Bilimdi akparattandyru indd



Download 1,08 Mb.
Pdf ko'rish
bet65/153
Sana12.04.2022
Hajmi1,08 Mb.
#544989
TuriОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153
Bog'liq
bilimdi akparattandyru

ақпараттық ресурстарды
іздеуді оңтайлан-
дырады. Ресурстарды портал көмегімен іздеуді порталда бірыңғай 
кəсіби түрғыдан қалыптастыру қолданылуын ескере отырып, 
жүргізу қажет:
- ұқсас қызмет элементтерін орналастыру;
- ақпараттық беттердің қызметтік жəне көркемдік дизайны;
- редакторлар жəне оқырмандарды тіркеу жəне аутентифика-
циялау жүйесі;
- жаңалықтар лентасы;
- материалдарды жариялау сервисі;


174
- файлдарды жəне қосымша гипермедиа-ақпараттарды жарияла-
натын материалдарға біріктіру механизмі;
- білім беру порталдарының жалпы іздеу жүйелерін түзету 
жұмыстары үшін ақпаратты қосымша іздеу жəне алу техноло-
гиялары;
- берілген сайттар жиынтығын индексациялау;
- ақпаратты тізбектеу детализациялау механизмі;
- ақпараттық ресурстарды жəне білім беру порталдарының 
қосымша тараулары жəне рубрикаторларын енгізу жəне 
қабылдау ережесі.
Мұғалімдер порталдарды қолдана отырып, порталды 
қалыптастырудағы бірыңғай саясатты жасауда, сонымен қатар 
оларға арналған ақпараттық ресурстарды жасауда осы күнге дейін 
шешімін таппаған күрделі мəселе болып табылатындығын түсінуі 
тиіс. 
Аталған мəселе порталдарды қазіргі телекомуникациялық 
құралдардың мүмкіндіктеріне қатысты қалыптастыру кеңістік жəне 
уақыт бойынша бөлінгендігімен күрделене түседі: Ақпараттық-
қатынастық технологиялар əртүрлі уақытта əртүрлі шығарма-
шылық ұжыммен жасалады, бұдан соң дайын өнім порталда 
мəліметтерлі телекомуникациялық каналдар бойынша тасымалдау 
жолымен кіріктіріледі. Нəтижесінде педагогтар жəне оқушылар, 
білім беру порталдарының негізгі қолданушысы бола отырып, 
көптеген бірыңғай емес əртүрлі типті ақпараттардан адасады, 
құрылымдау негізінде əртүрлі критерийлер бар, оны тасымал-
дау, өңдеу жəне алу принциптері əртүрлі технологиялық тəсілге 
бағындырылған.
Білім беру үдерісі қатысушыларына білім беру порталына 
енетін əрбір жеке ақпараттық ресурс үшін компьютерлік техника 
жəне программалық қамтамасыз етілуімен қызмет жасаудың жаңа 
қосымша тəсілдерін меңгеру жеңілірек. 
Интернет желісінің (білім беру порталдарын немесе олар-
ды қолданбай) көмегімен алынған аудио жəне бейне ақпаратты 
қолданудың өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір жағдайда мұндай 
ақпаратты беру оқушылардың денсаулығына кері əсері болуы неме-
се оқу үдерісінің тиімділігін төмендетуі мүмкін. 
Қазіргі педагогтар жалпы орта білім беру жүйесіндегі интер-
нет желісінен алынатын ақпараттық ресурстарды қолдану бары-


