«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet123/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

А. Е. Амангалиева 
Сағыз орта мектебі КММ, 
тарих-география пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші 
Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы 
 
 
РУХАНИ ҚАЗЫНА МЕКЕНІ-АБДОЛЛА ХАЗІРЕТТІҢ КӨК МЕШІТІ 
 
Өткен адам болады көзден таса, 
Өлді,өшті оны ешкім ойламаса. 
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды, 
Керектісін ескеріп,ұмытпаса. 
Шәкәрім 
Құдайбердіұлы 
Көк мешіттің тарихы-қиянат көрген,қасірет шеккен қазақ халқының 
тарихының бір парағы.Көк мешіттің салынуына себепші болған Абдолла 
Жаналыұлы кім,қандай адам болған,елге сіңірген еңбегі қандай? 
Абдолла Хазірет 1855 жылдар шамасында қазіргі Батыс Қазақстан облысы 
мен Ақтөбе облысының шектесіп жатқан аймағында дүниеге келеді.Абдолла 
Хазірет Уфа қаласында діни медреседе оқып,білім алады.Ол Уфа қаласындағы 
медресені бітіріп,Орта Азиядағы дін орталығы Бұқара қаласына барып,жоғары 
діни оқу орнын бітіреді.Бұдан соң елге келіп,сол кездегі Орынбор губерниясына 
қарайтын Қопа елді мекенінің Ебейті өзенінің арқа бетінде, ауылында әкесі 
Жаналының үңгір мешітінде бала оқытады.Бұл кезең 1875-1885 жылдар шамасы 
делінеді.[1].Мешітте балаларды оқытып жүріп,Абдолла хазірет өзінің де білімін 
жетілдіру мақсатында оқуын жалғастыра береді. 
Меккеге қажылық сапарына барып Хиуа, Бұқар, Самарқанд, Хорезмде 
болып, ұлы ғұлама ғалымдармен кездесіп,сұхбат құрады.Білімін сынатып,білімін 
одан әрі тереңдете түседі.Орта Азия діни бірлестігінің ғұламалары оның білімін 
аса жоғары бағалап,оны «Абдолла Хазірет» деп атайды. Хазірет туралы Сағыз 
ауылының шежіре қарттары да Жем, Сағыз, Ойыл өңіріндегі өте 
білімділігімен,діндарлығымен аты аңызға айналған адам дейді [2]. 
Хорезмдегі белгілі хазірет әулеті,аса ғұлама ғалым Зәкіржанмен 
жолығады.Зәкіржан хазірет оған хазірет атағын алғаны үшін ер-тұрман,бір 
асатаяқберіп.басына сәлде ораған.Осы ер-тұрман мен асатаяқ Сағыз ауылында 
тұратын Абдолла Хазіреттің немересі Ахметниязұлы Қалиболланың үйінде 
сақталып тұр. [3]. 
Ертеде Орынбор,Маңқыстау,Хорезм,Үргеніш бағыттарында үлкен сауда- 
саттық жолы болғаны тарихтан белгілі.Осы кезеңдерде жергілікті билеушілер 
мен игі жақсылардың ақылымен Абдолла Хазірет отырған жер сол кезде 
Орынбор губерниясына бағынышты болғандықтан,соның шешімі бойынша 
ислам мешіттерінің үлгісімен мешіт салуды жоспарлайды. Сонымен Шибұлақ 


236 
деген жерде мешіт құрылысы басталады.Мешіттің құрылысына бүкіл ел болып 
көмектеседі.оның құрылысын жүргізуге Қазан қаласынан сәулет өнерінен хабар 
бар төрт жігет арнайы шақырылады.Ағаштарын Орынбор жерінен түйе арбамен 
тасыған.Мешіт құрылысы бес жылға созылып,1914жылы бітеді.Мешіт көк 
сырмен сырланған.Алыстан көрініп,көз тартатын мешіттің күмбезі көк 
болғандықтан халық оны «Көк мешіт» атаған.Мешітті Абдолла Хазірет 
басқарады.Мешітте қазақ,башқұрт,татар ұлттарының өкілдері білім алып,саны 
70-100балаға дейін жеткен.Абдолла Хазіреттің ілімдерінің негізінде құранмен 
тәлім беріліп,рухани тәрбие,математика,жағрапия,табиғат тазалығы т.б 
дүниетанымдық 
сабақтар 
оқытылады.Оның 
ішінде 
есеп-қисап,ислам 
ғұламаларының 
тарихы,Құран-кәрімдер 
Қазан 
қаласының 
баспасынан 
әкелінген.Мешіт тікелей Уфа діни бірлестігіне бағынған.Есеп-қисап ісі қатаң 
жүргізілген.Мешітке түскен ақшалай пұл мен төрт түлікті әр жұма күні тұрмыс 
күйі төмен,кембағал жандар мен жетім-жесірлерге үлестіріп отырған.Қарны аш 
адамдарға ыстық тағам ұйымдастырылған. 
Абдолла Хазірет елде тек бала оқытып қана қоймай,оның ерекше 
көріпкелдік қасиеті де болған деседі.Хазіреттің қасиеттілігін мойындамаған 
шолақ белсенділер бірі,Абдолла хазіретке Зікіржан қажы берген ерді 
сұрап,мазалаған екен.Сол ерді сұрап алған адам екі күннен соң аттан 
құлап,қайтыс болыпты. 
Алаштың арысы «Мұстафа Шоқай және Мария» АбдоллаХазіретке арнайы 
келіп,бірталай күн Сағыз өзенінің жағасында аунап-қунапты дейді.Түркияда 
қазақ тілінде жарияланған «Мұстафа Шоқай,Мария Шоқай» атты естелік 
кітаптарында олардың Ақтөбе,Темір,Ойыл,Қызылқоға,Доссор Жылыой арқылы 
жүрген сапары жайлы айтылған. [4] 
Абдолла Хазірет 1918жылы қайтыс болды.Ол өзі салған мешіттің жанында 
жерленген.1918-1930жылдары мешітті үлкен баласы Әбді-Уәли басқарған. 
И.Сталиннің атеистік саясаты осы Көк мешітті басқарған,дәріс берген 
ғұламаларды,қарапайым білім алушыларды қуғын-сүргіннің құрбаны етті.НКБД- 
нің айдауында болып,олардың ұрпақтары,отбасы мүшелері ашаршылықтың 
зардабына тап болып,тірі қалған балалары моральдық қиыншылықты 
ұшырап,қиыншылықтарды көп көрді. 
1930-35жылдары,Шибұлақтан 13 шақырым жерде Қандыағаш-Гурьев 
теміржол құрылысы жүре бастаған.1935-1941жылдары осы жерден 30шақырым 
жерде Орск мұнай құбыры қазылған.1935жылы бұзылып,материалдары мұнай 
құбырының,Сағыз темір жолының үй,кеңсе,айдайтын мотордың шеберханасына 
пайдаланылған.1937-40жылдары мешіттің орны колхоз малын бағу үшін қой 
қора салған.Бірақ сол қорада бір түнде5-6қойдан өле беретін болыпты.Содан 
кейін колхоз басшылары қораны астық қоймасына ауыстырған.Мешіт 
құдығының жанында биіктігі 5-6 метр болатын ағаш өсіп тұрды.1990жыл осы 
мешіт орнының алдына Крупская совхозының басшылары тастан құйдырып қора 


237 
салады.Осы қораны салғаннан кейін құдықтың қасындағы жайқалып өскен ағаш 
өзінен өзі семіп,құлап түсті. 
Көк мешіттің қиратылып,құлатылғанына да көп уақыт болыпты.Осы 
уақыттың ішінде жергілікті халыққа Көк мешітті ұмыттыру үшін қандай шаралар 
жасалса да,халық оны ұмытқан жоқ. Соның бірден-бір дәлелі-Шибұлақтағы 
Абдолла Хазіреттің Көк мешітінің айналасы қоршалып,мрамордан жасалған 
ескерткіш тақта орнатылды.Хазіреттің ұрпақтары атадан қалған мұраны аса 
қастерлеп, «Құран», «Мұқтасар», «Әптиек»кітаптарын тарихи жәдігер санайды. 
Өз заманында озық ойлап,халыққа қызмет еткен Абдолла Хазіреттің 
өлкеміздігі ислам дінінің дамуы мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға 
қосқан үлесі өлшеусіз.Оның еңбектері мен өмір жолы ұрпаққа үлгі,аманат 
іспеттес. 
Абдолла Хазірет кезінде балаларды имандылыққа баулып,халықтың діни 
сауаттарын арттырған тарихи тұлға деп санасақ,оның өмір жолы мен өнегесін 
насихаттау- бүгінгі ұрпақтың міндеті, 
Елбасының сындарлы саясатының нәтижелі жүргізілуінің жемісі-елімізде 
«Ұлы даланың жеті қыры» тарихи мақаласы жүзеге асырылуда.Демек,ұлт 
жанашыры болған,ұрпағының мақтанышы болған-Абдолла Хазіреттің еңбектері 
мен өмір жолын кеңінен насихаттаудың мүмкіндігі туып отыр.Сонымен қатар, 
Абдолла Хазірет мешітінің тарихы мен тәлімі туралы негізгі,орта мектеп 
бағдарламасына енгізілсе,өскелең ұрпақ сөз жоқ отансүйгіштік,жауапкершілік 
қабілеттерін шыңдай түсері анық. 
Жылдар жылжып өтсе де, отты жылдар оқиғасы ұмытылмақ емес. Сол 
жылдарда ерліктің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен аналарымыздың ерлік 
дастаны тарихымызда лайықты орнын алып, ұрпақтан-ұрпаққа өнеге ретінде қала 
бермек. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1.
Х.Ахметниязовтың жеке мұрағатынан[1,2] 
2.
Атырау энциклопедиясы, Атырау 2000ж [3] 
3.
Сағыздың бойы-ен жайлау Алматы-2014ж[4] 
Мерзімді баспасөз 
1.
Атырау газеті, 2010-2014 ж 
2.
Алтын Орда,23-29қыркүйек,2005ж 


238 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish