«Ризығының мол, өмірінің ұзақ болуын қалаған адам
сыла-и рахим етсін!»
(Бұхари)
«Сыла-и рахим – мал-мүлікті арттырады, жанұяда
махаббатты арттырады және өмірді ұзартады.»
(Табарани)
«Сыла-и рахим – өзі іздемейтін туысқанды тауып,
зиярат ету және жақсылық жасау деген сөз.»
(Тирмизи)
«Сені зиярат етпегенді сен зиярат ет! Саған сыйлық
бермегенге сен сыйлық жаса!»
(Бұхари)
«Садақа беру, жақсылық жасау, ата-анаға сый-сияпат
көрсету және туыстарды зиярат ету – бақытсыздықты
бақытқа айналдырады, өмірді ұзартады және адамды
жаман өлімнен қорғайды.»
(Әбу Нуайм)
«Мешіттер – Аллаһтың үйлері, ал мүминдер –
Аллаһтың зияратшылары. Зияратшысына сый-сияпат
көрсету, үй иесінің мойнына хаққы болады.»
(Хаким)
«Мына бес нәрсенің жазасы бірден байқалады: патшаға
қарсы шығу, зұлымдық жасау, ата-анаға дұшпан болу,
туысқандармен қарым-қатынасты үзу, жақсылыққа
шүкір етпеу.»
(Ибн Лал)
Салих достарды, көршілерді зиярат ету де үлкен сауап.
Салих туысқандарды ең болмағанда аптада немесе айына бір
зиярат етіп тұру керек, қырық күннен асырмау керек! Ұзақ
өлкелерде тұратын болса хатпен, телефонмен хал-жағдайын
сұрап, араз болса татуласу керек. Зияратты тек Аллаһ
разылығы үшін жасау керек.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Жаннатта өте әдемі сарайлар бар, бұлар бір-бірлеріне
Аллаһ үшін қонаққа барған, Аллаһ үшін бір-бірін жақсы
көріп бір-біріне көмек бергендер үшін дайындалған.»
(Табарани)
«Бір дін бауырын зиярат еткен адамға бір періште
«Қандай бақыттысың, сен жәннатқа кірдің» дейді. Хақ
ЖАНҰЯ
- 259 -
Do'stlaringiz bilan baham: |