«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet43/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Тіршілік дүниесі 
Тау беткейлерінде бұта аралас бұйырғын, тасбұйырғын, адыраспан, боз жусан 
тағы басқа шөлді белдемнің өсімдіктері өседі. Иманғара өңірі жазғы 
жайылымдық өлке. 
Бұйырғын
-алабұта тұқымдасына жататын бұта, бір жылдық немесе көп 
жылдық өсімдіктер. Қазақстанның қуаң дала және шөлейт өңірлерінде 17 түрі 
кездеседі. Бұйырғын Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінің аралығында, 
Үстіртте, Маңғыстау түбегіде, Бетпақдалада, Мырзашөлдің сазды шөлдерінде 
өседі. Сондай-ақ осы аймақтардың тақырында да кездеседі.Сирек кездесетін 
эндемик түрлері: Сырдария бұйырғыны, Торғай бұйырғыны және гипсті 
бұйырғын. Бұйырғынның сабақтары бунақты, бытыраңқы келеді, жапырақтары 
жетілмеген, тікенге ұқсас, көбіне қабыршақ сияқты. Гүлі қос жынысты, бес 
мүшелі, гүлсерігі бар. Жаз бойы гүлдейді. Көп тараған түрінің бірі 
-
сортаң бұйырғын- шөлді аудандардың тегіс жерлерінде, кейде аласа тауларда 
өседі. Оның бір жылдық өркендерінде 7,1 - 14,8% протеин, 18,2 -31,0% күл, 11,7 
-
26,0% клетчатка, 1,5 - 3,2% май болады. Бұйырғынды сиырдан басқа мал жақсы 
жейді. Бұйырғын өсетін жердің гектарынаннан 1,5-4,6 центнер құрғақ шөп 
алынады. Ол – құрғақшылыққа, сортаң топыраққа төзімді өсімдік, тұздылығы 
45% топырақта да өсе береді. 
Дәрілік шикізат және азық ретінде өсімдіктің жас, балауса бұтақшаларын 
күз 
кезінде 
жинап 
алып, 
көлеңкеде 
кептіріп, 
құрғақ 
жерде 
сақтайды.Бұйырғынның дәрілік шикізаты малдың азыққа тәбетін ашады, асқазан 

ішектің жұмысын жақсартады. Бұйырғынды қалың өсетін жайылымдарда қой, 
ешкі және жылқы тез қолданады. Жаздың бас кезінде бұйырғынды тек түйе ғана 
жейді. Ал ірі қара бұйырғынды жемейді. Оларды дәрілік мақсатпен де беруге 
болмайды. Дәрілік мақсатпен бұйырғын тұнбасы 1:10 қатынаста жасалып қойға, 
ешкіге – 150–200 мл, жылқыға – 250–300 мл, түйеге – 500–700 мл мөлшерінде 
күніне үш рет ішкізіледі. Бұйырғын өсетін жерлерде оған ұқсас күйреуік, 
домалатпа сораң деп аталатын өсідіктер өседі. Олардың 
азықтық құрамы бұйырғынға ұқсас болады.Сортаң және сұрқоңыр топырақты 
жерлерде, сондай – ақ тақыр жерлерде бұйырғынның бір өзі және көкпек, ит 
сигек, жусан араласып өскен жайылымдар болады. Жаз айларында өсімдіктің 
құрамында тұздың көп болуына байланысты қой оны нашар жейді. Бұйырғын 
өсетін жайылымдарға күз, қыс айларында  қой  және түйе жайған өте пайдалы 
[2, с 27]. 
Емдік қасиеті. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы 
мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның 
құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік 
тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын 


66 
емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын 
ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға 
ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен 
жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен 
алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске 
пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), 
дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін 
жинап, кептіріп сақтайды. 
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып 
аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай- 
ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін 
адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел- 
құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, 
жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды


67 
адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, 
жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап 
ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық 
меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді [3, с 103]. 
Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап 
жазылатынын байқаған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу 
үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады. 
Қолданылуы 
Мал дәрігерлігі практикасында адыраспанның тұнбасымен малдың 
қышыма қотырын, түрлі тері экземаларын емдейді. Тұнба 1:10 қатынаста 
жасалынады. 200 – 300 грамм ұнтақталған адыраспен шөбі қайнаған 2,5 - 3 литр 
жылы суға салынып, 1,5 – 2 сағат бойы тұндырырылады. Содан кейін оны 
бәсеңдеу отқа қойып, 2 – 3 минут қайнатып алады.Жылы тұнбаны малдың 
қышыма, қотырына жағып, сондай – ақ оны жуып емдейді.Әдетте адыраспанмен 
ірі қара, жылқы, ешкі қышымаларын , экземаларын. Қойдың қотырын емдеуге 
сирек қолданылады. Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, онымен малды 
емдеген кезде де сақ болған жөн. 
Битум 
(лат. 
bitumen 
— тау шайыры) — жер қойнауында қатты, тұтқыр 
сұйық және пластикалық күйде жататын көмірсутектік шикізат. 
Битум жоғары молекулалық көмірсутектер мен гетероатомдық 
(оттекті, күкіртті, азотты, т.б.) қосылыстардан тұрады. Генетикалық тұрғыдан 
битумға мұнай, табиғи жанғыш газдар, газ конденсаты, сондай-ақ, мұнайдың 
табиғи туындылары (мальталар, асфальттар, асфальтиттер, кериттер, гумино- 
кериттер, озокериттер, антраксолиттер) және олардың аналогтары (нафтоидтар) 
жатады. 
Битум Таяу Шығыста битум зонадан 3000 ж. бұрын байланыстырғыш, 
құрылыс материалы ретінде және бальзамдау (Ежелгі Мысырда) үшін 
пайдаланылған. 15 ғ-да Перуде инктар битумды қолданып жол салған. Битумның 
тығыздығы 0,96 — 1,5 г/см
3
, 35
o
С-тан жоғары температурада жұмсара бастайды. 
Битум құрылыста (автомобильдың жол төсемі, рубероид, т.б.), электр 
өнеркәсібінде (оқшаулауыш, тотығуға қарсы жабынды), медицинада кеңінен 
қолданылады. Битумның дүниежүзінді өндірісі жылына 120 млн. т-дан асады 
(1996) [4, с 154]. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish