Аннотация
Бұл мақалада балабақшада денсаулық сақтау технологияларын тиімді пайдалану,
салауатты өмір салты әдеттеріне дұрыс тәрбиелеу қарастырылады. Тәрбиеленушілердің
денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық
жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын
сақтайтын білім беру технологияларын таңдау білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа
кезеңінің басты міндеттерінің біріне айналды. Денсаулық сақтау педагогикалық
технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып табылады.
Annotation
The presented article considers the possibilities of effective use of health saving
technologies in kindergarten. The main task of using health-saving technologies is defined by the
author as the correct education of the habits of a healthy lifestyle. The article points out that a
new stage in the modernization of the education system is: preservation and strengthening of the
health of pupils, taking into account their age, the elimination of a large number of loads and the
selection of adequate educational technologies to promote the health of preschool children.
Health-saving pedagogical technologies are one of the means to solve the problems of education
of a healthy lifestyle.
XXI ғасырда өмір бізге көптеген жаңа мәселелерді айқындады, оның ішінде
денсаулық сақтау, салауатты өмір салты әдеттерін тәрбиелеу ең өзекті мәселе болып
табылады. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас
ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі
балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау білім беру жүйесін
жаңғыртудың жаңа кезеңінің басты міндеттерінің біріне айналды. Денсаулық сақтаушы
педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып
табылады. Егер, педагог денсаулық сақтау технологияларын, яғни СӨС әдеттерін
130
қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмыстың жаңа белсенді формаларын қолдану
арқылы дене шынықтыру және сауықтыру бойынша балалармен және олардың ата-
аналарымен жұмыс істеу жүйесі әзірленсе, балалардың денсаулығы сақталады, нығаяды
және дамиды, ал физикалық қасиеттері тиімді түрде жетілдіріледі. Балабақшаға денсаулық
сақтау технологиясын енгізу, бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру;
педагогтарды, ата-аналарды және олардың балаларын дене шынықтыру мен СӨС тарту.
Дене шынықтырудың (дене жаттығуларының, ұтымды режімнің, шынықтырудың) тек
барлық құралдарын кешенді қолданған жағдайда алға қойылған міндеттерді сәтті шешуге
және мемлекеттік стандарттың талаптарын орындауға болады [1].
Сондықтан да дені сау баланы тәрбиелеу жұмысы денсаулық сақтау
технологияларының кешенінен тұратын дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының жүйесі
арқылы жүзеге асырылады. Денсаулық сақтаушы сауықтыру технологияларын ойын
нұсқасында қолдану - оқыту мен сауықтыру оңай жүзеге асады, жаттығулар мен сауықтыру
техникалары ұзақ уақыт бойы баланың есінде сақталады. Балабақша мен отбасы
әрекеттестігінің жаңа түрін қалыптастыру, ол педагогтардың, мамандардың ата-аналармен
қарым-қатынасымен ерекшеленеді және отбасының тәрбиелік әлеуетіне дұрыс ықпал етуге
көмектеседі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерістің тұтастылығы бала дамуы
туралы, соның ішінде физикалық дамуы туралы жаңа түсінікті айқындайтын қандай да бір
бағдарламаны іске асырумен қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі ұйымда бала денсаулығын, оның физикалық дайындық деңгейін
қалыптастыру, меңгерілетін қозғалыс машықтарының көлемі оның немен және қалай
шұғылданатындығына, яғни, педагогтардың қандай бағдарламаларды қолданатындығына
байланысты. Балабақша мен ата-аналар алдында ауқымды міндет тұр – баланың дұрыс
физикалық дамуына жағдай жасау, мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес, белгілі қимыл машықтарын дамытуға арналған сезімтал ерекшеліктерін ескере
отырып, моторлық функцияларының уақытылы дамуына, маңызды органдары мен
жүйелерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ететін қимыл белсенділігінің оңтайлы режімін
қамтамасыз ету [2]. Дене шынықтыру жалпы адамзат мәдениетінде орны ерекше.
«Салауатты өмір салты», «тұлғалық дене шынықтыру», «дене шынықтыру білімі» - бұл сөз
тіркестері біздің күнделікті өмірмізге жиі енеді, ажыратылмайтын бөлігін құрайды.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың өмірлік іс-әрекеті әр түрлі нысанда және түрлі
әрекеттер көмегімен денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған болу керек. Қазіргі
уақытта бұл кешен «денсаулықты сақтау технологиясы» деп аталады. Денсаулық сақтау
технологиялары: тәрбиелеу – сауықтыру, түзету және алдын алу шаралары біртұтас жүйе
ретінде сабақтастық үрдісінде жүзеге асады. Оларды «Бала және педагог», «Бала және ата-
ана», «Бала және дәрігер» деп топтастырып қарастыруға болады[3].
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі
баланың денсаулығын сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар
баланың салауатты өмір салты туралы қажетті білімін, білігін және дағдысын
қалыптастыру. Алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйрету. Балабақшаның
денсаулық сақтау жүйесі - әртүрлі сауықтыру тәртібі (бейімделуге, демалыс кезеңіндегі);
шынықтыру шаралар кешені (ауада шынықтыру, “денсаулық кілемшелерімен” жүру,
жалпақтабандылықтың алдын-алу; балалардың таза ауада ұзақ болуын қамтамасыз ету,
сергіту жаттығулары); әр түрлі үлгідегі дене шынықтыру оқу іс-әрекеті; қимыл тәртібін
оңтайландыру: балалардың дәстүрлі қимыл әрекеті (таңғы жаттығу, дене шынықтыру оқу
әрекеті, қимылды ойындар ойнау, серуен) және сауықтыру мен шынықтыруға арналған
инновациялық технологиялар (ритмопластика, логоритмика, түйсіну кілемшелері);
рационалы тамақтануды ұйымдастыру; балалармен және ата-аналармен медициналық-
профилактикалық жұмыс; педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда Сан-Эпид талаптарын
сақтау; педагогтардың психологиялық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы іс-
шаралар кешенін тиімді құрудан тұрады. Денсаулық сақтау технологиялары 3 топқа
131
бөлінеді: 1. Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиялары 2. СӨС меңгерту
технологиялары 3. Түзету технологиялары.
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологияларына: динамикалық
үзілістер, қимылды және спорттық ойындар, релаксация, саусақ жаттығулары, көзге
арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығулары, ұйқыдан кейінгі жаттығулар,
ритмопластиканы жатқызамыз. Ал динамикалық үзілістер ОІӘ барысында 2-5 минут
баланың шаршағанына қарай беріліп отыруы тиіс. Қимылды және спорттық ойындар дене
шынықтыру оқу әрекетінің бір бөлімі ретінде, серуенде, топ бөлмесінде аз, орта қимылды
әрекеттерді құрайды [4]. Релаксация кезеңінде міндетті түрде жайлы, классикалық, табиғат
әуендерінен музыка тыңдалады. Мысалы, «Ұйықтап жатқан мысық» бейнесін келтіру.
Балалар төсеніш үстінде ұйықтап жатқан мысықтың ролін ойнайды. Мысық демалғанда
оның іші жай қампиып, кері орнына түседі. Кей жағдайда тәрбиеші мәнерлі дауысымен
мынадай өлең жолдарын оқи отырып балалардың демалуына жағдай жасай алады. Мысалы,
Түс мезгілі. Балапандар ұйқыға кірісті. Балапандар көреді түсті, Ғажайып сиқырлы әлемді.
Балалар ұйқыдан оянады. Тәрбиеші: Көзімізді ашайық, Бойымызды жазайық. Қолымызды
созайық, Жаттығулар жасайық.
Сонымен қатар саусақ жаттығулары да баланың ұсақ моторикасының дамуына
орасан зор ықпалын тигізеді. Әр саусақты атымен ататып оларды түрлі қимылдармен
қозғалту жаттығуларын жасата отырып баланың әрі ойлау қабілетін де дамытуға ықпал
жасаймыз. Саусақ жаттығулары: Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек,
кішкентай бөбек. Көзге арналған жаттығулар көзге түскен қарқынды салмаққа байланысты
күніге қалаған уақытта 3-5 минут жүргізілуі керек. Тыныс алу жаттығулары әр түрлі
шынықтыру-сауықтыру жұмыстарында жүргізіледі. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру,
шынықтыру балалардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы
тұру қабілетін арттырады. Тыныс алу жаттығуларының негізгі құралы – ағзаның
тыныштық қалпындағы орындалатын және қозғалыста орындалатын жаттығулар. Ұйқыдан
кейінгі жаттығулар күн тәртібіндегі денсаулық сақтау жағынан маңызды бір ұйқыдан
кейінгі шынықтыру кезеңі болып табылады. Баланың денсаулығын нығайту үшін, оның жас
ерекшелігінің физиологиялық даму кезеңдерін және оның денсаулығын жақсарту мен
қуаттайтын қажетті шараларды анық білу қажет. Ритмопластика, яғни ритмикалық
жаттығулар тірек –қимыл аппараттарын, тыныс алу, жүрек, қан тамырлар жүйесін
жақсартып, дұрыс сымбаттың қалыптасуына, музыкалық сезімін дамытуға жағдай
жасайды. СӨС меңгерту технологияларына таңғы жаттығулар, дене шынықтыру оқу іс-
әрекеті, өзін –өзі уқалау, белсенді демалыс және «Денсаулық әліппесі» әрекетін
жатқызамыз. Таңғы жаттығу балаларды ақыл – ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық
жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы
белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен
тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті -
балабақшаның жұмыс жасайтын бағдарлама талабына сай жүргізіледі. Өзін-өзі уқалау
динамикалық үзіліс түрінде, күнделікті ойын түрінде, 5 минуттық әрекет турінде
жүргізіледі. Белсенді демалысқа дене шынықтыру демалыстары мен мерекелік жарыс
шараларын, музыкалық сауықтарды жатқызамыз.
Түзету технологияларына артикуляциялық жаттығуларды, ертегітерапиясын,
музыкалық ықпал технологиясын жатқызамыз. Артикуляциялық жаттығулар деп ерін, тіл
және мимикалық бұлшық еттер қосылатын баламен жүргізілетін әрекетті айтамыз.
Артикуляциялық жаттығуды жүргізудің басты мақсаты баланы артикуляциялық аппарат
ағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады. Ұзақ әрекеттің қорытындысы
дыбыстарды анық айту болып табылады. Артикуляциялық жаттығу баланы кейін жазу
дағдыларына үйренуінде үлкен орын алады. Ата-аналармен жұмыстар педагогикалық
әңгіме, жалпы және топтық ата-аналар жиналысы, кеңестер, ата-аналармен бірге жасалған
балалар жұмысының көрмесі, мерекелерді өткізуге және дайындыққа ата-аналардың
132
қатысуы, денсаулық ойын-сауықтары, пәндік кеңістіктік дамытушы ортаны бірге жарату
[5].
Балабақша жағдайында құрылған денсаулық сақтау ортасы баланың әлеуметтік
ортаға бейімделуін, олардың қимыл белсенділігіне деген сұраныстарын іске асыруға және
қимыл дағдыларын барынша тиімді дамытуға ықпал етеді. Жұмыста денсаулық сақтау
технологияларын қолдану тәрбиелеу-білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады,
педагогтар мен ата-аналардың тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға
бағытталған құнды бағдарларын қалыптастырады, ал балалардың СӨС ынтасын
қалыптастырады. Балабақша жұмысы балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға
бағытталған және денсаулық сақтау технологиясы сауықтыру орталықтарымен тығыз
байланыста біртұтас жүйемен іске асырылғанда ғана толыққанды әрі нәтижелі деп
саналады. Осының нәтижесінде жыл сайын суық тию және өзге сырқаттардың деңгейі
төмендеп, физикалық даму көрсеткіші жақсарады, балалардың физикалық дайындығы
артады. Балабақшаның осы жеке және ізденушілік жұмысы күні бойы және медициналық,
педагогикалық қызметкерлердің, тәрбиешінің, музыка жетекшісі мен дене шынықтыру
бойынша нұсқаушының қатысуымен кешенді түрде іске асырылады.
Осы ортақ үдерістің қатысушылары бола тұра, біз денсаулық сақтау үдерісін құру
үшін іс-тәжірибеге әртүрлі әдістер мен тәсілдерді енгізуді қолдана отырып, мектеп жасына
дейінгі балаларды салауатты өмір салтының негізгі қимылдары мен дағдыларына
машықтандыруға баса назар аударуымыз қажет. Инновациялық қызметті өткізуге
педагогтар теоретикалық тұрғыдан дайындалып, әдебиеттер зерттеліп, ресурстар талданды,
топтағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім беру үдерісінде денсаулық
сақтау технологияларын қолдану мәселелері айқындалды.
Do'stlaringiz bilan baham: |