Д. Ж. Жетібай
Сағыз орта мектебі КММ, 7 сынып оқушысы
Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы
САҒЫЗДЫҢ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ
1941 жылдың 22 маусымы – біздің тарихымыздағы ең қайғылы күн, Ұлы
Отан соғысының басталған уақыты. Ұлы Отан соғысының төрт жылы- 1418 күні
мен түні - халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Бір күшке жиналған орыс
пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас
қамал болып жұмылып, өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін
жанын қиды.Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды. Ең алдымен
Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген
өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын етіліп қайта құрылды.
Сонымен қатар майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан
көптегенкәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220-
ға жетті. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға
айналды. Майданда қолданылған барлық оқтың 90%-ы Қазақстан жерінде
өндірілген қорғасыннан жасалды. Қазақстан жерінде яғни тылда негізінен кәрі
адамдар, әйелдер және балалар жұмыс жасады. Жер жыртып, егін егіп, мал өсіріп,
одан өндірген өнімді майданға жөнелтіп отырды. Өте қиын кезең болды. Бірақ
еш мойыған емес. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл
шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға
жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара
атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау
барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн.
пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн.
пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы
бестен, кешкі 22.00-ге дейін ұзартқан. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп,
бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде
сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін,
барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер,
қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі
жоғары.
Ел басына түскен қиын-қыстау шақта тылда қара жұмысқа жегілген кешегі
бозбалалар – бүгінде бір әулеттің ақ сақалды атасы, шежірелі қазынасы. Кеуелов
Толтыр – Сағыздық тыл ардагерлерінің бірі.Толтыр атамыз 1915ж Жылой жері
Прорва елді мекенінде дүниеге келген. Ол миллиондаған адамның өмірін қиып,
бейбіт өмір сүріп жатқан қаншама отбасын бақытсыздыққа душар еткен сол бір
сұрапыл соғыс басталған кезде 26 жаста болатын. 1936-1938жылдары елдің
экономикасын көтеру, Доссор, Қосшағыл, Байшонас тағы басқа жерлерден
239
шыққан шикізат- мұнайды тасымалдау үшін Қандағаш – Мақат тар табанды
темір жол желісі салынды. Алғашқы темір жолдың салынуына жергілікті
тұрғындармен бірге Толтырда қатынасып, өгіз ат арбаларымен құм тасып, темір
жол табанына тиеді. Кейіннен осы жергілікті тұрғындардың көпшілігі
теміржолшы болып,сол кездегі жұмысшы табын қалыптастырды. Ол 1941-
1945жж әскер қатарынан броньмен қалдырылып Гурьев (қазіргі Атырау)
қаласында 1942жылы Гурьев вагон депосы құрылуында басы қасында
болды.Вагон депосының құрылғандағы негізгі мақсаты сол жылдары майданға
тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдері және тағы басқа материалдарды
таситын вагондарды жөндеу, тексеруден өткізу үшін құрылды. Құрама
қатарындағы вагондардың жол бойы жағдайын тексеріп тұру,жұп доғалақтарды
майлап отыру,жүктердің қауіпсіздігін сақтау үшін Гурьевтен бастап әр жерлерге
вагон қарау, тексеру пункттері ашылып, сол мекемелерге жұмысшылар алып,
поездардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды құрама қатарындағы вагондардың
жол бойы жағдайын тексеріп тұру,жұп доғалақтарды майлап отыру,жүктердің
қауіпсіздігін сақтау үшін Толтыр өз үлесін қосып аянбай еңбек етті.Майдандағы
әскерлерді киім-кешек ,азық-түлікпен, басқада қажетті керек жабдықтармен
қамтамасыз ету мақсатында вагондардың жүріп тұруын қадағалап аянбай тер
төкті.Кешегі сұм соғыстың зардабын артқан атамыз Толтыр Ұлы Отан соғысы
аяқталған соң, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге атсалысып
темір жол саласында жәй жұмысшыдан Сағыз ПТО басшысы болып 1958жылдан
1975жылға дейінгі аралықта қызметте болып 2001 ж дүниеден озды. Тылдағы,
бейбіт өмірдегі қызметіне орай Үкімет тарапынан берілген мақтау-марапаттар –
«Еңбек ардагері» медалі, мерейтойлық медальдары құрметпен табысталды.
