Bilimdi akparattandyru indd


шылардың еш қатысынсыз, мысалы, Интернет арқылы тараты- ла алады. -



Download 1,08 Mb.
Pdf ko'rish
bet136/153
Sana12.04.2022
Hajmi1,08 Mb.
#544989
TuriОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153
Bog'liq
bilimdi akparattandyru

306
шылардың еш қатысынсыз, мысалы, Интернет арқылы тараты-
ла алады.

Өзектендіру. Əр бір жаңа мəліметтер, толықтырылған 
мəліметтер немесе өзгертулер, сонымен қатар фактілік жəне 
техникалық түзетулерді қайта басып шығармаса түзетуге бол-
майды (оқулық, диск, бейнелекция). Мультимедиялық курс 
абсолютті ыңғайлылық пен қысқа уақыт ішінде жəне ешқандай 
шектеусіз өз мазмұнын өндіруге мүмкіндік береді.

Интеграция. Интернеттің дамуымен жəне байланыс желілердің 
ауқымының өсуімен, оқу материалдырының дəстүрлі фор-
масынан бұрын мультимедиалық материалдардың басты 
артықшылығы минималды шығындармен ақпаратты шексіз та-
рату мүмкіндіктері бар. Осындай өзгешелікпен қашықтықтан 
оқыту кешені қазіргі уақытта таратылуда, дəстүрлі – күндізгі, 
кешкі, сырттай жəне жедел оқыту формалары дербес формасы-
на айналуда. Сонымен, e-learning-ді қазіргі оқу жүйесіне енгізу 
қажетті буын болып барады.
-
Кең қолжетімділік. 
Қашықтықтан оқыту жүйесін қолданғанда 
немесе онлайн курсын өтуде төменгі немесе орта буынды дер-
бес компьютерді қолдана білу жеткілікті жəне минималды 
қосымша құрылғылар жинағының (дыбыстық динамика жəне 
CD привод) бар болуы жеткілікті, сонымен қатар жылдамдығы 
64 кб\сек жəне одан жоғары Интернетке қолжетімді болуы 
шарт. Қазіргі кезде мұндай компьютерлік конфигурациялар 
мен осындай жылдамдықта қосылған Интернет желісі орта 
жəне үлкен қалалардың тұрғындарына қолжетімді.
Электронды оқытудың артықшылықтарымен қатар, басқа да 
жаңалықтар секілді кемшіліктері болады.
Олардың негізгілерін психологиялық жəне техникалық деп 
бөлуге болады.
Психологиялық фактормен байланысты кемшіліктер:

электрондық оқыту көбіне оқытушымен, сонымен қатар білім 
алушылармен бетпе-бет қарым-қатынаста бола алмайды. 
Эмоциональдық көмек беретін қасында адам болмағандықтан, 
оқу үдерісінде бұл маңызды кемшілік болып табылады. Алайда 
коммуникациялық каналдардың дамуы бейнекоференциялық 
байланыс, интернетпейджер, чаттар, форумдар мен 
электрондық пошталар бұл кемшіліктің аздап болса да орнын 
толтыруға мүмкіндік береді;


307
- электрондық оқытуда бағдарламаны жетістікті ету білім 
алушының ынта-жігерінің бар болуына байланысты. Егер 
адам оқытушының үнемі бақылауынсыз өз бетімен оқи алма-
са, компьютер алдында ұзақ уақыт жалғыз отыра алмаса, бұл 
қашықтықтан оқуына кедергі жасап қана қоймай, өз бетінше 
жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді;
- білім алушының жəне оқытушының компьютерлік 
сауаттылығының жетіспеушілігі, қашықтықтан оқыту 
тəжірибиесінің жоқтығы. Біздің мемлекетте көп оқытушылар 
мен білім алушылар мұндай оқыту əдісіне дайын емес.
Технологиялардың жетілдірілмеуіне байланысты кемшіліктер:

Электрондық оқыту үшін қажетті техникалық жабдықтары бо-
луы керек. Ең жоқ дегенде, интернеті бар дербес компьютер, 
дербес компьютерді қолдану дағдысының бар болуы жəне ин-
тернет желісін қолдана білуі керек.
- Интернетті оқытудың басты проблемасы білімді тексеру 
барысындағы қолданушының аудентификациясы болып та-
былады. Себебі, осы уақытқа дейін тиімді технологиялық 
шешім қабылданбады, қашықтықтан оқыту бағдарламасының 
көбі күндізгі емтихандық сессияны ұсынады. Байланыстың 
ар жағында кімнің отырғанын білу мүмкін емес. Бұл өте 
үлкен проблема болып табылады жəне осыған байланысты 
оқытушылардан арнайы шара қолданылуы талап етіледі. Бұл 
проблема көбіне камера орнату арқылы шешіледі.
- Оқыту жүйесін қамтамасыз ететін бағдарлама секілді, оқу 
контентіне де, оқытудың бастапқы кезең жүйесіне инве-
стиция қажет. Сонымен қатар, аппараттық құралдарға да 
кететін шығынды есептеу керек. Əрине бұл жағдайда шығын 
құрылымы мен мөлшері оқыту ұйымдарының даму деңгейі 
жəне оқу жүйесін құру үшін таңдалған шешімге тəуелді бола-
ды.
- Электрондық оқыту контентін құру бұл үдеріске барлық 
қатысушылардан арнайы білімді талап етіледі. Мұнда жалғыз 
оқытушының бұрынғыдай дəріс конспектілерін дайындау ын-
тасы жеткіліксіз. Сапалы оқу курсын құру үдерісінде əр түрлі 
маман иелері: оқытушылар, педагогикалық дизайнерлер, 
бағдарламалаушылар, анимациялар мен бейнемонтаж жасай-
тын мамандар жəне т.б болуы керек. Бұл оқу контентін құру 
мүмкіндігіне белгілі бір шектеу қояды.


308
- Оқыту жүйесінде қолданылатын электронды оқу курстарының 
көбі қайтарымды байланыс деңгейімен қамтылмаған. Көп 
бар курстардың мазмұнды негізін мəтінді материалдер мен 
қарапайым графикалық (сурет, фото) қамтиды, білімді бақылау 
блоктары тесттік тапсырмалар негізінде жасалынған. Білім 
алушыларды осындай сипаттамамен қызықтыру əрине мүмкін 
емес. Бұл білім алу мен дағдыларды игеруге кедергі болып 
келеді.
- Мамандықты игеру барысында электронды оқыту кейбір 
мамандықтарға шектеу қояды: қашықтықтан медициналық 
мамандық, актерлік шеберлік алу жəне т.б. Тек қана шынайы 
практикалық жəне зертханалық жұмыс кезінде ғана игерілетін 
дағдылар болады.
e-learning-нің кемшіліктер қатарына мыналарды да жатады:

Download 1,08 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish