1.2Білім деңгейін тексеруде ispring quizmaker-ді қолдану
Электрондық оқулықтың басты артықшылығы интерактивті тестілеу мен тапсырмалар жүйесіне байланысты. Көрсетіліп отырған бағдарламада оқу құралына тест енгізу үшін «ТЕСТ» белгісін басып, бағдарламаның тиісті бетін ашу керек. Онда 11 түрлі тест сүрақтарын, 12 түрлі анкеталық тапсырмалар құрастыруға, сондай-ақ ол тестерге, тапсырмаларға қажет болса, сурет, аудио, бейнелер, формулалар қоюға болады. Мүның барлығы iSpring Quiz Maker көмегімен орындалады. Төменде «Абай Құнанбайұлы шығармашылығы» бойынша дайындалған электрондық оқулық тапсырмаларын үлгі ретінде ұсынып отырмыз. Қазіргі қазақ тілі салалары бойынша электрондық оқулықтар базасын құру мен бейнеқор жасау мәселесінің қажеттігі бүдан бүрын да көтерілген болатын.
1-қадам. iSpring Quiz Maker бағдарламасын жүктеп аламыз.Басты беті ашылады.(1-сурет)
1-сурет
2-қадам. «Тестілеуді құру» батырмасын,басып керек тест түрін таңдаймыз.
Тестті өңдеуші сұрақтарды топтастырмас бұрын тестінің типін таңдауы маңызды бөлім болып табылады. Төменде көрсетілген суретте тест типінің түрін таңдауға мүмкіндік бар.(2-сурет)
2-сурет
3-қадам. «Тесттің бірнеше нұсқалары» типін таңдап тестті құраймыз.Сұрақтар мен жауаптарды құруға шексіз мүмкіндік бар.(3-сурет)
3-сурет
4-қадам. «Сөздерді орнына қой» тест түрін пайдаланып, интерактивті тапсырманы құрамыз.Ол үшін сөйлем немесе абзацты алып,маңызды сөзді жасырамыз.Пайдаланушы дұрыс сөзді тауып,орнына қояды.Төмендегі суреттен көруге болады.(4-5сурет)
4-сурет
5-сурет
5-қадам. Тест сұрақтарын жариялау үшін немесе қолданушыға соңғы нұсқасын ұсыну үшін плеердің жұмысын баптау керек.(6-сурет)
6-сурет
Толық дайын болған тест сұрақтарын жариялау тест құрудың соңғы қадамы болып табылады. iSpring QuizMaker 7 ортасында батырмасы арқылы соңғы қызметті атқаруға болады. iSpring QuizMaker 7 құралында тестті жариялау келесі бөлімдерді қосып қызмет етеді: бір Flash-файл (.SWF);- HTML5-форматты; комбинирланған Flash+HTML5 форматы; iSpring Mobile App-те жүктеу және iPad-қа сақтау; SCORM/AICC/TinCan форматында жариялау; қашықтықтан білім беру жүйесінде BlackBoard-те жариялау; Microsoft Word-қа экспорттау; резервті көшірмесін құру;
Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, оқытушымен салыстырғанда білім алушыда көп ақпарат болатынын тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр оқытушы өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр. Оқу үрдісінде компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану, оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), білім алушының білім деңгейін тестілеу, Интернет-технологияларды қолдану арқылы оқытудың сапасын арттыру – оқытудың тиімділігін беріп отыр.
Do'stlaringiz bilan baham: |