169
Май 2021 10-қисм
Тошкент
ЫБЫРАЙДЫҢ - ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
Тажибаева Акмарал Рахметулла кызы
Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік
педагогикалық институтының
Бастауыш тәлім факультеті студенті
aqmaraltajibaeva38@gmail.com
Ұлыларын ұлықтап, құндылықтарын қастерлейтін қасиетті мекен Өзбекстанда кеменгер
тұлғаның 180 жылдық мерей тойына арнап еліміздің түкпір-түпкірінде мәдени шаралар
өтіліп жатыр. Бейбіт берекелі тұрмыста ұлы тұлғаның мұраларын одан әрі үйренуде бүкіл
халық ырысқа кенелуде.
Ыбырай Алтынсарин дүние жүзі педагог классиктерінің
гуманистік идеяларын
басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту тәжрибесіне енгізген тұғыш педагог.
Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу Ыбырай Алтынсариннің лирикалық
өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің «Жаз», «Өзен» атты өлеңдерінде
жыл мезгілдерін
шеберлікпен сипаттайды. Ыбырай Алтынсариннің төл әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып,
мазмұны жағынан ұтымды келеді.
Педагог ақынның шығармашылық мұрасы –халқымыздың ғасырлар бойы маңызын
жоймайтын қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгерсе де Ыбырайдың бізге
қалдырған мұрасы өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін артыра түсуде
Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларында өмірдегі шындықты жазды, өмірге аса қажет
жаңалықтарды дәріптеді. Мысалы: «Кел балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар»,
«Әй, достарым», «Әй, жігіттер» деген өлеңдерінде жастарды білім алуға угіттеп, халықты
сол кездегі ғылымның табыстарымен таныстарды, көркем сөзбен жазылған әңгімелерінде
халықты отырықшылыққа егін, қолөнері кәсіптерімен шұғылдануға үгіттеді.
Сондай-ақ ақынның „Жаз”, „ Өзен” деген өлеңдері де кезінде қазақ әдебиетіне жаңалық
болып қосылды. Адам өмірін емірене жырлаған ақын табиғатты ескермей кетуге тиіс емес
еді. Бірақ, Ыбырайға дейінгі қазақ ақындары табиғатты өз алдына тақырып жасап, бөлек
жырауды дәстүр етпеген-ді. Ал, Ыбырай мен Абай қазақ әдебиетінде жыл мезгілдерін өз
алдына тақырып етіп жырлаған жаңашыл лирик ақындар болды. Жазушы табиғат лирикасын
туғызған кезде оның алдында даяр үлгі – орыс әдебиеті мен батыс поэзиясы бар еді. Ақын
оны шебер меңгерді және оған өзіндік талғаммен қарады. Ол орыс не батыс әдебиетіндегі
табиғатты жалаң алып, өмірден оқшау жырлаған символист, пейзажист ақындарды емес,
табиғатты адам өміріне байланыстыра жырлаған Байрон, Пушкин, Лермонтов сияқты
ақындарды үлгі тұтты. Сөйтіп, ол әрі мәнді, әрі сұлу суретті табиғат лирикасын жасады.
Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю,
Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің
үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас
шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі
қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен
байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам
ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің «өзеннен рақат тауып»
жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады. «Жаз» өлеңінде
көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. «Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп», «Аспаннан
рақымменен күн төнгенде», «Ұйқыдан көзін ашқан
жас балаша, жайқалып шыға келер
жердің гүлі», «Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып»,
т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін,
суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста
бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып,
жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.
Қорыта келе айтарым, ұлы ақынымыз Ыбырай Алтынсарин дәуірінде
айтып кеткен
атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Ұлы ақынның әдеби
мұрасын біз ұрпақтар жоғары бағалап, әр қандай заманда да үйреніп болашақ ұрпақтарға да
жеткізуміз керек.
Do'stlaringiz bilan baham: