Bilimdi akparattandyru indd



Download 1,08 Mb.
Pdf ko'rish
bet44/153
Sana12.04.2022
Hajmi1,08 Mb.
#544989
TuriОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153
Bog'liq
bilimdi akparattandyru

ынтымақтастық 
оқыту
болып табылады. Қазіргі кезде фронтальды жұмысты жеке-
лей, жұптық жəне топтық жұмыстар алмастыруда. Мультимедия-ре-
сурсты қолдану арқылы ұйымдастырылған жұптық немесе топтық 
жұмыс түсіндірмелі-илллюстративті немесе репродуктивті əдіске 
қарағанда неғұрлым əсерлі болып келеді. 
Оқушылар топта іс-əрекеттің жоспарын бірігіп құрап, 
мəліметтердің көздерін, мақсатқа жетудің амал-тəсілдерін 
іздестіріп, рөлдерді бөліп, идеяларын айтып, оны талқылайды. 
Осылайша барлық оқушылар танымдық іс-əрекетке белсенді 
қатысады. Ынтымақтастық оқытуда олар мəдениет элементтері 
мен басқару элементтерін игере алады. Жобалау идеясы іс-əрекетті 
ұйымдастырудың топтық жəне жекелей үлгісімен жақсы сəйкес 
келеді. Ең алғашқы рет компьютерлік желі арқылы қарым-қатынас 
жасау жобасы ХХ ғасырдың 80 жылдары шықты. Содан кейінгі 
мультимедианы қолдану арқылы ұйымдастырылған жоба зерттеу-
лерде жақсы көрсеткіш көрсетіп, педагогикалық əсері жоғары бол-
ды. Ол жобаның негізін компьютерлік желі арқылы байланысқан 
əр аймақтың оқушылары ұйымдастырған топтары құрайды. 
Телеқатынастық жобаның басты шарты – мəдениеті, тілдері, өмірлік 
ұстанымдары əртүрлі болуы.


113
Оқушының іс-əрекетінің негізі деп оның интеллектуалдық, ерік-
жігерлік, эмоциялық мобильдігін айтады. Оқытушы бағыт-бағдар 
беріп, түзету жасап отыру қажет. Оқу материалының мазмұны, 
түрі, əдіс-тəсілдері мен құралдары оқушының мүмкіндігі мен 
əлеуетіне сай бола отырып, оқытудың мотивациялық факторы 
ретінде орын алуы керек. Педагогикалық тəжірибеде ең негізгісі 
оқытудың ұйымдастырылған танымдық əдістері. Жобалау əдісі 
оқушының шығармашылығын дамытатын əдістердің бірі болып та-
былады.
Жобалау əдісін қолданудың:
- нəтижелердің тəжірибелік, теориялық, танымдық маңыз-
дылығы;
- іс-əрекетті өзбетінше орындау;
- жобаға қажетті базалық білімді анықтау;
- жоба бөлімінің мазмұндық құрылымдалуы;
- зерттеу əдістерін қолдану;
- зерттеудің мəселесін, міндеттерін анықтау;
- гипотезаны, зерттеу əдістерін талқылау;
- мəліметтердің талдауын жасау;
- қорытындыны безендіру;
- нəтижені, шығармашылық есепті шығару;
- жобалық тапсырмаларды орындау;
- базалық білімдер мен дағдыларды жүйелеуді қалыптастыру, 
оны болашақта қолданып, дамыту;
- жобаға қажетті мотвация мен білімді тереңінен игеру 
қажеттілігін дамыту;
- оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін белсендіру;
- жобалық міндеттерді орындауға қажетті шығармашылық 
қабілеттерін жетілдіру;
- жаңа білімдерді алуға жігерлілігін тəрбиелеуді жетілдіру 
сияқты негізгі талаптары бар.
Жобалау əдісі оқушылардың өзбетінше əрекеттенуіне 
бағытталған. Іс-əрекет барысында мультимедиа-ресурстарын 
мақсатты түрде қолданылады.
Ақпараттық ресурс əдісі
. Оқушылардың дидактикалық 
кітаппен, оқулықпен, анықтамалармен, ғылыми əдебиеттермен 
жұмысы негізгі əдіс болып табылады. Қазіргі кезде бұл ақпараттар 
көзі қатарына мультимедиа-ресурсын жатқызуға болады. Бұл əдістің 


