Сұрақта Геометрияның шығуы туралы қысқаша мәліметтер 2



Download 466,36 Kb.
bet2/3
Sana23.02.2022
Hajmi466,36 Kb.
#180196
1   2   3
Bog'liq
1 Тапсырмаға жауап

2. Көпжақ, үш өлшемді кеңістікте – бірнеше (шектеулі) жазық көпбұрыштан құрылған геометриялық бет. Көпжақ құрамындағы көпбұрыштың әрбір қабырғасы оған іргелес екінші көпбұрыштың да қабырғасы болып саналады. Ал әрбір көпбұрыштан іргелес көпбұрыштар арқылы кез келген көпбұрышқа өтуге болады. Жазық көпбұрыштарды көпжақтың жақтары деп, екі көпбұрыштың ортақ қабырғасын көпжақтың қырлары деп, ал көпбұрыштардың төбелерін көпжақтың төбелері деп атайды.

Додекаэдр
Дөңес көпжақӨңдеу

Егер көпбұрыштың барлық төбесі кез келген жағы арқылы жүргізілген жазықтықтың бір жағында орналасса, онда оны дөңес көпжақ деп атайды.
Дұрыс көпжақӨңдеу

Барлық жақтары тең және дұрыс, барлық төбелеріндегі көп жақты бұрыштары тең және дұрыс болатын көпжақ дұрыс көпжақ деп аталады. Бар болғаны 5 дұрыс көпжақ бар. Олар – куб, тетраэдр, октаэдр, икосаэдр, додекаэдр (бұлар Платон денелері деп аталады).[1]
ЖақӨңдеу

Жақ, көп жақтың жағы - көпжақтың қырларымен шектелген беттерінің бөлігі болып табылатын жазық көпбұрыш.
Призма – табандары параллель жазықтықтарда жататын тең көпбұрыштардан тұратын, бүйір қырлары табандарына перпендикуляр кеңістік дене. Яғни әр түрлі жазықтықтарда жататын және параллель көшіргенде бір-біріне дәл келіп беттесетін екі көпбұрыштан және осы көпбұрыштардың сәйкес нүктелерін қосатын барлық кесінділерден тұратын көпжақты айтады. Көпбұрыштар-призманың табандары, ал сәйкес төбелерді қосатын кесінділер призманың бүйір қырлары деп аталады.

Призманың ақ сәулені жеті түрлі түске бөліп өткізуі
Призманың табандары параллель жазықтықтарда жатады және тең болады;призманың бүйір қырлары параллель және тең болады. Призманың беті табандары мен бүйір бетінен құралады.Бүйір беті параллелограмдар болып келеді.осы параллелограмдардың әрқайсысының екі қабырғасы табандарының сәйкес қабырғалары,ал қалған екеуі көршілес бүйір қырлары болып табылады.
Табан жазықтықтарының арақашықтығы призманың биіктігі деп аталады.Оның бір жағыны тиісті емес екі төбені қосатын кесінді призманың диагоналі деп аталады. Бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болатын призма тік призма деп аталады.Тік призманың әрбір қыры оның биіктігі болып табылады.Ал бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болмаса,көлбеу призмалар деп аталады.
Егер тік призманың табандары дұрыс көпбұрыш болса,онда ол дұрыс призма деп аталады.Дұрыс призманың мысалы ретінде табандары квадрат болатын паралипипедті алуға болады.
Призманың барлық бүйір жақтары аудандарының қосындысын призманың бүйір бетінің ауданы деп атайды. Тік призманың бүйір бетінің ауданы табанының периметрін призманың биіктігіне,яғни бүйір қырының ұзындығына көбейткенге тең болады: S=a1l+a2l+....anl=plІрі жазу мұндағы а1,а2,...,аn-табанындағы қырларының ұзындықтары,p-призма табанының периметрі,l-бүйір қырларының ұзындығы. Табаны параллелограмм болып табылатын призма паралелепипед деп аталады. Кез келген призманың көлемінің формуласы: V=S*H
Параллелепипед (көне грекше: παραλληλεπίπεδος, παράλληλος – параллель және ἐπίπεδος – жазықтық) – қарама-қарсы жақтары қос-қостан өзара параллель болатын алтыжақ. Параллелепипедтің 8 төбесі, 12 қабырғасы болады, оның жақтары қос-қостан бір-біріне тең параллелограмдар. Егер параллелепипедтің бүйір қабырғалары оның табан жазықтығына перпендикуляр болса (бұл жағдайда оның 4 бүйір жақтары – тік төртбұрыштар), онда ол тік параллелепипед деп аталады. Егер параллелепипед тік және табаны тік төртбұрыш болса (6 бүйір жақтары – тік төртбұрыш), онда ол тік бұрышты параллелепипед делінеді. Барлық жақтары квадрат параллелепипед “куб” деп аталады. Параллелепипедтің көлемі оның табан ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең болады.[1]

Параллелепипед.

Download 466,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish