Әдебиеттер тізімі:
1.
«Қазақстан тарихы. Очерктер». Алматы. «Дәуір». 1994 ж.
2.
Қазақстан табиғаты: Энциклопедия/ Бас ред.Б.Ө. Жақып. –Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т.З. -304 бет.
3.
«Қазақ Энциклопедиясы», 9 том
4.
«Атырау. Жылыой II» энциклопедия. Алматы. 1991 ж.
5.
«Киелі мекен – Кең Жылыой», Ағатай баспасы
М.К. Утепкалиева
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,
Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы,
тарих магистранты
«АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНА ТАРИХИ ТАЛДАУ»
Білім қай елдің де түп қазығы, мемлекеттің іргелі болуының бірден-бір
кепілі, болашағының бастамасы екендігі кім-кімге де мәлім. Жаһандану
заманында өзгемен иық тірестірер тұсымыз еліміздің байлығы ғана емес, адам
ресурсы, яғни, халқымыз бен оның зияткерлік әлеуеті екенін бәріміз де
мойындағанбыз. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»
бағдарламасында атап көрсетілгендей «білімнің салтанат құрған шағында»
технология ғасырында өркениет шыңына тек өрелі ұрпақпен ғана
шығатынымызға өзге елдер мысалында көзіміз жетіп отыр. Әлемді соңынан
ерткен озық елдердің тәжірибелерін пайдалана отыра соңғы кезде түрлі
өзгерістер мен қайта құруларға ұшырап, жаңғырту үдерістерінен өтіп келе
жатырған білім саласындағы оңды өзгерістердің бірі тарихқа бет бұру дер едім.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлығымыз ұстанатын басты бағыттары –
өзін-өзі танып – білген және тарихы мен ұлттық құндылықтарын бағалай алатын
саналы ұрпақты тәрбиелеп шығару. Қойнауы толы қазына жеріміздің байлығын
өзі игеріп оқсата алатын сапалы білім алған жастарды даярлап шығару да басты
міндеттеріміздің бірінен саналады. Халқы күйлі – қуатты тұратын бақуатты
мемлекеттің азаматы болу қазіргі замана талабы екені де мәлім. Жалпылама
310
жаһандану заманында халқымызға ғана тән белгілерімізді - «ұлттық кодымызды»
сақтап қалу мен «қайта жаңғырту» ең өзекті мәселе болып отыр. Ұлттық код –
ұлтымыздың жеке дара құндылығы мен мол мұрасы. Ал, жаңғыру – соны игере
отырып, тарихыңды тану, өткеніңді жетік біліп, болашағыңды нұрлы ету. Бұл
мақсаттарды жүзеге асыру үшін орта білім беру барысында «Туған жер», «Туған
ел» бағдарламасын жүзеге асыру – зор міндет болып табылады.
Жас ұрпаққа «туған жер» деген киелі де қасиетті ұғымның мән-мағынасы
мектеп қабырғасынан бастап оқып-үйретіледі. Себебі туған өлкесінің тарихын,
салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін терең білмеген ұрпақ ұлтына адал қызмет
ете алатын тұлға болып қалыптаса алмайды. Әсіресе, жаһандану заманында
жастарды отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеудің маңызы айрықша зор.
Бәсекеге қабілетті елдің басты күші – отаншыл, рухты жастар екені анық.
Бағдарламада: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң
мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» – делінген.
Яғни, бұл бағдарламаның негізгі өзегі – жас ұрпақты мектеп қабырғасынан
бастап туған жерін, ауылы мен қаласын құрметтеуге, оның тарихын, әр нысанның
атауы қалай пайда болғаны, қандай себептерге байланысты шыққаны жайлы
мәліметтерді іздестіріп, оқушылар бойында алғашқы зерттеу дағдыларын
қалыптастыру мақсаты тұрады. Осы курстар арқылы өз отанына қалтқысыз
қызмет ететін рухы биік, санасы ашық азаматты өсіру, жас ұрпақ бойында өлке
тарихына қатысты әр мәліметке қызығушылық пен құрметті туғызу біздің басты
міндетіміз деп ойлаймын
.