Абатов Сисембай(1932 ж. Т., Былқылдақты ауылдық кеңесі)-1943 жылы
Шоқат бастауыш мектебінің 5-ші сыныбын бітіріп,Ұлы Отан соғысына кеткен
азаматтардың орнына ұжымшардың шөбін шауып,егін егіп, малын бағуға
араласқан.1952-1992 жылдары үзіліссіз ұжымшарда, кеңшарда жүргізушілік
қызмет атқарды.Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталған.
Аманғалиева Хадиша(1930ж.)-Ұлы Отан соғысы жылдары жастайынан
елге әртүрлі жұмыстарға араласқан.Мал бағып, сауыншы болып, егін оруға
араласқан.Ұлы Отан соғысына қатынасушыларға көмек ретінде жылы киімдер
дайындап, өз үлесін қосқан.
Аманова Сәлима(1932ж.)-Соғыс кезінде тылда,колхозда жұмыс жасап,
майдандағы жауынгерлерге жылы киімдер тоқып жіберуге көмектескен.Ұзақ
жылдар теміржол саласында еңбек етті.9 бала тәрбиелеген «Алтын алқа»
иегері.Сіңірген еңбекктері үшін медальдармен,Алғыс хаттармен марапатталған.
Асабаев Кісенбай(1935ж.т.Жылой ауданы)-1959 жылы Сағыз ауылындағы
№112 кәсіптік-техникалық училищеде оқыған.1963 жылға дейін тракторшы,одан
кейін қой шаруашылығында табысты еңбек етті.1971 жылы 5 жылдық жоспарды
артығымен орындағаны үшін «Еңбек Қызыл ту» орденімен,1975 жылы Ленин
240
орденімен марапатталды.Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесіне депутат болып
сайланған.ССр Жоғарғы Советі президиумының 1976 жылғы Жарлығымен
«Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.1980 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты,1981 жылы КПСС-тың 26-шы съезіне делегат болды.
Бисенова Құндыз(1928ж.т.)-Ұлы Отан соғысы кезінде тылда,кейіннен
теміржол саласында жұмыс жасаған. «Тылда еңбек еткені үшін» медалінің иегері.
Болатбай Сұлу(1929ж.т)-Тыл еңбеккері.Наршөккенде әртүрлі жұмыстар
атқарған.Еңбегіне орай бірнеше медальдармен марапатталған.
Болов Жұмағали(1929ж.т.Былқылдақты елді-мекені)-1943 жылы Шоқат
жетіжылдық мектебінің 6-шы сыныбын бітіріп, алғашында ТОЗ-да, кейіннен
Ақкиіз колхозында әртүрлі жұмыстар атқарған.Әкесі айдаған косилканы
қабылдап алып, колхаздың шөбін орумен айналысқан.Ұлы Отан соғысындағы
жеңістен кейін колхозда,артынан совхозда малшы болып еңбек еткен.
Досмағанбетов Қуанышқали (1933ж.т.)-1949 жылдан 1993 жылы зейнеткерлік
демалысқа шыққанша, Атырау вагон депосына қарасты Сағыз техникалық
бақылау пунктінде вагон қараушы болып жұмыс жасаған.Құрмет
грамотасы,мақтау қағаздары және «Тыл еңбеккері»төс белгісінің иегері.
Дүйсәлиева Талшын(1926ж.т)-1929-1930 жылдары ашаршылық кезінде
ата-анасынан айырылып,Орынбор облысы,Ақбұлақ ауданындағы жетімдер
үйінде 1940 жылға дейін болған. «Ұлы Жеңіске 60 жыл» медалінің иегері.
Ұлы Жеңісті жақындатуға тыл ардагерлері сүбелі үлес қосты. Қилы кезеңде
өрімдей ұл-қыздар күн-түн демей еңбек етіп, қан майданға қажетті азық-түлікпен
қамтамасыз етуге атсалысты. Соғыс аяқталғаннан кейін тылға қатысушылар
ауылдың әлеуетін көтеруге аянбай еңбек етіп, игілікті ісімен халықтың жадында
қалған өр тұлғалар.
Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс
күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм
үлгісін танытты. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда
ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл
шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың
орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке
жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22%
болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар
мен қарт адамдар қамтамасыз етті.1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан
кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп
деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ
емес. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тыл еңбекші халқы кәсіпорын, колхоз бен
совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім
жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін,
жеңіс үшін болсын!» – деген игі ниетті асыл сезімін ешкім есінен шығармауы
тиіс.
241
Do'stlaringiz bilan baham: |