Хусейн Хилми Ышык
“рахметуллаһи алейһ” еркектің әйелімен қарым-қатынасы
жөнінде былай деген:
«Ақылды ерлі-зайыптылар бір-бірін ренжітпейді.
Өмірлік жарын ренжіту жанұя бақытының бұзылуына
себеп болады. Залым, жаман мінезді адамның өмірлік
жолдасы тұрақты ренжи беруден жүйкесі тозады. Жүйке
ауруына шалдығады. Жүйкенің тозуымен түрлі аурулар
да шыға бастайды. Өмірлік жолдасы ауру болған адам
құрыды деген сөз. Бақытының соңы келді, жолдасының
қызметінен, көмегінен махрұм қалды деген сөз. Өмірі
оның дерттерін тыңдаумен, оған дәрігер іздеумен, оған
үйренбеген қызметтерді жасаумен өтеді. Бүкіл бұл
пәлекеттерге, бітпейтін қиыншылықтарға әйелдің немесе
күйеудің жаман мінезі себеп болады. Бұлардан ұзақ,
бақытты ұяның негізі екі жақты күлімдеген жүзбен жылы
сөз және түсіністікпен кешірімділік. Ал бұларды дініміз
әмір етуде. Бұларға мойынсұнған адам дүниеде де ахиретте
де бақытқа қауышады.»
Жанұядан мақсат ұрпақты жалғастыратын балалар.
Адамның өлгеннен кейін жақсылықпен еске алынуы
үшін қоғамға пайдалы туынды немесе пайдалы ғылым
немесе қайырлы бала-шаға қалдыруы керек. Барлық нәрсе
ұмытылған күнде де бұлар ұмытылмайды және өлген
адамның игі істерінің жалғасуын қамтамасыз етеді.
ЖАНҰЯ
- 9 -
Олай болса баланы жақсы, үлгілі қылып жетілдіру әке-
шешенің ортақ міндеті. Ана баласын тікелей өзі емізіп,
өсіретіні, үнемі жақсы мінезді үйретіп жүретіні секілді
бұлардың баспанасын, азық-түлігін, материалдық және
рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету де ең алдымен
әкенің міндеті болып табылады.
Ислам діні мінез-құлық тәрбиесі мен ілімге қатты
мән берген. Надандық пен тәрбиесіздікті қайтарған. Сол
себепті әрбір ата-ана баласына ілім, көркем мінез (тәрбие)
және діни міндеттерін үйретуі тиіс. Үйретпесе олардан
жауапкер болады. Өйткені барлық бала жақсы көруді,
жақсы көрінуді, құрметті осында үйренеді. Тәрбиені және
жүйелі өмірге осында дағдыланады.
Аллаһу та’алаға сенуді, пайғамбарға деген сүйіспен-
шілікті, отанға, ұлтына, салт-дәстүріне және әдет-
ғұрыптарына деген құрметті осында үйренеді. Балалар
алты жасқа дейін адамдық ерекшеліктерін жанұядан
алады. Сондықтан жанұяның ұқыпты, сапалы болуы өте
маңызды.
Жанұялық өмірдің жүйелі, дұрыс болуы балалардың
көркем мінезбен адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп
өсулеріне ықпал етеді. Тәрбиелеу мақсатымен әке-шеше
баласына қаталдық танытуы мүмкін. Бірақ бұл қаталдық
жазықсыз баланың жүрегінде терең жара ашатын таяқ
түрінде болмауы тиіс. Шамадан тыс қаталдық таныту
көпшілік балада өтірік айту әдетін, қулықты және
әрекеттерінде тұрақсыздықты қалыптастырады.
Әке-шеше ұл-қыздарын үнемі қадағалап отыруы керек,
әсіресе олардың жаман достардан ұзақ жүрулеріне мән
беруі керек. Жаман дос баланың ең үлкен дұшпаны.
Балалардың үлкені де кішісі де де ата-анасына мойын-
сұнумен, құрмет көрсетуде кемшілік етпеуі тиіс. Өмірдің
түрлі қиындықтарымен, зардаптарына төзіп балаларын
ЖАНҰЯ
- 10 -
өсірген ата-ана әрине құрметпен, мойынсұнушылыққа
лайықты. Құран кәрімде
Do'stlaringiz bilan baham: |