175
сында туындайтын керіағар мəселелерді білуі жəне көруі қажет. 
Жекеше алғанда, кейбір оқушылар білім берудегі Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдары беретін еркіндікті пай-
далануға қабілетсіз. Жиі шиеленіскен жəне күрделі тəсілдер педагог-
тар мен оқушыларды меңгеретін материалдан алшақтатуы мүмкін. 
Бұған қарамастан, интернет-ресурстардағы мультимедиалық 
ақпараттың сызықтық емес құрылымы қолданушыны ұсынылған 
сілтемелер бойынша жүрумен «құштарландырады», бұл қол-
данушыны оқу материалынан берудің негізгі өзегінен алшақтатуы 
мүмкін. 
Күн өткен сайын мұғалімдер жеке ақпараттық ресурстарын жəне 
басқа Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жасау-
мен айналысуда, олардың көпшілігі интернет желісіне түседі. Егер 
мұғалім жеке программаларды жасаумен айналыспаса, онда бұрын 
құрылған сапасы, педагогикалық тиімділігі жəне эргономикасы 
жағынан сыннан өткен интернет-ресурстарды пайдалана алады. 
Осындай жағдайда, мұғалімдер денсаулыққа жəне психикасына кері 
əсер келтірмейтін білім берудегі Интернет-ресурстарға қойылатын 
негізгі талаптарды білуі тиіс.
Мектепте жұмыс жасайтын педагог қолданатын немесе 
құрылатын интернет-ресурсты безендірудің негізін құрайтын 
көркемдік шешім қабылдай білуі қажет, ол ресурстың пəндік 
бағытымен анықталады. Мұнда Ақпараттық-қатынастық технологи-
ялар құралдарын безендіру мектепте қолданылатын жəне ортаның 
денсаулық қорғау талаптарына сəйкес оқу жəне балалар əдебиетін 
безендіру тəсіліне қарағанда, сабақтас стилистік шешімде құрылуы 
тиіс. 
Оқушылардың психикасына əсер ететін кемшіліктерді азайту 
мақсатында, білім беру интернет-ресурстарын жасау мен пайдала-
нуда агрессивтік, визуалды жəне дыбыстық элементтерді қолдануға 
болмайды. Интернет-ресурстарды безендіру мұндай ресурстарды 
оқытуда мұғалім мен оқушының қолдануы есепке алынып орында-
луы қажет. 
Білім беру интернет-ресурстарының құрамында қажеттілігіне 
қарай баланың жасерекшелігі ескеріліп қабылдауына бағытталып 
безендірілген тарауларға бөлінуі тиіс. Сонымен қатар мұғалімнің 
сабаққа дайындалуына арналған тарауларды безендіру, күрделі 
шрифтерді, қараңғы фонды, анимацияланған объектілерді жəне ин-


176
тернет-ресурстары жұмыстарынан алшақтатын ұқсас элементтерді 
қамтымауы тиіс. 
Интернет-ресурстарды безіндіру электрондық басылымның 
негізгі мазмұны болып табылатын оқушыларды мəтіндік жəне 
графикалық ақпараттарды тиімді қабылдауын қамтамасыз ететіндей 
болуы маңызды. Ақпараттық беттерді безендіруде мəтіндік ақпа-
ратты оқуды күрделендіретін түстік жəне графикалық шешімдер аз 
болуы тиіс. Негізгі мəтіндік ақпаратты бейнелеуде қолданылатын 
құралдар жиынтығы экраннан оқуға жеңіл болуы қажет. Шрифтерді 
сызу символдардың толық жиынтығын қамтуы жəне кез келген сөзді 
немесе мəтінді бірыңғай визуалдық бейне ретінде қабылдауға жеңіл 
болуы тиіс.
Мектептің денсаулық сақтау кеңістігін қалыптастыру 
тұрғысынан, соның ішінде білім берудің электрондық ресурстары 
мен оқу кітаптарының айырмашылығын төмендету, мəтіндік білім 
беру интернет-ресурстарды версткалау полиграфия қабылдаған ар-
найы ережемен орындалуы маңызды. 
Бұдан басқа, интернетте орналастырылған мультимедиалық 
ақпарат үлкен көлемдегі компьютерлік файлдарды да қамтиды. Бұл 
интербелсендік құралдар, аудио-бейнеүзінділерді қосу, жоғарғы 
мүмкіндікті графикалық бейнелер жəне т.б. болуымен байланысты. 
Каналдардың өткізуші қабілеті мен сенімділігінің жеткіліксіздігімен 
байланысты мұндай ақпараттық ресурстарды оқу үдерісінде 
толыққанды қолдану қиындық келтіреді.
Телеқатынастық желілердің сапасыздығы немесе жоқтығына 
байланысты проблемалардан аулақ болуы үшін, жергілікті желідегі 
ресурстармен жұмыс жасалуы тиіс. Мультимедиа-ресурстар-
мен жергілікті əрекет жасау барысында, оқушылар ақпаратты 
телекомуникациялық желіден емес, өз компьютерінің ішкі неме-
се сыртқы өзегінен ала алады. Мұнда ақпараттық ресурстардың 
мазмұны жəне ақпаратты беру тəсілі интернетте орналасуына 
толығымен сəйкес келеді. Мұндай ресурстар желілік өзектерден 
телекомуникациялық жұмыстар барысында көшіріледі, содан кейін 
оқушыларға жергілікті нұсқада ұсынылады. 



Download 1,08 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish