«MODERN SCIENTIFIC CHALLENGES AND TRENDS»
SCIENCECENTRUM.PL
ISSUE 5(39) PART 1
ISBN 978-83-949403-3-1
16
ұмтылып тұрмаса да көнелігі мен тарихи маңызы одан бір де бір кем емес ескерткіштер
баршылық. Сарыарқа мен Мауреннахрдың шекарасы болып табылатын Қаратау
өлкесінің ой-шұңқыры, Балқаштың жағасындағы құмдауыт, қырлы алқап, одан бері
Бетпақдала шөлі мен Ертіске дейінгі ұсақ шоқылы далалық өлке арғы тарихы 1 миллион
жылға баратын тас дәуірінің ескерткіштерінен бастап, бергі көшпелілердің қыстау,
құдықтарына толы. Жаңаарқа жерін қақ жарып, Бетпақдаланы кесіп өтетін Сарысу өзені
қашан да меридианалды бағытта жылжыған көш керуеннің арнасы деп айтуға тұрады.
Б.э.д. 850-700 мың жыл бұрын адам баласының жаратылыс кіндігі болған Орталық
Африка мен Кіші Азия төрінен солтүстікке жылжыған қауымдар Сарысуды жағалап,
Сарыарқаға келгені анық. Олардың тіршілікте көрген тауқыметі мен қызығы, сәби
дүниетанымы жақпар тастардағы, үңгірлердегі суреттерде бейнеленген. Тас бетіне
қашалған суреттерден аң қуып жүрген аңшыларды да, киелі аңдар мен бақсылардың
кескінін де, аспан шырақтарының суреттерін де т.б. ғажайыптарды кездестіреміз.
Археологтар Сарыарқа жерінде жиі кездесетін қола дәуірінің қоныстарын
«протогород» деп атаған жөн дейді. Себебі, бір жұрттың өзінде кейде 30-40 үй қатар
орналасады, ал әр үйдің көлемі 150-200 шаршы метрден. Үй болғанда да американдық
үндістерде бертінге дейін сақталған «ұзын үйлер», бірнеше ошақты немесе кішігірім
өзбектің мәхалласымен де салыстыру артық емес.
Қола дәуірінің осындай ірі қоныстары Жаңаарқа жерінде жиі кездеседі. Олардың
ішінде атап көрсетуге болатындары – Қараағаш, Ақтау қоныстары. Жалпы Толағай
жерінде, Атасу мен Ақсу өзендерінің бойында, Мұстафа мен Мыржық маңында, Көнек
тауында б.э.д. ІІ мыңжылдықта ата-бабаларымыз тұрақты өмір сүрген елді-мекен
орындары баршылық. Үй-жайлардың іргетастары Арқа жерінде жиі кездесетін гранит
тастардан көтерілген, ағаш-сырғауыл қабырғалардан тұратын үй-жайлар өзен
бойындағы ық жерлерде жиі кездеседі. Бір-бірімен жалғасып жатқан бұл үйлердің
әрбірінде жеке ошақ бар, соған қарап үлкен патриархалдық қауым осы кезеңде
қалыптасты деп болжауға болады. Археологиялық қазбалардың кезіңде ерте дәуір
қоныстарында қоладан жасалған әртүрлі еңбек құралдары, қыш құмыралар, мал
сүйектері, алтынмен қапталған, күміспен күптелген әшекей бұйымдар кездесіп қалады.
Атақты академик Ә.Марғұлан Жаңаарқа жеріндегі Атасу кенішін Орталық
Қазақстандағы ең ірі қоныстың бірі деп есептейді. Оның айтқан жобасымен осы жерде,
жалпы аумағы 15 мың шаршы метр 35 үй-жай, қора-қопсының орны анықталды. Ең шағын
деп аталған үйдің аумағы 80 шаршы метр болса, ірісі 250 шаршы метр. Атасу қонысы
өзінің ерекше жылыту жүйесімен де археологтарды таң қалдырады. Көп үйлердің пеш
құдықтары еден астымен байланысып, кейде бірнеше үйді түгел аралап кетеді. Үй
маңындағы күл-қоқыстың қалыңдығынан-ақ Атасу қонысының жүздеген жылдар бойы
өмір сүрген құт мекен екенін сезінесің. Осы қонысты қазіргі таңда «Мыңбай сайы» деп
атайды [1, 31 б.]. Өз бастауын таудан алатын Мыңбай сайы ерте кезде ірі өзен болса керек.
Оның жағасындағы тоғай, қайың мен терек, қалың арша да ертедегі орманнан қалған
деседі. Тау қуыстарындағы тастардан үйілген қоршаулар да қола дәуірі адамдарының
құрбандық шалған, Тәңірге сиынған ескерткіштеріне ұқсайды. Атасу қонысын айнала
терең арық жүргізілген, әлі күнге дейін оның сорабы мұңдалып көрініп тұрады. Яғни,
Do'stlaringiz bilan baham: |