Отанымыздың қадір-қасиетін жас ұрпақ санасына сіңірудің төте жолы кең
байтақ еліміздің әр өңіріңдегі киелі де көрікті жерлердің географиясы мен
тарихын оқып-үйрету. «Туған жер» бағдарламасында айтылған бұл
жобалар былайша берілген - «Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді
мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың
санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын
сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек» [1].
Курсты оқыту барысында туған жердің тарихын терең танып-білу
үшін оның бай мәдениетін, салт-дәстүрін, ерлігімен, халқына қызметімен ел
есінде қалған аяулы азаматтары есімдерін таныту басты міндет. Балалардың
білімін, ой - өрісін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар олардың ұлттық санасы
мен танымның қалыптасуына тереңірек мән беруіміз қажет. Осы орайда тұңғыш
президентіміздің мына сөздері бізге жұмыс бағытын нақтылауға жәрдемдеседі:
«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.
Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар.
Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде
сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» [2].
Орта мектептің 5 -7 сыныптарына арналған бұл бағдарлама ҚР Білім және ғылым
311
министрлігінің 2013жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 1
қыркүйегінен бастап енгізіліп, қолда бар ақпараттарды негізге ала отырып,
жүргізілуде[3]. Жергілікті әдістемелік мекемелердің қызметкерлері мен тікелей
осы қызметті атқаратын мұғалімдер қауымы бірлесе отырып әдістемелік
құралдар кешенін жасақтап, мектептерде осы сабақтар өз деңгейінде жүргізілуі
үшін жағдай туғызылды. Халқымыздың ұлтжанды тұлғасы, аңызға айналған
қолбасшы Бауыржан Момышұлы отансүйгіштік, елжандылық туралы былай
деген екен: «Патриотизм – Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке
адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей
байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни
патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық
жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын
білдіреді»[3].
Мектептерде «Туған жердің тарихы, жер-су атауларының тарихы мен
генезисі» тақырыбы бойынша 5,6 сыныптарда Қазақстан тарихы сабақтарында
осы өлкеміздегі жер – су атауларына зерттеу жүргізуді тәжірибеге қолдану
жүргізілуде. Мектептегі өлкетану жұмысының өзіндік міндеттері бар. Бұл
міндеттер оқушылардың өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасын
қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өлкетану жұмыстарының
ерекшелігі топонимика (гректің «топос» – орын, жер, «онома» – атау деген екі
сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз), ономастика (гректің onomastike
– ат беру өнері, тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы) сияқты
ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады. Оқушыларды шын
мәнінде осы талаптарға сай тәрбиелеу мақсатында әр мұғалім өзіне түрлі дерек
көздерінен ақпараттық қор жинап, барынша мол мағлұмат жасақтауға тырысады.
Әрине, әсіресе, өлке тарихы жергілікті ғалымдар еңбектерінде көбірек
жазылатыны мәлім, сондықтан барынша нақтырақ деректерді іздестіріп,
сабақтарда қолдануға даярлауды қажет етеді. Бұл орайда бізге «Қазақстан»
Ұлттық энциклопедиясы, «Атырау» энциклопедиясы, жекелеген еңбектер мен
анықтамалықтар көмекке келеді.
Зерттеу нысаны ретінде алдымен аспан асты мұражайына айналып отырған
Сарайшық қаласын алсақ, қазіргі батыс Қазақстан аймағындағы, яғни көне тарих
деректерінде Дешті – Қыпшақ деп аталған өңірдегі орта ғасырлық
болмысымыздың көрмесі іспеттес қасиетті де киелі орын бұл қала тарихы терең
екені мәлім. Жергілікті мұражай қызметкері М.Бердімұратовтың жазбаларын
қарастырсақ, бір деректерде 13 ғасырдағы Алтын Орда дәуіріндегі басты ордаға
ұйқас салынған моңғол тіліндегі «Сарай - жук» сөзінің мағынасы «Сарайға
жуық» деп аударылады десе, енді бір деректерде сол кездегі салынған төбесі
алтынмен айшықталған үлкен мешіт осы қалада болғандықтан, халық сары
айшыққа байланысты осы атауды берген деп топшылайды.
312
Келесі зерттеу нысандары облысымыздың су көздері болса, алдымен
Каспий теңізінен бастасақ, солтүстік Каспий өлкесі туралы алғашқы
географиялық мәліметтерді б.з.б V-ғасырдың 40-30 жылдарында жазылған ұлы
грек ғалымы әрі саяхатшы Геродоттың «Тарих» деген еңбегінде кездестіруге
болады. Онда Каспий теңізі және оның солтүстігінде жатқан территориялар
жөнінде біршама мағлұматтар келтірілген. Геродоттың: «Каспийден солтүстік
бағытқа қарай көз жеткісіз кең дала созылған, ол одан әрі тасты таулы өлкелерге
айналды, » - деген сипаттамасынан әңгіме қазіргі Каспий маңы ойпаты, Жалпы
Сырт пен Орал таулары жайында болып отырғанын байқауға болады. Ал б.з-дың
90-168 жылдары өмір сүрген атақты грек ғалымы Клавдий Птолемейдің
картасында қазіргі Жайық өзені «Даиск» деген атпен берілген және оның Каспий
теңізіне құйып жатқаны түсірілген. Бұл – Жайық өзенің алқабын ғұндар тайпасы,
одан кейін печенегтер, қыпшақтар қоныстанған. Бұл өлкенің үстімен өткен
күшейте түседі. Одан беріректе Жайық өңірі туралы мәліметтер Х-ХII
ғасырлардағы араб саяхатшыларының еңбектерінде кездеседі. Мароккадан
шыққан атақты араб саяхатшысы Ибн Баттута 1333 жылы Жайық өзенін өтеді.
Ол өзінің күнделік жазбаларында осы өлкенің өзен-суы, мал жайылымдары
жөнінде және Жайықтың бойындағы Сарайшық қаласы туралы мәліметтер
келтірілген. Ол 1334 жылы Алтын Орданың астанасы Сарайдан (Берке-
Сарай)«Кіші Сарай» қаласына келгендігі, қала Ұлысу (Жайық) өзенінің жанында
және онда Бағдаттағыдай жүзбелі көпір барлығы туралы жазған. Сарайшық
қалалары туралы ағылшын Антоний Дженкинсон (1557-59), хиуалық Баһадур де
жазып қалдырған.
Басын Ресейдің Орал тауларынан алатын Жайық өзенінің Облыс аумағына
төменгі сағасындағы 300 шақырымнан астам бөлігі ғана енеді. Өзеннің жалпы
ұзындығы 2534 ш. Әзірше, қолда бар деректер бойынша, Ресей патшайымының
Е.Пугачев көтерілісіне байланысты жергілікті халықтың қолданысындағы
Жайық (Яик) өзеннің орыс тіліндегі Урал атауының шығу тарихы ғана белгілі,
Жайық атауына тарихи талдау жасау алдыңғы уақыт еншісінде деуімізге тура
келеді.
Жем өзені – Атырау облысындағы үлкендігі жөнінен екінші өзен. Ол
Мұғаджар тауының солтүстік-шығысынан басталады. Басталар жерінде бірнеше
ірі салалары: Атжақсы, Жайынды, Әулие, Құмжарған, Көлденең Күбейлі, Тік,
Темір келіп құяды. Бұл өзендердін бәрі де Мұғаджардың батыс беткейіндегі
бұлақтардың басын алады. Өзен негізінен еріген қар суымен қоретенеді.
