Глоссарий Орындаған: Мамутов Б. Тобы



Download 30,83 Kb.
Sana07.04.2022
Hajmi30,83 Kb.
#533305
Bog'liq
ББЦТ гл


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Тарих және педаогогика”факультеті
Жалпы тарих және мұражай ісі” кафедрасы




Глоссарий


Орындаған: Мамутов Б.
Тобы: ТП-19-19к
Қабылдаған: Лесбаев А.

Шымкент 2022 ж



  1. Білім беру саласының цифрлық трансформациясы – бұл жоспарланған білім беру нәтижелерін, білім беру мазмұнын, оқу жұмысының әдістері мен ұйымдастыру формаларын жаңарту, сондай-ақ білім беру жүйесін түбегейлі жақсарту үшін қарқынды дамып келе жатқан цифрлық ортада қол жеткізілген нәтижелерді, әр оқушының нәтижелерін бағалау процесі.



  1. Білім берудегі цифрлық технологиялар – цифрлық технологияларға негізделген заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру тәсілі.



  1. Цифрлық білім беру ортасы (ЦББО) – білім беру процесінің барлық қатысушыларын біріктіретін ақпараттық жүйелердің ашық жиынтығынан тұратын цифрлық кеңістік.



  1. Білім беру саласының цифрлық жетілуі – білім сапасын арттыру, білім беру ұйымдарының ішкі құрылымының жетістігі, дәстүрлі білім беру жүйесін нығайту мақсатында оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізудің берілген деңгейіне қол жеткізу, сондай-ақ білім беру үдерісіне қатысушылардың цифрлық сауаттылығының берілген деңгейіне жету.



  1. Цифрлық құзыреттіліктер – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әртүрлі мәселелерді шешу қабілеті.



  1. Цифрлық сауаттылық – ақпараттық қауіпсіздік негіздерін ескере отырып, цифрлық ортада жеке, білім беру және кәсіби қажеттіліктерді, ынтымақтастық пен командалық жұмысты қанағаттандыру мақсатында ақпаратты іздеу, талдау, құру және басқару үшін цифрлық технологияларды, коммуникациялық құралдар мен желілерді пайдалану қабілеті.



  1. Презентация (ағылш. Presentation, лат. Praesentatio; сөзбе-сөз – ұсыну) – бір туындыны, ұйым мен мекемені т.б. салтанатты жағдайда жұртшылық алдында ұсыну; ресми таныстыру; фирманың презентациясы.

  2. Интерактивті тақта – мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі. Бұл білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе.

  3. Интерактивті оқыту – бұл ең алдымен, мұғалім мен оқушының өзара әрекеті жүзеге асырылатын диалогтық оқыту болып табылады. Мектеп пәндерін оқытуда заманауи мультимедиялық және интерактивті технологияларды пайдалану оқу материалын қабылдаудың көрнекілігі мен эргономикасын арттыруға мүмкіндік береді, бұл оқу мотивациясына және оқу тиімділігіне оң әсер етеді.

  4. Интернет ресурсы (Ресурсы Интернет; facility internet) — Veb серверлерде, РГР серверлерде және т.б. орналасқан интернеттің ақпараттық материалдарының жиынтығына арналған ортақ атау.

  5. Электронды хрестоматия – осы пән бойынша оқытылатын әдеби, көркем, тарихи және басқа да шығармалардан, олардан үзінділерден тұратын оқу басылымы.

  6. Электрондық тренажер - теориялық материалды игеру нәтижесінде алынған практикалық дағдыларды қалыптастыруға және бекітуге арналған оқу басылымы.

  7. Электрондық жұмыс дәптері – пәнді оқытудың инновациялық тәсілі және мұғалімге қолдау көрсететін қуатты құрал ретінде қолданылатын өнім.

  8. Электрондық білім беру ресурсы – білім беру сипатындағы ақпаратты қамтитын кез келген электрондық ресурс.

  9. Слайд – нысандалған сәуле арқылы немесе экранда түзеп жарықка түсірілген кескінмен көретін, түссіз мөлдір негізде бейнеленген жеке позитивті құжат.

  10. Сілтеме - бір сайттан екінші бір сайтқа не осы сайттын басқа бір бетіне, бөлігіне апаратын элемент.

  11. Google Classroom - білім беру пайдаланушыларына арналған Google қолданбаларына қосылатын мектептерге арналған оқу жиынтығы.

  12. Google slides – мәтін, фотосуреттер, аудио немесе бейне файлдарын қамтитын көрмелерді оңай бірлесіп жұмыс жасауға және ортақ пайдалануға мүмкіндік беретін онлайн көрсетілім бағдарламасы.

  13. Microsoft Teams — сөйлесу, кездесу, жазбалар мен жұмыс кеңістігінде тіркемелерді біріктіретін кәсіпорын платформасы.

  14. Zoom – видеоконференцияға арналған қосымша. Мұндағы трансляцияға 100 адамға дейін қосыла алады.

  15. Microsoft PowerPoint – 1987 жылы Macintosh компьютері үшін Forethought, Inc компаниясы әзірлеген слайд-шоу презентациялық бағдарлама.

  16. Web 2.0 - ғаламтордың (world wide web) интерактивтік және коллаборативтік, яғни істестік элементтерін білдіруге қолданылатын термин. Демек, қолданушы интернеттегі мазмұнды тұтынып қана қоймай, сонымен қатар өзі де қандай да бір мазмұн өндіреді. Бұл ұғым кейінгі кезде әлеуметтік желілердің дамуымен үлкен маңызға ие болып келе жатыр.

  17. Кahoot – Жобасы оқу мақсатында дидактикалық ойын арқылы немесе оның көмегімен тест , сауалнама, оқу барысында дидактикалық ойын құрастыра аламыз немесе оқушының білімін тексеру мақсатында сайыс түрінде қолдануға болады.Бағдарлама үстел үсті ( компыютер, ноутбук) сонымен қатар смартфондар арқылы жұмыс істейді.

  18. LearningApps-бұл ойын форматындағы 20 интерактивті жаттығу. LearningApps-те олар қосымшалар деп аталады, сондықтан мәтінде бұл терминдер синоним ретінде қолданылады. Осы жерден, ең алдымен, қызмет балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған екенін түсінуге болады.

Download 30,83 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish