AO 4329.2. Әншілік өнер IV. 2 кредит
Пререквизиттер
: EAS 3304 Эстрадалық ән салу ІII; AShT
3217 Актер шеберлігінің техникасы
Пәннің мақсаты: Әншілік өнерді дамыту жолдарын оқып
үйрену. Студенттерді әншілік өнерге кәсіби деңгейде
дайындау барысында кездесетін техникалық қиындықтарды
жеңу жолдары, ән өнері мен ән салу өнері туралы жинақтаған
білімін арнайы әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып
жетілдіру. Әншілік - актерлік шығармашылық шеберлікті
шыңдау. Ән өнерінің рухани мәдениетін қалыптастыру.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Эстрадалық ән салу» пәні
“Мәдени-тынығу жұмысы” мамандығының “мектеп және
мектептен тыс мекемелерде мәдени-тынығу жұмысын
ұйымдастыру
және
педагогикасы”
мамандандырылуы
бойынша білім алатын студенттерге арналған. Ән өнері
студенттерге
арнайы
әдістемелік
нұсқаулықтар
мен
әдебиеттерді пайдалана білуге, қазақ, орыс, және шетел
эстрада әндерінің озық үлгілерімен, халық әндері, сондаай-ақ,
халық композхиторларының музыкалық шығармаларымен
танып білуге, пән бойынша қажетті әдістемелік құралдармен
өздігінше жұмыс істей білуге үйретеді.
Күтілетін нәтижелер: Дауысты вокалдық жағынан жетілдіру,
әншілік өнер шеберлігін дамыту. Есту және есте сақтау
қабілетін арттыру. Ән салу өнері туралы жинақтаған білімін
жетілдіру.
Білімі: Әншілік өнер пәнінен алған білімін ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен байланыстыру арқылы жұмыс жасау, жұмыс
барысында кездесетін қиындықтарды жою тәсілдерін үйрену.
Меңгеруі
: Әншілік - актерліқ шеберлікті шыңдау. Сахна
қозғалысын меңгеру. Әннің мәтінінің мазмұнын ұғыну.
Эстрадалық жанрда ән айту барысының әдістері мен
тәсілдерін жетілдіру.
Дағдысы: Вокалды-техникалық дағдылар және оларды
жетілдіру. Техникалық қиындықтар мен жұмыс жасау.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзіреттер:
Пәнді игеру барысында, игерген білімідерін анық, нақты және
жүйелі түрде пайдалана білу.
Әнді көркемдеп айту, дыбысты құбылтып орындау;
динамикалық белгілерді пайдалана білу және дауыс бояуын
орынды қолдана білу, өз дауысын өзі меңгере алу.
Орындалатын барлық әндерді (қазақ, орыс, заманауи,
шетелдік) эстрада үлгісінде мәнерлеп айтуға дағдылануы;
Орындалатын әннің жалпы түсінігі;
Өнер жанрлары бойынша өтетін кештерге қызығушылығын
арттыру, орындаушылық шеберліктері мен теориялық
білімдерін ұштау;
Эстрадалық ән салу дағдыларының ерекшеліктерін білу, әнді
дұрыс айту үшін вокалдық жаттығуларды өздігінше айта білу.
Постреквизиттер
: PRC 4001 Өндірістік практика