6-шы себебі: сен «инстаграм уақытша» деп
ойлайсың. Иə, басында барлығымызда солай
ойладық. 2010 жылы инстаграм америкада алғаш
рет пайда болған кезде бұл əлеуметтік желіні ешкім
білмеді. Барлығы оны еріккеннің ермегі деп ойлады.
Біздің елімізге 2012 жылы келген кезде де ешкім
инстаграмды серьезно қабылдамады, барлығы ол
кезде вконтактені қолданатын еді. Бірақ дəл
уақытында инстаграм парақшаларын дамыта
бастаған блогерлер мен компаниялар қазір негізгі
табыс көзін инстаграм арқылы тауып отыр.
Одан кейін маған ең көп келетін сұрақ
«егер инстаграм жабылып қалса не істейсің?».
Оны инстаграм жабылған кезде көре жатармыз,
əлі болмаған жағдайға алдын ала алаңдаудың
қажеті жоқ деп ойлаймын. Келесі сұрақ бұл
«инстаграм қызық емес, қазір тикток қызығырақ
қой» деп жатады. Иə, тиктоктың өзіндік
аудиториясы мен контенті бар.
Бірақ инстаграм халықтың санасында өз позициясын жоғалта
қойған жоқ. Дəл қазір инстаграм тиктокпен бірге қызу жарыс үстінде.
Оған дəлел инстаграм «рилс» деп аталатын жаңа функция шығарды.
Картинка тикток бұл тиктоктағы сияқты жылдам видеолар салуға
болатын жаңа функция. Сондай-ақ енді тиктоктың логотипі бар
видеоларды инстаграмға салуға болмайды, себебі инстаграм
құрастырушылары тиктоктың логотипін көрсе видеоны автоматты түрде
блокқа
жіберетін
жаңа
алгоритм
ойлап
тапты.
Байқап
отырғандарыңыздай, инстаграм əлі де өз позициясын жоғалтпайды жəне
жаңадан шыққан бəсекелестерімен тиімді күресуде. Сондықтан инстаграм
бұл уақытша нəрсе деп ойлаудың қажеті жоқ. Тіпті уақытша нəрсе болса
да сен бұл біліміңді кейін басқа салаларда қолдана аласың, себебі
интернет біздің өмірімізден енді ешқайда кетпейді.
Сенің инстаграм арқылы табыс таппауыңның
7-ші себебі: сен табыс табуға идеальный моментті күтесің.
«қазір емес келесі жолы, мүмкін жолым болмай қалар,
сəтсіздіктен қорқамын» деген ойлар саған келген шығар.
Бұндай ойлар барлық адамға келеді. Менің берер кеңесім :
егер қорқыныш болса онда сол қорқыныштың артында
сенің өсетін жаңа мүмкіндіктерің жасырынып тұр.
Қорқынышты жеңіп өту арқылы ғана сен жаңа деңгейге
шыға аласың. Идеальный сəтті күтпе, табыс табуға
идеальный сəтті өзің жаса. Футбол ойынын барлығымыз
білетін шығармыз. Ол ойында гол соғатын шабуылшылар
гол салуға идеальный мүмкіндікті күтіп отырмайды ғой.
Қайта-қайта əрекет жасап, əртүрлі əдіс тəсілдерді тексеру
арқылы гол соғу мүмкіндіктерін жиілетеді. Табыс табуда да
дəл солай. Ақша бұл – гол деп алатын болсақ сен ақша
табуға деген сəттердің санын көбейту керексің, егер олай
жасай алмасаң, сəйкесінше, табысың да бір орында қала
береді.
Do'stlaringiz bilan baham: |