Көктемде арнасына сыймай тасып, деңгейі 3-4 метрге дейін көтеріледі. Өзеннің
тасуы 1-1,5 айға созылады. Жаз ортасына таман ағысы тоқтап, Каспий теңізіне
жетпей борпылдақ топыраққа сіңіп кетеді. Көктемде өзен суы егістік және
шабындықты суландыруға пайдаланылады. Орта ғасырда Гем аталған, кейін
қазақ тілінің ықпалымен Жем аталып кеткен.
313
Ойыл өзені – Орал алды қыраттарынан теңіз деңгейінен 25 м биіктікте
басталады. Ұзындығы 682 ш. Өзен бір кезде Жайық өзеніне жетіп сол саласын
құраған. Бүгінде шарушалыққа тым көп пайдаланылуына себепті өзен құяр
сағасына жетпей жарты жолда құмдарға сіңіп кетеді.
Сағыз өзені – Орал алды қыратарынан басталады. Бастауы теңіз деңгейінен
190 м. жоғары. Ұзындығы 480 ш. Орташа жылдық су шығыны секунлына 32
текше метр. Ұзындығы 25ш. асатын оннан астам салалар бар. Каспий маңы
ойпатындағы Тентексор сорына құйып, қалың тұздар қабатқа сіңіп жойылып
кетеді.
Қайнар өзені – Ембі үстірті мен Мұғаджар алдының солтүстік-батыс
бейткейіндегі теңіз деңгейінен 110 м. биіктіктегі шағын қыраттардан басталып,
сәуір айының басында екпіндей тасып, 3 айдай ғана өмір сүріп, Иманқара
тауының батыс етегіндегі борпылдақ жыныстарға жұтылып, сіңіп кетеді. Сағыз,
Қайнар өзендері мал суару үшін ғана пайдаланылады.
Жайықтың оң саласы – Бақсай, Бүгілөзек, Бағырлайсай, Ақсу өзендерінің
жергілікті маңызы бар. Су режимі жөнінен жоғарыда аталған өзендерге ұқсас.
Облыс аумағына Еділ өзенінің сағасында атырауларының тармақтары – Ахтуба,
Бузан, Қиғаш өзендері мен олардың салалары енеді.
Көлемі жағынан үлкен көл – Индер көлі. Көл Каспий маңы ойпатында Жайық
өзенінің сол жағалауында 10 ш. жерде Индер тауының етегінде орналасқан тұйық
көл. Ауданы 110 шаршы шақырым. Көктемде Индер тауынан басын алатын
шағын жылғалар әкелген су есебінен ұлғайып, жазда таяздайды. Көл сазды
балшық арасынан шыққан бұлақтармен қоректенеді. Индер көлінен құрамында
бром калийі бар жоғары сапалы тұз өндіріледі. Көл түбіндегі тұз қабатының
қалыңдығы жоғары сапалы тұз өндіріледі.
Жалтыр көлі – Бұзанай мен Мыңтөбе құмдарының шығысындағы уақ
көлдердің ірілеуі. Көлге Бағырласай, Бүгілөзек секілді шағын өзендер құяды.
Көл көлемі осы өзендердің кезінді жауын суларының мөлшеріне байланысты.
Атырау облысы аумағында жоғарыда аталғандардан басқа мыңнан астам шағын
көлдер бар деп есептеледі. Олар: Мешер, Дәулет, Толағай-сор т.б. Бұл су
көздерінің атауларын анықтау да алдағы міндет болып табылады.
Пайдаланылған деректер:
1.Назарбаев Н.Ә. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
2.
ҚР Білім және ғылым министрлігі сайты
3.
«Өлкетану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
4.
«Атырау» энциклопедиясы. Алматы «Атамұра», 2000.
5.
Қаженбаев Е. «Атырау облысының географиясы». Алматы «Өлке», 2007.
6.
Қожанұлы М. «Атырау облысының жер – су аттары». Астана, 2005.
7.
Жанұзақ Т. «Тарихи жер – су аттарының түптөркіні». Алматы, 2010.
314
Do'stlaringiz bilan baham: |