288
түрлендіруге арналған білім беру іс-əрекетінің барлық фор-
маларында қолданылатын материалдық, технологиялық жəне
ақпараттық-мазмұндық құралдар мен ресурстар ретінде түрленеді.
Педагогикалық ақпараттық технологияларды құру жəне дамы-
ту мемлекеттің ақпараттық-білім беру кеңістігінің қызметі үшін
қажетті
шарт болып табылады, сонымен қатар бұл технологиялар,
педагогика, психология, информатика, басқару теорияларының
негіздеріне сүйенеді, екіншіден қазіргі ақпараттық жəне
телекомуникациялық техниканың кең мүмкіндіктерін пайдала-
нады.
Мемлекет масштабында Қазақстанның білім беру жүйесінің
ақпараттық-білім беру кеңістігі бүтіндей өзіне барлық
аудандар мен
ел облыстарының ақпараттық-білім беру кеңістігін біріктіруі тиіс.
Аймақтық сегменттерді біріктіру өзара теңқұқылы келісімдер мен
келісулер негізінде құрылады.
Облыстық немесе аймақтық деңгейдегі ақпараттық-білім беру
кеңістігі өз еркімен жəне алдын ала дайындалған жəне бекітілген
ғылыми негізделген педагогикалық моделдерге,
талаптар, тех-
нологиялар жүйесіне, сəйкесінше құрылған əртүрлі білім беру
мекемелеріндегі ақпараттық-білім беру орталарын біріктіруді
білдіреді.
Еліміздегі бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін құрудың
нақты практикалық тəсілі оның қазіргі компьютерлік құралдарда
телекомуникациялық алмасуына, интернет желісіне негізделуі бо-
лып табылады. Осыған орай, аймақтық жəне басты ақпараттық
желілердің артықшылықтарын максималды пайдалануға негіз-
делген ақпараттық білім беру интернет-порталдары түріндегі
оқу мекемелерінің ақпараттық білім беру ортасын құру талап-
тарының өзектілігі артады. Барлық ұқсас облыстық жəне аймақтық
порталдарды біріктіретін жəне елдің ақпараттық-білім беру
кеңістігінің дамуының жүйеқұраушы
негізі болып табылатын жал-
пы мемлекеттік ғылыми-білім беру порталын дайындау жүзеге асы-
рылады.
Осылай құрастырылған кеңістік пайдаланушылардың барлық
категориясына бірыңғай жылдам жəне қарапайым құралдар арқылы
іздеп табуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
- оқу мекемесін, оқушыларды дайындау бағытынан жəне орны-
нан тəуелсіз іздеуге;
289
- оқу мекемесінің құрылымы мен қызметінің ерекшелігі туралы
толық ақпаратты іздеуге;
- нақты мамандық бойынша білім алуды қамтамасыз ететін оқу
мекемелерінің тізімін, оларды ақпараттық-білім беру ортасы-
нан алуға мүмкіндік береді;
- ақпараттық-білім беру кеңістігінде
тіркелген кез келген
ақпараттық ресурс, оның физикалық орналасуынан жəне
нақты оқу мекемесінің ақпараттық-білім беру ортасына
тəуелсіз.
Бұдан басқа, жалпы орта білім берудегі оқу мекеме-
лерінің компьютерлік жəне телекомуникациялық техника-
мен жеткіліксіз жабдықталғанын
ескере отырып, ақпараттық-
білім беру кеңістігінің құрылымының принциптері мен
технологиялары, олардың техникалық тұрғыдан жабдықта-
луына тəуелсіз барлық оқу мекемелерінің ақпараттық-білім беру
қызметі мен өзара əрекетінің толықтай мүмкіндіктерін қамтамасыз
етуі тиіс.
Жалпы орта білім беру жүйесінің ақпараттық-білім беру
кеңістігін қалыптастырудың артықшылықтары туралы айта оты-
рып, оның қазіргі таңдағы əлемдік ақпараттық кеңістікпен кірік-
тірілуінің қажеттілігін белгілемеу мүмкін емес. Мұндай кеңістік
əлемде нақты қалыптасуда. Бұған ұйым қабырғасында, соны-
мен қатар ұйымнан тыс мекемелерде пайдалануға арналған
ақпараттық білім беру ресурстарының санының
артуы мысал бола
алады. Сонымен қатар басты компьютерлік телекоммуникациялар
құралдарында олардың орналасуына байланысты барлық əлемге
қолжетімді еркін таратылған ақпараттық білім беру жүйелерін атауға
болады.
Бір ақпараттық білім беру кеңістігіне біріктірілген ақпа-
раттық жүйелер мен ресурстардың артықшылығы жоғары
жылдамдықты, білім беру ақпараттарымен оперативті жəне
жеткілікті алмасуды қамтамасыз ететін сапалы байланыс каналда-
рына негізделеді.