Сəлем, достар! Сіздерді 2021 жылы
инстаграмда ақша табудың нақты 10 жолы 3
күндік
тегін
сабақтар
жиынтығының
алғашқысында көргеніме қуаныштымын. Біз 3
күн бойы сіздермен инстаграм арқылы табыс
табудың құпияларын, инстаграмның келесі
жылы пайда болатын жаңа трендтерімен,
инстаграмның бізге сыйлайтын мүмкіндіктерімен
танысатын боламыз. Бұл тегін сабақтар
жиынтығы сіз үшін өте пайдалы болады деген
сенімдемін.
Алғашқы сабағымызды бастамас бұрын
алдымен сабаққа дайындалып алуымыз керек. Ол
үшін сізге дəптер мен қаламсап қажет. Сабақ
кезінде сіз өте көп құнды жаңа білімдер алатын
боласыз, олардың əрқайсысын түртіп жазып алып
отыру керек, себебі, жаңа ақпаратты миыңызға
тезірек сіңіру үшін оны жазып алу керек жəне
бірнеше рет оқу керек болады. Содан кейін сізді
алаңдататын, назарыңызды алып қоятын артық
нəрселердің барлығын алып тастаңыз, телевизор
қосылып тұрса өшіріп тастаңыз, сабақты тік отырып
қараңыз, себебі адам бір ақпаратты жатып тыңдаса
ол ақпарат дұрыс қабылданбайды, бұл ғылыми
дəлелденген. Барлық назарыңызды сабақты
түсінуге бұрыңыз, мен ескерттім, бұл маңызды!
№1 САБАҚ
Визуалды конспект
«2021 ЖЫЛЫ ИНСТАГРАМДА
АҚША ТАБУДЫҢ НАҚТЫ 10 ЖОЛЫ»
ОНЛАЙН ТЕГІН МАРАФОНЫ
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз :
«Сенің инстаграм арқылы табыс таппауыңның 10 себебі» деп
аталады. көп созбай бірден сол 10 себепке өтейік.
Сенің инстаграм арқылы табыс таппауыңның 1-ші
себебі: сен инстаграм арқылы табыс табуға
болатындығына сенбейсің. Иə, осы уақытқа дейін
маған да көптеген адамдар «қалай инстаграм
арқылы табыс табасың? Бұл миға сыймайтын нəрсе
ғой! Адамдар инстаграмға уақытын өткізу үшін,
қызықты видеолар қарау үшін кіреді, инстаграмда
ақша табу мүмкін емес» деп айтатын. Менің
инстаграмның көмегімен табыс тауып жүргенімен
осымен 4 жыл болды. Көп адамдардың ойынша
инстаграм компаниясы ақша төлейді, яғни,
видеоларымыз көп просмотр жинаса, пікірлер саны
мен лайк көп болса, тітпі, оқырмандар саны үшін де
ақша төлейді деп ойлайды. Жоқ, олай емес.
Инстаграм сізге ақша төлемейді, сіз инстаграм
арқылы ақша табасыз. Инстаграм сіздің жұмыс
орныңызға айналады.
Қалай ақша табуға болады деген сұрақ
туындаған шығар? Бұл тақырыпқа арнайы екінші
сабағымыз бар, екінші сабақта мен сізге табыс
табудың жолдарын нақты көрсетіп, жіліктеп айтып
беремін. Ал дəл қазір сіз миыңызға нақты сенім
беріңіз: «мен инстаграм арқылы табыс таба
аламын, табыс табуға болады, менің қолымнан
келеді» деген ойды ішке ұялатыңыз. Егер сіз жасап
жатқан ісіңізге өзіңіз сенбесеңіз, əрине, ешқандай
нəтиже болмайды.
Сенің инстаграм арқылы табыс таппауыңның 2-ші
себебі: сен инстаграмның қандай мүмкіндіктері бар
екендігін білмейсің. Бүгінде инстаграм желісі
күннен күнге дамып, өзгеріп келе жатыр. Оны өзіңіз
де білесіз. Бір обновлениені жасасаң екі аптадан
кейін жаңа обновление шығып тұрады. Сторис,
лента, тікелей эфир. Осыдан 5 жыл бұрын
инстаграмда сторис деген функция болмаған еді, 4
жыл бұрын тікелей эфир деген функция болмаған,
3 жыл бұрын igtv деген бір минуттан артық
видеолар салуға мүмкіндік беретін функция
болмаған, 2 жыл бұрын стористегі фильтр маска
деген құралдар жоқ еді, 1 жыл бұрын инстаграмда
магазин деген бөлім болмады.
Байқап отырғаныңыздай инстаграмның
құрастырушылары күн сайын, ай сайын, жыл сайын
жаңа мүмкіндіктер мен құралдарды ұсынуда. Бұл
функциялардың əрқайсысы сізге табыс алып келе
алады, тек оларды қалай қашан дұрыс қолдануды
біліп алу керек. Əр функцияны дұрыс қолдану мен
сіздерге «salam instagram» атты ақылы курсында
толыққанды түсіндіретін боламын. Сонымен сіз
инстаграмның сізге қандай жаңа мүмкіндіктер
сыйлап жатқанын түсіне алдыңыз деген ойдамын.
Сенің инстаграм арқылы табыс таппауыңның
3-ші себебі: біздің халық əлі инстаграмды түсінбейді
деп ойлайсың. Бұл оймен мүлдем келіспеймін. Қазір
қарапайым смартфон еңбектеген баладан бастап
еңкейген қарияға дейін бар. Əр смартфонда
инстаграм əлеуметтік желісі қондырылғанына
сенімдімін.
Қазір қазақстандықтар жаңа технологиялар,
интернет, онлайн тапсырыс беру, қызметтерді
онлайн пайдалану деген сияқты қызметтерді
пайдалануды
үйреніп
алды.
Əрине,
қазақстандықтардың 100 %-ы толығымен онлайнға
көшпесе де, жақын арада көшеді. Бұл – уақыттың
еншісінде. Онлайн – қазіргі заманның талабы,
карантин бұған дəлел. Сондықтан біздің халық əлі
инстаграмды түсінбейді деген ойды басыңыздан
алып тастаңыз, цифрлы технологиялардың
заманында өмір сүріп жатырмыз ғой.
Do'stlaringiz bilan baham: |