§ 2.4 ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР (ДИЗЪЮНКЦИЯ, КОНЪЮНКЦИЯ, ИНВЕРСИЯ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
10.2.2.1 Логикалық операцияларды қолдану (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия)
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушы: Логика және оның түрлерін анықтау
Көпшілік оқушы: Ойлаудың негізгі формалары мен логикалық амалдарды салыстыру
Кейбір оқушы:логикалық амалдарды өмірде қолдану
Ойлау дағдылары
Білу, түсіну, қолдану, жинақтау
Бағалау критерийі
Логика және оның түрлерін анықтайды.
Логикалық амалдарды анықтайды, салыстырады.
Арнайы кестелерді қолданып логикалық амалдардың нәтижесін шығара алады.
Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Ойлаудың негізгі формаларын жазыңдар. Логика ілімінің негізін қалаған ғалымдар ...
Құндылықтарға баулу
Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау
Пәнаралық байланыс
Математикалық амалдар қолданылады, қазақ тілі бойынша және, немесе, емес
жалғаулықтары қолданылады.
Алдыңғы білім
Санау жүйелері
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Уақыт
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин
2 мин
Ұйымдастыру:Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: Оқушылар бір-біріне бір сөзбен жақсы тілек айтады.
Топқа біріктіру: Мұғалім оқушыларға сан жазылған
Сандар
7 мин
карточкалар таратады. Әр карточкада 1 сан жазылады және үш түрлі сан. Мұғалім: «Мен бір сан ойладым, оған 12 санын қосып, 8 санын алып тастағанда
4 шықты. Мен қандай сан ойладым?» Қолдарында 4 саны бар оқушылар жауап береді де, бір топқа
отырады. Екінші тағы солай қайталанады. Үш топқа бөлінеді.
Өткен сабақты пысықтау: «Дүкен» әдісі Үш топқа өткен тарау бойынша бес сұрақтан дайындауды тапсырады. Мұғалім санау жүйесі туралы деректерді карточкаларға жазып, араластырып, үш топқа бес данадан таратады. Әр топ өз тақырыптары бойынша мәлімет жинайды. Ол үшін дүкенге барып өз тақырыптары туралы мәліметті іздейді. Сатушы сұрақ қояды, сұраққа жауап беріп, тауарларын алып кетеді. Жауап бере алмаса, тақырыптарын толықтыра алмайды.
Екілік санау жүйесі
Сегіздік санау жүйесі
Он алтылық санау жүйесі
Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша мадақтау
Карточкалар
Сабақтың ортасы
2 мин
«Миға шабуыл»әдісі
«Логика» дегеніміз не?
Компьютер мен логиканың арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
5 мин
«Джигсо» әдісі Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін ортада талқылайды.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
Оқулық
Плакат, маркер
5 мин
1-тапсырма. «Венн диаграммасы» әдісіЛогикалық амалдарды Венн диаграммасы арқылы салыстыру
Дескриптор:
Логика және логикалық амалдарды анықтайды.
Логикалық амалдарды салыстыра алады.
Медальдар арқылы бағалау
7 мин
2-тапсырма.
Төмендегі пікірлерді теріске шығарыңдар.
Бүгін театрда «Абай» қойылымы болады.
Жұп сандар жай сандар болады.
Самат өзіне берілген 5 тапсырманы да орындап шықты.
Барлық мектептерде спортқа қызығатын оқушылар табылады.
Дескриптор: Логикалық амалдарды практикада қолдана алады.
Медальдар арқылы бағалау
5 мин
3-тапсырма.
Төменде қарапайым пікірлер берілген:
А={Монитор – ақпаратты қағазға басатын құрылғы};
В={Принтер – ақпартты енгізетін құрылғы};
С={Процессор – ақпаратты өңдеуші құрылғы};
D= {Тінтуір – ақпаратты сақтау құрылғысы};
E={Сканер – ақпаратты компьютерге көшіріп өткізетін құрылғы}.
1, 2, 3-кестелерді пайдаланып логикалық амалдардың нәтижесін табыңдар.
1) (А^В) 2) (С D) 3) (А^В) 4) (В^С);
5) (А В) 6) (С^ D) 7) А 8) В.
Дескриптор: Ақиқат кестелерін қолданып логикалық амалдардың нәтижесін табады.
Оқушылар бағалау парағына балл қою арқылы бір- бірін бағалайды.