«МЕНІҢ ӨЛКЕМ - САҒЫЗ АУЫЛЫ»
Әркімге өзінің туып өскен ата мекені, кіндік қаны тамған туған жері
қымбат. Әрбір отбасының өмір сүруі, өсіп өркендеуі, бақыт қуанышы туған
жеріне байланысты. Сондықтан да қазақ халқының «Әркімнің туған жері –
Мысыр шаhары» деп ой қорытуы тегіннен тегін емес. Менің туған жерім Атырау
облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы. Сағыз кентінің ежелгі аты –
Қарақияқты. Бұл өңірді ел ерте жайлаған. Маңғыстау өңіріндегі адайлардың жаз
жайлауы болған. Кейін азғана адайлар көшіп қонғанмен жер өңдеушілер
серіктестігі,артель кезінде ғана 1920 жылдан бастап ел қоныстана бастаған.
Мұнда ел негізінен Гурьев – Қандағаш теміржолының отбасылары мекендеген.
Міне, бұған да 70 жылдан асып кетті. Елді мекен табиғаты әсем Сағыз және
Ноғайты өзендерінің қиылысқан жерінде орналасқан. Кейінен елді мекен мен
теміржол стансасы Сағыз өзенінің атауымен аталды. Жері құмдауыт, ауа – райы
қатал өңір. 1961 жылы осында тұңғыш ұйымдасқан Ленин атындағы кңшардың
орталығы қоныстанып, селоның көлемі ұлғая түсті. Бүгінде Қызылқоға
ауданындағы ең ірі селоға айналды. Ондағы елдік еңбек дәстүрі атадан балаға
жалғасып келеді. Бұл өңірде адайдың белгілі ақындары Нұрым мен Ақтан жатса,
қуғын сүргін зұлматының құрбаны болған Закария Сағындықовтың, Абдолла
Хазірет ұрпақтарының, Жанұзақ қажының, Тәжі Вхун, Әшір Ахунның ата –
қонысы орналасқан. Ауылдан 10 шақырымдай қашықтықтағы – Шибұлақта осы
256
өңірде нұрын шашқан Жаналыұлы Абдолла Хазіреттің көк мешіті тұрғызылып,
талай қрпаққа имандылық тағылымын берген. Осы Сағыз ауылында Сағыз өзені
бар. Мені осы Сағыз өзені туралы материалдар жинап, өз туған жерімнің тарихын
зерттеу өте қатты ұнады. Енді алдымен Сағыз өзеніне сипаттама беріп өтейін.
Ұзындығы 511 км, су алабының ауданы 19 400 км
2
, су алабы Каспий теңізі, су
ағысы бастауы Мұғалжар тауы, сағасы Каспий теңізіне 60-70 км жетпей сіңіп
кетеді. Географиялық орны: Елі Қазақстан, аймағы Ақтөбе, Атырау облыстары
жерімен ағады. Сағыз - Каспий алабындағы өзен. Гидрологиясы: Жоғары
ағысында арнасы тік жарлы, тар, ортаңғы ағысында аңғары 5-15 км дейін
кеңейеді. Төменгі ағысындағы аңғары енсіз. Ұзындығы 10 км – ден аспайтын 100
ге жуық саласы бар. Ірілері: Дауылды, Ащысай, Ноғайты, Топырақшашты,
Жарлы, Мұқыр, Бұрмасай. Жауын – шашын суымен көп жылдары Каспий
теңізіне дейін жетеді. Наурыз – Сәуір айларында тасиды. Суы көктемде тұщы,
жазда кермек. Ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Сағыз темір жол
стансасы тұсында 3,2 м³/с, орташа ең үлкен көрсеткіш - 4 5 м
3
/сек, орташа
жылдық ағын 118 млн. м
3
, төменгі ағысында, Тентексор елді мекенінің
тұсындағы құмға сіңіп жойылатын жерінде, ағынының көлемі 30-40 млн. м
3
-ге
дейін азаяды. Каспий маңы өзен-көлдерінің көпшілігі сияқты, Сағыздың суы да
минералданған: суы мол кезеңде оның минералдану дәрежесі 700-900 мг/л т, су
деңгейінің төмендеуі кезеңдері аралығында 2000 мг/л-ге дейін жетеді. Жылына
Сағыз 300 мың т тұз алып өтеді. Тұздың осыншама көп мөлшерде болуы өзен
түбінің, өзен түбі суының және төңірегіндегі топырақтың тұздануына әкеліп
соқтырады. Жазда Сағыз өзенінің суы ауызсу ретінде пайдалануға да, мал суаруға
да жарамсыз, ашқылтым. Тек қана кектемгі су тасу кезінде және жаздың алғашқы
айларында суы әжептәуір тұщыланады. [1][2].
257
Сағыз өзенінің екі жағында, селоға таяу Түкті ата мен Алып ана кесенелері тұр.
[3] Тобанияз ханның мекені – Буракөл, жер жәннаты Наршөккен мен
Былқылдақты , Аққұдық, Ақшелек, Қоңыраулы, сонау Кенбайға дейін осы
окрукке қарайды. Енді осы Сағыз өңірінде сағыз өсетін болған. Сонда Сағыз
селосы деп аталуының өзінде бір ғажап сыр бар.олай болса осы Сағыз өңіріндегі
өсіп шығатын сағызға тоқталып өтсем. Жерсағыз, құмсағыз (лат. Chondrilla) –
астралар тұқымдасына жататын көнжылдық, кейде екі жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда шөл – шөлейтті, құмды жерлер мен жазық далада өсетін түрі бар,
соның ішінде ірі жерсағыз (Ch.macra), мойынқұм жерсағызы (Ch.
Muiunkumensis), Боссэ жерсағызы (Ch. Вosseana). Биіктігі 30-100 (150) см дей.
Бұтақты сабағын түк басқан. Жебе тәрізді сүйір жапырақтары кезек орналасады.
Сары түсті, қос жынысты гүлдері себетгүлшоғырына топталған. Тұқымынан
көбейеді. Маусым – қыркүйекте гүлденіп, қазан айында жемісі піседі. Тұқымы –
ұзынша жолақты дән, оның үшында қалың түкті айдарлары болады. жерсағыздың
тамыры мен сабағында ақ сүті болады, одан кепкеннен кейін сағыз алынады. Жер
сағызы торғай өлкесінде де өседі. Оны ол жақтың қазақтары құмсағыз деп
атайды. Қорытындылай келе мен өз мекенімді жайлы, топырағы құнарлы,
берекелі мекен дегім келеді. Сағызымда киелі кесенелер, мешіттер, және Сағыз
деген атымен қызықтыратын сағыздың өсетіндігімен қызықты дегім келеді.
Түйін.
Бұл баяндамада Сағыз ауылының қысқаша тарихы және Сағыз өзенінің
сипаттамасы, орналасуы, географиялық орны, гидрологиясы, сонымен қатар осы
Сағыз ауылында өсетін Сағыз өсімдігі туралы мағлұматтар берілген.
Вывод
В этом докладе говорится об истории села Сагиз и дается краткое описание
местоположение, географическое место, гидрология реки Сагиз, а также даются
сведения о растении Сагиз, произрастающем в этом селе.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
2.
Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы"
Қоғамдық қоры, 2005.
3.
«Мұнайлы астана» газеті. 2008ж
4.
«Еділдің бойы ен жайлау»
258
Do'stlaringiz bilan baham: |