Әдебиеттер:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 321-342.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.362-403
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 92-101.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-135.
Қосымша
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 127-164.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. – С. 224-237.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, 164-181.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 557-577
Насыбуллина Х.С., Назаренко Н.М. Патологическая физиология (типовые патологические процессы). – Алматы, 1995.
В.И.Пыцкий, И.Н.Андрианова, А.В.Артамосова. Аллергические заболевания. – М.: Медицина, 1991. – 336 с.
Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2007, P. 193-223.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
Джелл мен Кумбс бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі
иммундық әсерленістер сатысының негізі.
патохимиялық өзгерістер сатысының негізі.
патофизиологиялық бұзылыстар сатысының негізі.
Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрінің дәнекерлері
Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік түрінің дәнекерлері
Жасуша қатысымен өтетін аллергиялық серпілістердің дәнекерлері
Аллергиялық серпілістердің жалған аллергиялық серпілістерден айырмашылығы
№ 3 тақырып. ӨСПЕЛЕР
Мақсаты: өспе өсуі патофизиологиясы бойынша білімін қалыптастыру
Өспелердің биологиялық ерекшеліктерін ескеріп өспелік үрдістерді ерте диагноздау мәселелері.
Дәріс тақырыптары:
Өспелер туралы түсінік. өспелердің этиологиясы. Өспе туындауында химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендердің рөлі.
Өспе туындауындағы жүйке, эндокрин, иммундық жүйенің рөлі.
Өспе туындауындағы тұқымқуалаушылықтың рөлі.
Өспе дамуының патогенезі.
Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.
Антибластомдық төзімділік туралы түсінік, антибластомдық төзімділіктің тетіктері.
Өспенің организмге әсері, паранеоплазиялық үрдістер.
Өспелік аурулардың алдын алу мен емдеудің ұстанымдары.
Дәріс тезистері
Өспе (лат. tumor, blastoma; грекше neoplasma, oncos) – тұтас организмнің жүйкелік-эндокриндік реттеулеріне бағынбай, өз бетінше дербес өсетін, құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жэасушаларға бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады.
Өспенің себептері
Өспе дамуын туындататын жайттар канцерогендер (лат. cancer - рак) немесе бластомогендер (грекше blastoma-өспе) деп аталады. Канцерогендер: химиялық, физикалық, биологиялық.
Химиялық канцерогендер шығу тегіне қарай экзогенді және эндогенді, әсер ету тетіктеріне қарай – тура (ДНҚ-на алкилді топтарды қосатын алкилдеуші қосындылар) және тура емес – проканцерогендер (преканцерогендер) – организмде метаболиттік өзгерістерге ұшыраған соң өспені күшейтеді.
Do'stlaringiz bilan baham: |