POSD 3319.1. Профилакториядағы ойын-сауық демалысы.
3 кредит
Пререквизиттер:
BUKBU 2301 Бос уақытты көркемдік-
бұқаралық ұйымдастыру; SShN 1205 Сценарий шеберлігі
негіздері.
Пәннің мақсаты:
Бос уақытты ұйымдастыруда ойынды тиімді
пайдалана отырып танымдық тұрғыда дамуға ықпал ету. Ойын
түрлерін жас ерекшеліктеріне сай құрастыра білудің маңызы.
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Профилакториядағы ойын-
сауық демалысы түсінігі туралы. Демалыстағы ойын-сауық
түрлері.
Қызығушылығы бойынша ұйымдастырылатын
қызметтің формасы мен мазмұны. Профилакториядағы ойын-
сауық демалысын ұйымдастырушы педагог-организатордың
рөлі.
Күтілетін нәтижелер:
Даму жүйесінің нақты бір жағдайын
шешу
Білімі:
педагог-ұйымдастырушылардың кәсіби іс-әрекетінің
негізгі формаларын мен әдістерін білу; бос уақытты
ұйымдастырудың нақты формалары мен әдістерін білу;
балалар мен жеткіншектердін бос уақытын ұйымдастыру
ерекшелігін білу; қойылымдық жұмыстарды ұйымдастыру
және драмалық әзірлеменің негізгі әдістерін білу.
Меңгеруі:
балалар және бозбалалар диагностикасын жасау,
оны өткізу үшін жоспарлай алу; балалар мен бозбалалардың
жеткіншектермен өзара әрекет ету жағдайын талдай алу;
жинақталған материалдарды өзбетінше талдай алу; өткізетін
іс-шараның сценарлық жоспарын құрастыра алу; әлеуметтік
тәрбие жүргізетін әртүрлі мекемелер жағдайында, сондай-ақ
микросоциумда балалармен, жеткіншектермен, жастармен
мәдени дем алу жұмысын іске асыра алу.
Дағдысы:
бос уақытты ұйымдастыра алу дағдысын
қалыптастыру; проблемаларды анықтау және оларды шешу
жолдарын анықтау үшін алған білімін жүзеге асыра алу
дағдысын қалыптастыру; комуникативті, ұйымдастырушылық,
рефлексивті мәдениетті әрі қарай дамыта білу дағдысын
қалыптастыру; адамдармен еркін араласып кете алу дағдысын
қалыптастыру; технологияны немесе оның кейбір жеке
фрагменттерін тәжірибе жүзінде іске асырып, оны сипаттап
жаза алу, талдау дағдысын қалыптастыру.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзіреттер: игерген
білімін анық та, нақты, логикалық тұрғыда жүйелі түрде
жеткізе алу; тәртіпаралық ұжымда жұмыс істеу қабілеттілігі,
мәселелерді шеше алу; пәндік білім негіздеріне тиянақты
дайындалу; пәндердің жалпы құрылысы мен олардың өзара
байланысы жүйесін түсіну.
А1.1. қоршаған ортаға, қоғамға басқа адамдарға және өзіне
байланысты ізгілік міндеттерді орындауға, қабылдауға дайын
болу;
ойлау
қабілеттілігінің,
қорытынды
жасаудың,
талдаудың, ақпараттарды қабылдаудың, мақсат қоя білудің
және оған қол жеткізе білудің функционалды сауаттылығын
меңгеру.
А1.2. қазіргі информациялық қоғамның дамуы үшін қажетті
ақпараттың мәні мен маңызын қабылдауға қабілетті болу;
ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.
А1.3. қазіргі замаңғы ғылыми әлемнің ең үздік жетістіктері
мен оның құбылыстары жөнінде түсінігінің қалыптасуы,
қазіргі заманауи мәдени-әлеуметтік шындықты сын көзбен
қабылдай және ой елегінен өткізе алу дағдыларын дамыту.
В1.1. әріптестермен кооперацияға дайын болу, олардың жеке
ерекшеліктерін ескеру;
С1.1. базалық білімін тәжірибеде және ғылыми зерттеу
жұмыстарында қолдана алу қабілеттілігі; өзінің меңгерген
кәсіби білімін мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыруда
пайдалана алу;
D 1.2. кәсіби мәдени-тынығу жұмысы қызметінің әдістерін
түсіну және қолдана алу қабілеттілігі; тұрғындар арасында
туындаған мәселелерді шешу барысында мәдени-тынығу
жұмысын мүмкіндігін дұрыс қолдана алмау жауапкершілігін
сезіну;
Постреквизиттер:
PRC 2001 Өндірістік практика
Do'stlaringiz bilan baham: