Файлдармен жұмыс
Python программалау тілінде ақпаратты файлдан оқу және файлға жазуды қалай орындауға болады?
Файл
Өз ойыңызбен бөлісіңіз
Программалау процесінде не үшін файлдан оқу немесе файлға жазуды пайдаланады деп ойлайсың?
Программалау процесінде ақпаратты файлдан оқудың немесе өңделген ақпаратты файлға жазудың қандай маңызы бар?
Программалау барысында программа көмегімен өңделген ақпараттарды сақтау мәселесі үнемі туындап отырады. Сонымен қатар үлкен көлемдегі ақпараттарды программада оқу кезінде әр жолы пернетақта көмегімен енгізіп отыруда көп уақытты алады. Себебі программа жұмысын аяқтағанда пернетақтамен енгізген және нәтижеге берген ақпаратымыз өшіп қалады. Мысалы, бізге сыныптастарымыз бен құрбы-құрдастарымыз, достарымыздың бірінің атын жазғанда, оның телефон нөмірін көрсететін программа жазу керек болсын делік. Егер біз бұл деректерді мәтіндік файлға алдын ала жазып, сақтап қоймасақ, онда бұл тапсырманы орындаудың ешбір қажеттілігі қалмайды. Сол үшін көлемді ақпараттарды алдын ала файлға жазып сақтап, содан кейін программа көмегімен оқу және өңделген ақпартты экранға немесе файлға жазып сақтау – осы мәселенің ең оңай шешімі.
Python-дағы файл
Енді Python программалау тілінде ақпаратты файлдан оқу және файлға жазуға арналған функциялар жұмысымен танысайық. Python-да файлдардың екі түрі бар (1-сұлба).
Қосымша ақпарат
Файлмен жұмыс істеу кезеңдері: 1. Файлды ашу
2. Оқу режимі
3. Жазу режимі
4. Деректер қосу режимі
5. Файлмен жұмыс істеу;
6. Файлды жабу
Файлдан оқыту. Функция open()
Файлдан ақпаратты оқу үшін оны алдымен ашу керек. Файлды ашу үшін де, жазу үшін де python-да open () функциясы қолданылады (1-код). Бұл функцияның әдетте екі параметрі бар.
1. Файлдың орналасқан жеріне сілтеме жасалған файлдың атауы (файл жолы).
2. Файлды ашу режимдері:
- «r» – оқу үшін ашу (reset – файлмен байланыс орнатады)
- «w» – жазу үшін ашу (write – жазу, файлға жазу)
- «а» – қосу үшін ашық (apend – қосу, файлға жазба қосу)
Егер open () функциясын шақырғанда екінші параметр көрсетілмесе, онда файл мәтіндік файл ретінде ашылады.
Файлдан оқу режимінде файлды ашуға жүктелген шаманы пайдаланып оқимыз (1-код).
Файлдан жазу режимінде деректерді өңдеуді аяқтаған соң, оны басқа мәтіндік немесе бинарлық файлға жазамыз (2-код).
Previous
Next
1
2
1-мысал. Кіру файлында (input.txt (1-сурет)) a және b сандары берілген. Кіру файлынан осы екі санды оқып, шығу файлына (output.txt
(1-сурет)) олардың қосындысын шығар (3-код).
Previous
3-сурет
3-сурет
Next
1
2
Егер шығу файлы жабылғаннан соң (2-сурет), осы файлда a және b сандарының қосындысынан бір қатар төменге, олардың көбейтіндісін жазу керек (3-сурет) болса, онда файлды ашу және қосып жазу режимінде команда қатарларының кодын жазамыз.
Практикалық жұмыс
2-мысал. Кіру файлында (input.txt)) латын әріптерінен тұратын s жолы берілген. Осы жолдағы әртүрлі әріптердің санын анықтап, шығу файлына (output.txt) жаз.
Есепті шешудің негізгі идеясы: бос жол аламыз. Программада (5-код) оны t мен белгілейік. Енді s жолындағы әрбір символды t жолынан іздейміз. Егер ізделінген символ кездеспесе, онда символды t-ға қосамыз. Жауап ретінде файлға t жолының ұзындығын берсек жеткілікті.
Ойыңды тұжырымда
Топтық жұмыс
5-программа кодын талдаңдар. Егер output.txt файлын қайта ашып, әртүрлі әріптер санынан соң оған t жолын жазу керек болса, осы программа кодына қандай өзгерістер енгізу қажет? Анықтаңдар.
Жұптық жұмыс
output.txt файлына өз атың мен жасыңды жазып қою үшін программа кодын құрастырып, ұсыныңдар.
Жеке жұмыс
1. «Python-да файлдармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми журналға мақала дайында.
2. Файлды ашу үші қандай команда қолданылады?
3. Файлды оқу, жазу, қосу үшін
4. Python-да файлдың қандай түрлері бар?
5. Файлмен жұмыс істеудің қандай кезеңдерін атай аласың?
Previous
Жұптық жұмыс
Жұп сандарды анықтау**
А[N] бір өлшемдік массив берілген (1≤N≤99, ai <1000) . Осы массивтегі барлық тақ сандарды шығу файлына жаз.
Жұптық жұмыс
Сөздерді қосу*
Кіру файлында (input.txt)) латын әріптерінен тұратын екі сөз жеке қатарларда берілген. Осы екі сөзді кіру файлынан оқып, шығу файлына (output.txt) қосып жаз.
Жұптық жұмыс
Жұп сандарды анықтау**
А[N] бір өлшемдік массив берілген (1≤N≤99, ai <1000) . Осы массивтегі барлық тақ сандарды шығу файлына жаз.
Жұптық жұмыс
Сөздерді қосу*
Кіру файлында (input.txt)) латын әріптерінен тұратын екі сөз жеке қатарларда берілген. Осы екі сөзді кіру файлынан оқып, шығу файлына (output.txt) қосып жаз.
Next
1
2
Еще на эту тему Добавить свой материал Другие действия Параграф проработан?