Bilimdi akparattandyru indd


Қазіргі кезде оқу орындарында төмендегі құралдарды  кездестіруге болады: ·



Download 1,08 Mb.
Pdf ko'rish
bet15/153
Sana12.04.2022
Hajmi1,08 Mb.
#544989
TuriОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   153
Bog'liq
bilimdi akparattandyru

38
Қазіргі кезде оқу орындарында төмендегі құралдарды 
кездестіруге болады:
· 
дыбысты жазуға жəне дыбысты шығаруға арналған құралдар 
(электрофондар, магнитофондар, CD-ойнатқыштар),
· 
телефондық, телеграфтық жəне радиобайланыс құралдар 
мен жүйелері (телефон аппараттары, факсимальді аппарат-
тар, телетайптар, телефон станциялары, радиобайланыс 
жүйелері),
· 
теледидар, радиомен хабар тарату құралдары мен жүйелері 
(теле жəне радиоқабылдағыштар, оқу теледидары мен радио, 
DVD-ойнатқыштар),
· 
оптикалық жəне проекциялық киномен фотоаппараттар (фо-
тоаппараттар, кинокамералар, диапроекторлар, кинопроектор-
лар, эпидиаскоптар),
· 
ақпаратты көбейтуге жəне құжаттауға арналған баспа-
лық, көшірмелік, көбейткіш жəне басқа да техникалар 
(ротопринттер, ксерокстер, ризографтар, микрофильмдеу 
жүйелері),
· 
ақпаратты сақтау мен өңдеуге, электронды түрде ұсынуды 
қамтамасыз ететін компьютерлік құралдар (компьютерлер, 
принтерлер, сканерлер, графатұрғызғыштар (графопострои-
телдер),
· 
ақпаратты байланыс арналары бойынша тасымалдауды 
қамтамасыз ететін телекомуникациялық жүйелер (модемдер, 
өткізгіш, спутниктік, оптоволокондық, радиорелейлік желілер 
жəне ақпаратты тасымалдауға арналған байланыс арналарының 
басқа түрлері).
Білімде қолданылатын техникалық құралдарды топтастыруға 
болады. Бұл топтастыру əртүрлі белгілері бойынша болуы мүмкін. 
Атап айтқанда, барлық техникалық құралдар топтарға ақпараттың 
түрлері мен принциптеріне байланысты бөлінуі мүмкін.
Дəстүрлі ұқсас техникалық құралдар:
Аудиоқұралдар (электрофондар, магнитофондар, микро-
фондар, күшейткіштер, акустикалық жүйелер, диктофондар, 
радиоқабылдағыштар, лингафондық жабдықтар, кассеталар, пла-
стинкалар),
Графикалық жəне фотографиялық құралдар (фотоаппараттар, 
фильмоскоптар, диапроекторлер, эпидиаскоптар, диафильмдер, 
слайдтар, пленкадағы бейнелер),


39
Кинопроекциондық техникалар (кинокамералар, кинопроектор-
лар, кинопленкалар),
Видео жəне теледидарлық құралдар (телевизорлар, мониторлар, 
телекамералар, бейнекамералар, бейнемагнитофондар, бейнеплеер-
лер, бейнепроекторлар, бейнекассеталар).
Сандық техникалық құралдар: 
Аудиоқұралдар
(цифрлік диктофондар мен плеерлер, цифрлік компакт-дискілер),
Графикалық жəне фотографиялық құралдар (сандық фотоаппа-
раттар, лазерлік жəне магниттік дискілер, жадының электрондық 
карталары).
Проекциондық техникалар
(мультимедиалық проекторлер),
Видео жəне телевизиондық құралдар (сандық бейнекамералар, 
DVD-ойнатқыштар мен DVD-плеерлер, лазерлік жəне магниттік 
дискілер, жадының электрондық карталары).
Ақпараттандырудың компьютерлік құралдары:
Дыбысты жазудың, өңдеудің жəне дыбысты шығарудың, 
мəтінді, графикалық жəне фотографиялық объектілерді жазудың, 
бейнені өңдеудің, жазудың компьютерлік мультимедиалық 
құралы, адамдардың телекомуникациялық қатынасындағы 
телекомуникациялық құралдар, ақпараттық қорларға қатынау 
құралдары. 
Техникалық құралдар білім əрекетінде дыбыс, мəтін, сурет 
жəне бейне секілді ақпараттың түрлі типтеріне сүйенуге мүмкіндік 
туғызады. Кейбір жағдайларда бұл құралдардың техникалық жəне 
технологиялық қатынасы өте күрделі екен. Білім саласына енген 
компьютер, ақпаратты өңдеудегі əмбебап (универсал) құрал болып 
табылады. Компьютердің əмбебаптығы сол, ол бір жағынан əртүрлі 
типтегі ақпаратты өңдей алса, ал екінші жағынан бір компьютердің 
өзі бір типтегі ақпаратқа байланысты барлық іс-əрекеттер жиы-
нын орындай алады. Осының нəтижесінде компьютер оқытудың 
техникалық құралдарының барлық функциясын орындауын 
қамтамасыз ететін шалғайдағы құрылғылар жиынтығына сəйкес 
келеді.
Білімді ақпараттандыру құралдарының анықтамасы маңызды 
мəселе болып табылады. Бір жағынан қарағанда, білімді 
ақпараттандыру құралдарына білімде қолданылатын ақпаратты 
өңдеуге жəне ұсынуға қатысы бар кез келген құралдар мен 


40
құрал-саймандарды жатқызуға болады. Бұл жағдайда білімді 
ақпараттандырудың құралдарына компьютер мен бағдарламалық 
қамтамасыз етуден басқа кəдімгі кітап, магнитофон жəне диапроек-
торлар жатады. Білімді ақпараттандырудың мұндай анықтамасы бар 
деп толық айтуға болады. 
Бірақ, сонымен бірге, компьютердің əмбебаптығы барлық 
аталған компьютерлік емес құралдардың, кітапты қосып айтқанда, 
білімге арықарай енуін қолайсыз етеді. Сонымен қатар, жоғарыда 
аталған ақпараттандырудың көптеген техникалық құралдары 
маңыздылығын жоғалтады. Бүгінгі күні түсінікті себептерге байла-
нысты жаңа оқыту диафильмін немесе электрофон пластинкасын 
табу мүмкін емес. 
Осыған байланысты білімді ақпараттандыру құралдарына тек 
қана ақпаратты ұсынатын жəне өңдейтін компьютерлік құралдарды 
жатқызуға тура келеді. Бұл жағдайда білімді ақпараттандыруды 
тəжірибелік іске асыру білімде жаңа ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологиялардың кеңеюіне əкеп соқтырады. 
Сондықтан, бұл оқулықта білімді ақпараттандыру мақсаттарына 
жету үшін қолданылатын білімді ақпараттандыру құралдары 
болып компьютерлік аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз 
ету, сонымен қатар олардың мазмұндық толтырулары түсіндіріледі. 

Download 1,08 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   153




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish