ЖМ-614 Мамадиярова Мадина
3 - тақырып тапсырмаларының жауаптары
Тапсырма №1
Жауап:
1. Сіздің диагнозыңыз ? Постинъекционды абсцесс
2. Ем амалым: Науқасқа хирургиялық ем тағайындалады, бірақ дәрігер қосымша жалпы емдеу, Қабынуға қарсы препараттар мен қабыну процесін шешуге бағытталған антибиотиктерді тағайындауына болады.Сонымен қатар, интоксикациямен күресу үшін инфузиялық терапияны тағайындауға болады.
Жергілікті терапия. Бұл зардап шеккен аймаққа Вишневский майын жағуды немесе димексид көмегімен компресстерді қолдануды қамтиды. Бастапқы кезеңдерде йод торына (йодная сетка) рұқсат етіледі. Егер жағдайы 24 сағат ішінде жақсармаса, эффективтілігі жоғары дәрілерді қолданған жөн.
Физиотерапия. Барлық жылы әсер ететін заттарға тыйым салынады. Қабынуға қарсы дәрілердің электрофорезі, диадинамикалық токтар тиімді.
3. Ем жоспары:Абсцессті емдеу жергілікті анестезиямен жүргізіледі. Тері дезинфекцияланады, анестетик енгізіледі, абсцесс ашылады. Қуысты босатқаннан кейін оны антисептикалық ерітіндімен жуады және кептіреді. Дренаж жараға 1-2 күн енгізіліп, зарарсыздандырылған таңғышпен жабылады. Осындай операциядан кейін бірден науқастың жағдайы жақсарады. Сонымен қатар, дәрігер антибиотиктер мен қабынуға қарсы препараттарды тағайындай алады. Бірнеше күннен кейін дренаж алынып тасталады.Іріңді ішіндегісін тесуге немесе сығуға болмайды. Бұл кезде қан тамырлары арқылы инфекцияның таралуы мүмкін
Тапсырма №2
Жауап:
1.Диагноз: Жайылмалы іріңді терінің қабынуы (флегмона)
2. Ем амалы: Микробқа қарсы препараттар, антибиотиктер, физиотерапия
3. Ем жоспары: Емдеу міндетті болып табылады, өйткені бұл процесс некрозға әкелуі мүмкін. Ем мақсаты: зақымдалған тіндерді кесіп алып тастау. Негізгі клиникалық көрсеткіштердің кері дамуы, операциялық дараның жазылуы, патологияны жою, еңбекке жарамдылықты қалпына келтіру.
Дəрі-дəрмексіз ем:
Шиқан кезінде операция сирек жасалады. Бірақ іріңді-некроздық діңгектің нашар шығуы кезінде теріні өткір скальпельмен кеседі. Шиқанды кесуге болмайды, себебі іріңді инфекция өзге қоршаған тіндерге жайылуы мүмкін. Шиқанды қатты басуға жəне қабынба ошағына массаж жасауға қатаң тиым салынады.
1. Іріңнен босату.
2. Микрофлора сезімталдығын есепке ала отырып, антибиотикотерапия жүргізу.
3. Жараның саңырауқұлақтық асқынуын алдын алу немесе емдеу үшін антимикотикалық терапия жүргізу.
4. Жараны, қажет жағдайда, хирургиялық баптаудан өткізіп, емдеу.
5. Көптік микроабсцесстері, іріңдік іркілістер мен өліеттену ошақтары бар іріңдік үрдіске шалдыққан тіндерді кесіп алып тастау
Тапсырма №3
1. Алғашқы диагноз: Теріастылық тромбофлебит
2. Аурудың себебі: Веналардың варикозды кеңеюі болуы мүмкін
3. Салыстырмалы диагностика Варикоз ауруымен жүргізіледі
4. Бұл ауру кезіндегі асқыну: Терең веналардың тромбозы
5. Науқасты емдеудегі тактика : қан сұйылтатын препараттар аспирин, қан ұюды реттейтін препараттар , С витамині
Тапсырма №4
Жауап:
1. Алғашқы диагноз:Төменгі аяқ-қолдардың артериалды тромбозы
2. Аурудың себебі Науқастың жасы болуы мүмкін
3. Салыстырмалы диагностика: Вена тромбозымен жүргізіледі
4. Бұл ауру кезіндегі асқынулар:Аяқ ұштарының ампутациясы ,Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Тапсырма №5
Жауап:
1. Болжам диагноз:Артерия эмболиясы
2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер жүргізу керек: Ангиография ,УДЗ ең тиімді әдіс болып табылады
3. Ем амалы:Инвазивті ем,Папаверин, ношпа ,
4. Хирургиялық емге көрсеткіштер
Аурудың ІІ және ІІІ сатыларында Тромбэмболэктомия жасалынады.Міндетті түрде қантамыр хирургынан консультация алу қажет
Do'stlaringiz bilan baham: |