129
қосу және азайтуды үйренуде балалар қосудың орнын ауыстырымдылық
қасиетімен танысады. Бағдарламада арифметикалық амалдардың қасиетін
үйренуден тыс арифметикалық амалдардың шектері мен нәтижелерінің
арасындағы байланыстарды түсіндіру де көзделеді. Бұл жұмыс амалдарын,
теңдеулерін тексеруде үлкен маңызға ие. Мысалы, 6 4=24 болса, бөлуге
байланыстырып 24:6=4, 24:4=6 сияқты жағдайлар пайда етіледі.
Негізгі міндеттердің бірі есептеу дағдыларын қалыптастыру. Ауызша
және жазбаша тәсілде есептеулер 1- 4 әр тақырыпта өз көрінісін тапқан.
Мысалы,
ауызша
276+432=(200+400)+(70+30)+(6+2)=600+100+8=708
Жазбаша , +276
432
Арифметикалық амалдарды үйренуде оқушылардың санасын оның
мағынасын, мазмұнын жеткізу керек. Бұл жұмыс предметтерінің әртүрлі
жиындарымен практикалық жұмыстарды орындау негізінде өткізіледі.
Оқушыларды қосу және азайту амалдарының мағынасымен
таныстыру екі
жиынның элементтерін біріктіруге тиісті және берілген жиындардан оның
бөліктерін ажырату сияқты практикалық қатынастар арқылы жүзеге
асырылады. Қосу амалы сандарды көбейту амалдары үшін негіз болып
қызмет етеді. Көбейту оның компоненттерімен нәтижелерінің арасындағы
байланыстарды үйрену өз кезегінде бөлу амалын үйрену үшін негіз болып
қызмет етеді. Арифметикалық амалдарды үйренудегі мәселелердің бірі
ауызша және жазбаша есептеудің тәсілдерін саналы түрде меңгеру,
есептеу
біліктілік және дағдыларды қалыптастырумен байланысты. Ауызша
есептеудің негізгі дағдылары 1- және 2- сыныптарда қалыптасады. Ауызша
есептеу тәсілдері де, жазбаша есептеу тәсілдері де амалдарың қасиеттері
және олардан келіп шығатын нәтижелерін амалдар компоненттерімен
нәтижелерінің арасындағы байланыстарды білуге негізделеді. Бірақ ауызша
және жазбаша есептеу тәсілдерінің ерекшеленетін қасиеттері де бар.
Ауызша есептеулер:
1. Есептеулер жазуларсыз (яғни зердеде орындалады) немесе
жазулармен түсіндіріліп берілуі мүмкін.
Мұнда шешімдерді:
а) түсіндірулерді толығымен жазумен (яғни есептеу тәсілін алғашқы
нығайту басқышында) беру мүмкін. Мысалы: 34+3=(30+4)+3=30+(4+3)=37,
9+3=9+(1+2)=(9+1)+2=12 т.б.
ә) Берілгендерді және нәтижелерді жазу мүмкін. Мысалы,
34+4=37
9+3=12
б) Есептеудің нәтижелерін цифрлап жазу мүмкін. Мысалы,
1) 34, 2) 12...
2. Есептеулер жоғары таңба бірліктерінен бастап орындалады. Мысалы,
430-210=(400+30)-(200+10)=(400-200)+(30-10)=200+20=220.
3.Аралық нәтижелер зердеде сақталады.
4. Есептеулер әртүрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Мысалы,
131
Кейбір мысалдарды ауызша да, жазбаша да шешу мүмкін. Бұл жағдайда
оқушылар шешімдерін салыстырып, арифметикалық амалдардың мазмұныны
және сандар үстінде амалдардың мазмұнын жақсы түсінеді.
4+2=6 2+1=3 5+3=8
2+4=6 1+2=3 3+5=8
Балалар бұл мысалдардың әрқайсы жұбын салыстырып, олардың ұқсас
және ерекше жақтарын анықтайды және оқытушының басшылығында
мынадай қорытынды шығарады: қосылғыштардың орындарын ауыстырумен
қосынды өзгермейді.
Оқушылар қосындының орын ауыстыру қасиетімен танысқандарынан
соң, бұл қасиеттің қолдануымен байланысты болған жаттығуларды
орындайды және үлкен санға кіші санды қосу оңай деген қорытынды
жасайды, сондай-ақ ең оңай тәсілмен есептеу үйреніледі. Мысалы:
1-ден 20-ға дейінгі сандардың қосындысын табыңыз:
1+2+3.....20
20+19+18......+1
21+21......+21+10х21=210
Do'stlaringiz bilan baham: