуге арналған орбиталық стансалар да бар.
Ғарыш құрал - жабдықтары Жердiң табиғи серiгi - Айды да зерттей бастады. Автоматтардың көмегiмен адамдардың қатысуынсыз - ақ Айдың топырақ үлгiсi алынып, Жерге жеткiзiлдi, бедерi суретке түсiрiлдi. Адам Айға тiкелей барып та кайтты. Автомат станциялар Күн жүйесiнiң алты планетасына жiберiлiп, олар тұралы ғылыми деректер алынды. Жердiң жасанды серiктерi халық шаруашылығына үлкен кызмет көрсетедi. Ғарыштан түсiрiлген суреттер ауа райын күн iлгерi болжауға, аса апатты кұбылыстардан [сұрапыл дауыл кұрғақшылық] алдын ала сақтануға мүмкiндiк бередi.
Жасанды серiктер аркылы телехабарлар берiледi, алыс жерлермен радио телефон байланыстары жүргiзiледi. Олар жердiң iшкi құрылысын зерттеуге, дал географиялық карталар жасауға пайдалы қазбалар iздеуге, егiннiң шығынан өлшеуге тағы көптеген жұмысқа кеңiнен пайдаланды.
Дария Байкоңыр
Ғарышкерлер мекенi -
Қазақ жерi Байкоңыр.
Кай жер саған жетедi,
Ғажап жерiм Байкоңыр!
Е. Ерботин
Мақал - мәтелдер
Ойын «Ғарышқа саяхат»
Қаражорға биі
Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар аударғандарыңызға көп - көп рахмет! Сөз кезегі ата - аналарға және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өмірбаева Бибігүл апайға беріледі.
Do'stlaringiz bilan baham: |