114
ең негізгі жетістігі – оқу ақпаратын бірнеше рет өзіне қажетті 
уақытта өңдеуге мүмкіндігі. 
Оқу əдебиетімен жəне мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеу 
əдісі мектепте тиімді қолданылуда. Бірақ ақпараттық төңкеріс 
жағдайында оқу əдебиетінің құндылығын қайта қарау қажет. 
Күннен күнге дамыған ақпараттық технологияның Интернет 
желісінде бұл мəселе өзекті болып отыр. Бұдан басқа, Интернет 
коммерциясы нарыққа төменгі сападағы баспа өнімдерін ысыруға 
көмектесуде. Бұл жағдайда мұғалім оқу материалдарын ақпараттық 
ресурстар арқылы беруде оқушыларға өзбетімен оқып үйренуге 
жəне білімді бекітуде қандай баспа өнімдеріне сүйене көрсететіндігі 
туралы мəселеге кездеседі. 
Тағы бір фактор Интернет желісінде жүзеге асырылған қазіргі 
гипермедиа-технологиялар əртүрлі серверлерде орналасқан өзара 
жіктелген мультимедиа-ақпараттарды біріктіруге, өлшемі шек-
телмеген бүтіндей ақпараттық мультимедиа-ресурс құра отырып, 
құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді.
Осылайша, ақпараттық ресурс əдісін қолданатын мұғалім міндеті 
– қажетті ресурстарды таңдау жəне оларды оқушыларға бағдарлау.
Ақпараттық ресурс əдісінің программаланған оқытудың стан-
дартты əдістерінен жəне əдебиетпен жұмыстан негізгі ерекшелігі 
төменгідей:
- қолданылатын мултимедиа-ресурстар Интернет желісінде 
түрлі серверлерде орналасады;
- мультимедиа-ресурстарлың саны жəне олардың арасындағы 
байланыс практика тұрғысынан шектелмеген;
- мультимедиа-ресурстағы ақпаратты гипермəтін көмегімен 
білім алушыға жеткізу оқу материалын өтудің өзіндік траек-
ториясын табуға мүмкіндік береді, өз тілегі мен мүмкіндіктері 
бойынша білімін тереңдетуге жəне кеңейтуге жағдай жасайды.
- Интернет желісінде қолданылытан гипермедиа-технологиялар 
қажеттілігіне қарай оқу материалына иллюстрацияны, анима-
цияны, бейнероликті, ақпаратты сөйлетуге жағдай жасайды.
Ақпараттық ресурс əдісін қолданудың негізгі мақсаты – 
əртүрлі оқушыға қажетті жəне оның танымдық қажеттілігін 
қанағаттандыратын ақпараттардың көмегімен оқушылардың 
бағдарлану жолындағы теориялық білімдерді бекіту мен кеңейту.
Ақпараттық ресурс əдісін пайдалануда оқушының іс-əрекетін 
мұғалім басқарады – бұл нақты білімдердің хабарламасы, білімді 


115
бекіту мен кеңейту мақсатындағы мультимедиа-ресурстарды іріктеу 
мен жүйелеу, сонымен қатар білім алушылардың білімін бақылауды 
жүргізу.
Аталған əдісті қолдану тек қана оқушылардың теориялық 
білімдерін қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар əрі қарай аталған 
əдісті болашақ мұғалімдердің кəсіби іс-əрекетінде пайдалануының 
алғышарты болып табылады.
Мұғалім тарапынан мультимедиа-ресурстарды жинақтау мен 
құрылымдаумен байланысты, қолданылатын мультимедиа-ре-
сурстарды пайдалану сапасына қойылатын жоғары талаптың, 
ресурстардың біркелкілігіне (ұқсас интерфейс) қарай көп уақыт 
кетіретіндігі, соныман қатар оқушы тарапынан: қарау, оқу жəне т.б. 
ақпараттық ресурс əдісінің кемшілігіне жатады.

Download 1,08 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish