Alisher Navoiy nomidagi Toshkent davlat o‘zbek tili va adabiyoti universiteti



Download 7,21 Mb.
Pdf ko'rish
bet90/398
Sana26.02.2022
Hajmi7,21 Mb.
#467559
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   398
Bog'liq
Тайёр Миллий корпус тўплам 17.05

Мұратбек Бағила Құрманбекқызы
*
33
 
Аширова Анар Тишибайқызы
*
34
 
 
Аңдатпа:
 Қазіргі қазақ тіл білімінде көптеген тілші-ғалымдар лексикада адамның көңіл-
күйіне әсер ететін бір топ сөздер барын және олар «эмоционалды-экспрессивті» сөздер деп 
(кейде «сөздің эмотивтілігі» немесе қарқындылығы" деп атау да кездеседі) аталатынын 
көрсеткен. Бұл сөздер тобы адамның бір зат құбылысқа өзіндік көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін 
білдіруінен көрінетіндігі және жалпы зерттелу, барысы мақалада кең ракурста қарастырылды. 
Кілтті 
сөздер:
 
Баға, 
бағалау 
сөздері,бағалауыштық 
лексика,эмотивті 
лексика,эмоциональды сөздер тобы. 
Annotation. 
In modern Kazakh linguistics, many corresponding scientists have pointed out that 
there is a group of words in the vocabulary that affect a person’s mood, and they are called “emotionally 
expressive words” (sometimes called “emotionality of the word or intensity”). This group of words is 
manifested in the fact that a person expresses his attitude, mood, feelings to the same phenomenon, and in 
general is studied, the course was considered in the article in a broad perspective. 
 Keywords: 
evaluation, evaluative words, evaluative vocabulary,emotive vocabulary, emotional 
group of words. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде көптеген тілші-ғалымдар лексикада адамның көңіл-күйіне әсер 
ететін бір топ сөздер барын және олар «эмоционалды-экспрессивті» сөздер деп (кейде «сөздің 
эмотивтілігі» немесе қарқындылығы" деп атау да кездеседі) аталатынын көрсеткен. Бұл сөздер 
тобы адамның бір зат құбылысқа өзіндік көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін білдіруінен көрінеді. 
Эмоционалды-экспрессивті сөздер тікелей сезімге әсер ету қасиетімен сипатталады. 
Эмоционалды-экспрессивті сөз – коммуникативтік қатынас үстінде пайда болатын сезім мен 
эмоцияның жанды көрінісі. Эмоционалды сөздер ғылыми әдебиеттерде эмоционалды мәнді және 
эмоционалды реңді болып екіге бөлінеді. «Эмоционалды мән сөздер заттың логикалық мәнімен 
қатар өмір сүре алады. Эмоционалды рең - эмоционалды мәннің тек жақын көрінісі ғана. Мұндай 
рең интонация арқылы беріледі» [Гальперин, 1981, 84]. Сөз мағынасының аспектісінде 
эмоционалдылықпен тығыз байланысты категориялар ретінде ең алдымен бағалауыштық сөздерді 
атауға болады. Эмоционалды сөздер адамның қоршаған болмысқа деген түрлі әсерін білдіретін 
болса, бағалауыш сөздер сол қоршаған болмысқа деген өзіндік баға беруде қолданылады. Бұдан 
байқайтынымыз, эмоционалдылық әрқашан бағалауды білдіреді.
Эмоция мен психикалық күйін білдіретін эмоционалды сөздер мен бағалауыштық 
сөздердің бейнелілігін, әсерлілігін нақты айқындап, эмоцияның қарқындылығын белгілеуде 
экспрессивтіліктің мәні хор екендігі айқын. Тіл білімінде лингвист ғалымдар осы аталған үш 
тілдік бірлікті (эмоционалдылық, экспрессивтілік, бағалауыштық) стилистикалық категория 
ретінде бір тілдік категория (белгілі қасиеттері, функциясы бойынша дараланатын тілдік элемент, 
белгі) қатарына жатқызса, кейбір лингвист зерттеуші ғалымдар бұларды өзіндік айырым белгілері 
бар жеке-жеке тілдік термин ретінде қарастырады.
Әртүрлі лингвистикалық, философиялық, логикалық еңбектерде объекті мен субъектінің 
арасындағы құндылық жайындағы ойдан бағалау пайда болады. «Құндылық» термині адамның 
қоршаған ортамен байланысынан кең және тар ұғымда қолданылады. Адамның әлеуметтік, 
мәдени тұрғыдан құндылықты қарастыруы заттың жағымды және жағымсыз жағын танып, оның 
қандай да бір құндылығын, сапасын баға арқылы бере алатындығында. Осылай баға беру үшін 
контексте енген бағалауыш сөз ерекше структура құрайды. А.А.Ивин (ХХ ғасыр, орыс тіл білімі) 
33
* Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, ф.ғ.к.,доцент
34
* Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, ф.ғ.к., доцент



Download 7,21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   398




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish