Bilimdi akparattandyru indd


Денсаулық сақтау технологиялары ақпараттық



Download 1,08 Mb.
Pdf ko'rish
bet124/153
Sana12.04.2022
Hajmi1,08 Mb.
#544989
TuriОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   153
Bog'liq
bilimdi akparattandyru

9.3 Денсаулық сақтау технологиялары ақпараттық 
білім ортасының компоненті ретінде
Жалпы орта білім беруге Ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының енуі, белсенді міндетті шешуді қажет етеді. 
Оқушылардың компьютерлік техниканы жəне басқа да оқушылардың 
денсаулығына айтарлықтай теріс əсер ететін ақпараттандыру 
құралдарын қолдану барысындағы оқыту үдерісінде денсаулығын 
сақтау міндеті туралы сөз болып отыр.
Ұзақ жылдар бойы ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын жаппай оқытуда қолданудың өзектілігі 
сақталып отыр. Осы жылдар аралығында зерттеушілермен 
оқытуда денсаулықты сақтау технологияларын енгізу тұрғысынан 
маңызды факторлар мен ұсыныстар саны артқандығы мəлім. 
Компьютерлік жəне басқа техниканы пайдалану арқылы оқу 


283
сабақтарын жүргізуге байланысты санитарлық нормалар мен 
ережелердің тобын еске түсіру жеткілікті. Оқушылардың ком-
пьютер алдындағы жұмысы ақыл-ой үрдісіне, нервтік-эмоциялық 
жəне көру мүшелеріне күш түсіретіндігіне байланысты, оқытуда 
компьютерлерді ұтымды пайдалану проблемасы əлі де болса 
нақтырақ зерттелмеуде. 
Компьютерлендірудің эргономикалық проблемаларын тал-
дау тек қана техникалық құралдарды ғана емес, сонымен қатар 
педагогика жəне эргономика талаптарына жауап беретін 
программалық қамтамасыз етуге де байланысты. Сонымен қатар 
оқытушы, бақылаушы, дамытушы программалар саны да артуда. 
Бұл программалар əртүрлі стильде орындалған, мектеп оқу 
жоспарымен əлсіз байланыстырылған бірқатарында кейбір қателер 
кездеседі. 
Бірақ, əлі күнге дейін практикада білім алушылардың 
денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің толықтылығы, бүтіндігі 
жəне жүйелілігі сақталмауда. Практика жүзінде əрбір мұғалім 
Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын қолдану 
арқылы оқушыларды оқытуда басшылыққа алатын кейбір 
талаптар туралы айта алады жəне де қандай да бір жағдайда 
ешқандай қиналмай білім алушылардың денсаулығына теріс 
əсер ететін ескерілмеген факторлардың жеткілікті санын табуға бо-
лады.
Осы салаға қатысты бірқатар проблемалардың алдын алуға бо-
лады. Егер əрбір мұғалім оқыту үдерісін Ақпараттық-қатынастық 
технологияларды құралдарын қолдану арқылы өз бетімен емес, ар-
найы нақты анықталған, бірыңғай таңдалған жəне апробацияланған 
мектептің денсаулық сақтау ортасын ұйымдастырса. Мұндай 
оқушылардың денсаулығына кері əсерін тигізбейтін оқыту, 
оқушыларды басқа пəндерден оқытуда жəне оқудан тыс іс-
əрекетіндегі оқытуда қолданылатын кіріктірілген өлшемдермен 
қатар жалпы денсаулық сақтау жүйесінің толыққанды сатысы болуы 
тиіс. 
Бүгінгі таңдағы білім беру мекемелерін біріктіру 
оның əртүрлілігімен жəне оқу жоспары мен бағдарламала-
рының, білім беру мен тəрбиелеуге жаңа əдістерді енгізумен 
ауыстырумен байланысты денсаулық сақтау ортасын қалыптас-
тыру қажеттігін ескеру керек. Оқытудың жаңа тəсілдері 
негізінде жастардың танымдық қызығушылығын жəне қабі-


284
леттерін ескеру мақсатындағы тұлғаның даму проблемалары 
жатыр. 
Қазіргі мектепте жүзеге асырылатын жаңа жаңарулардың 
мақсаты, сəйкесінше əлеуметтік жəне аймақтық тапсырыстағы 
дамыған, əлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру 
үшін шарттар кешенін қамтамасыз ететін білім беру мекемесінің 
жаңа сапалы моделін тұрақты дамыту механизмін дайындаудан 
тұрады.
Мұндай жағдайда оқу мекемесінің негізгі міндеті білім 
беру сапасын арттыру болып табылады. Тəжірибе көрсеткеніндей, 
бұл міндетті əдістемелік, жалпы білім берерлік, тəрбиелік жəне 
соңында денсаулық сақтау іс-əрекетін жүзеге асыру арқылы 
шешуге болады. Оқу-тəрбие үдерісінде балалардың денсаулығын 
сақтау мен дамыту негізгі міндеттердің бірі екендігіне назар аудару 
маңызды.
Білім беру мекемелерін дамыту бағдарламасы денсаулық сақтау 
бағдарламасын дамытуды, пəндер мен сыныптар бойынша тəрбиелік 
жəне денсаулық сақтау бағдарламаларын құруды, əрбір оқу жылына 
сыныптар мен пəндер бойынша тəрбиелік жəне денсаулық сақтау 
бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша əрекет жоспарын дайын-
дауды қамтуы тиіс.
Бұдан, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
қолданумен оқытуда денсаулық сақтау шаралары біріншіден, 
пəннің ерекшелігін жəне барлық жас топтарындағы оқушылардың 
психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалуы 
тиіс, екіншіден, орта мектептің жалпы денсаулық сақтау сатысының 
ажырамас бөлігі болып табылады. 
Дербес алғанда, мектептің денсаулық сақтау ортасын 
қалыптастыру мен дамыту ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын қолдану арқылы оқытудың теориясы мен 
практикасына қажетті кең таралатын бірқатар шараларды қамтиды, 
атап айтқанда:
-
педагогтардың оқу-тəрбие үдерісін денсаулық сақтау бойынша 
педагогика, физиология, психология, экология саласындағы 
білім деңгейін жəне құзыреттілігін арттыру;

Download 1,08 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   153




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish