Зертханалық жұмыс №4 Тақырыбы: «Мәліметтерді тасымалдау ортасын зерделеу» Жұмыстың мақсаты


Практикалық тапсырманы орындау үшін қажетті жабдықтар



Download 0,93 Mb.
bet7/9
Sana09.03.2023
Hajmi0,93 Mb.
#917116
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Bog'liq
лаб4 (4)

Практикалық тапсырманы орындау үшін қажетті жабдықтар: RJ-45 коннекторлары (4-6 дана), UTP 5e cat кабель кескіні (0,5-1 м). Арнайы қысқыш (кафедрадан ұсынылады).


Практикалық тапсырманы орындау тәртібі:
1) Коммутациялық кабель, коммутациялық бау, жаргондық тілде патч-корд (ағылшын тілінен patching cord — байланыстырушы бау) — құрылымдандырылған кабель жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Бір электр құрылғысын басқасына немесе сигналды тасымалдаушы пассивті жабдыққа қосу үшін арналған электр немесе оптикалық кабель болып табылады. Кез келген типке жатуы мүмкін, бірақ ұзындықтары ANSI EIA/TIA стандартына сәйкес берілген шамадан аспауы қажет. Кабельдің екі ұшында қосылатын құрылғының тетігіне сәйкес коннекторлар болады.
Зертханалық жұмыста UTP 5e cat кабелінен коммутациялық бау жасалады. Ол үшін кабельдің екі ұшын RJ-45 коннекторларымен (6-сурет) жалғап қысамыз. Алдымен кабельдің ұшын сыртқы қабықшадан тазартып алу қажет (7-сурет).



6-сурет - RJ-45 коннекторы



7-сурет - UTP 5e cat кабелі


Кабельдің екі ұшындағы коннекторларды қысу үшін арнайы қысқышты қолданамыз (8-сурет). Ол кримпер (ағылш. crimp - қысу) деп аталады.


Ескерту. Кримпермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап абай болу қажет.



8-сурет – Коннекторларды қысуға арналған арнайы қысқыш

UTP 5e cat кабелі үшін жұптардың түстері бойынша орналасу реттілігі ANSI EIA/TIA-568A және EIA/TIA-568В стандартымен (9-сурет) бекітілген.






9-сурет - ANSI EIA/TIA-568A және EIA/TIA-568В стандарттары


Тіке кабельде (прямой кабель) кабельдің екі ұшы бірдей стандартпен қысылады (10-сурет, 11-сурет), айқас кабельде (перекрестный кабель, ағылшын тіл. crossover) екі ұшы екі түрлі стандарт бойынша орналасып қысылады.
Тіке кабельді келесі байланыстар үшін қолданады:

  • Коммутатор – маршрутизатор;

  • Компьютер – коммутатор;

  • Компьютер – концентратор.

Қалған байланыстар үшін айқас кабельді қолдану нұсқаланады.
Ескерту. Бірақ қазіргі заманауи компьютерлердің желілік карталары, кабель типін өздері анықтап және оларға бейімделуге қалыптасқан.



10-сурет - ANSI EIA/TIA-568A стандарты бойынша жасалған тіке кабель

11-сурет - ANSI EIA/TIA-568B стандарты бойынша жасалған тіке кабель


Екі желілік картаны тікелей 100 Мегабит/с жылдамдығымен қосу үшін арналған айқас кабельді қосу үлгісі 12-суретте келтірілген. Яғни ақ-қызғылт-сары (бело-оранжевая) сым ақ-жасыл түсті сыммен ауысады, ал қызғылт-сары жасыл түсті сыммен (100-мегабитті қосылыс үшін).



12-сурет - 10base-T/100base-TX crossover (T568B)


Екі желілік картаны тікелей 1 Гигабит/с жылдамдығымен қосу үшін арналған айқас кабельді қосу үлгісі 13-суретте келтірілген.



13-сурет - 10base-T/100base-TX1000base-TX/T4 crossover (T568B)

Яғни ақ-қызғылт-сары (бело-оранжевая) сым (жила) ақ-жасыл түсті сыммен ауысады, ал қызғылт-сары жасыл түсті сыммен (100-мегабитті қосылыс үшін); көк түсті сым ақ-қоңыр, ақ-көк түсті сым қоңыр түстімен ауысады (гигабитті қосылыс үшін).


Стандарт бойынша қысылмаған кебельді пайдалану нәтижесінде, кабель мүлдем немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. 100-мегабитті қосылу кезінде 4 жұптың 2 жұбы ғана қолданылады, яғни қызғылт-сары мен жасыл түсті сымдар.
Кабельді қысу әдістемесі видео сабағында көрсетілген (жеке видеофайл түпінде берілген).



Download 0,93 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish