81
64-сурет.
Өзбекстанның жеңіл өнеркәсіп пункттері.
Өзбекстанда луб егiндерi егiле бастағаннан соң, ХХ ғасырдың 30 жыл-
дарында
кенеп зауыттары
пайда болды. Соңғы он жылдықтарда қызметі
тоқтаған бұл сала қайта тіктелді. Кенеп қап-қанар, арқан, брезент және басқа
өнімдерді өндіруде қолданылады.
Жiбек мата тоқу
үшiн алдымен жiбек құрты оралып, шикi жiбек
әзірленеді. Жiбек өндiрiлген жерiнде оралғаны жөн. Оны алысқа тасу
қымбатқа түседi (50 тонна жүк көтеретiн вагонға ең көбі 4
тонна жiбек
орналастыруға болады).
Жiбек фабрикаларында негізінен әйелдер еңбек етедi. Әрбір фабрикада
мыңға жуық адам iстеуге болады. Соған орай, жiбек фабрикалары жiбек құрты
бағылатын аймақтардағы шағын және орта қалаларда орналастырылады.
Былғары-аяқ
киім жасап шығару да жеңiл өнеркәсiп тармағы болып
табылады. Ташкент және Самарқант қалаларында терi өндіріледі. Аяқ киiм
фабрикалары Ташкент, Ферғана, Шыршық, Жаңа жол және басқа қалаларда
орналасқан.
Fыждуан, Бұхара, Риштан, Үргiт, Шахрисабз сияқты қала
мен аудан
http://eduportal.uz
82
орталықтары көркем қолөнершiлiк пен қыш-
құмырашылық, ал Хиуа кiлем тоқу орталықтары
болып саналады.
Тоқымашылық
жеңiл өнеркәсiп құрамындағы
ең маңызды тармақ болып саналады. Өзбекстанда
жiп және жiбек маталарды тоқу ежелден болған.
Атлас, занданашы, мақпал, беқасам, алаша секiлдi
маталар Ұлы Жiбек жолы арқылы
Еуропа мен
Таяу Шығыс мемлекеттеріне шығарылған. ХХ
ғасырдың бастарында 30 мың қолөнершi мата
тоқумен шұғылданған.
Мол шикiзаттан тыс халықтың тарихи
қалыптасқан дағдылары мен көлiктің қолайлығына
сүйенiп, ХХ ғасырдың
орта шенiнде Ташкент,
Ферғана, Әндiжан және Бұхара қалаларында
тоқымашылық кәсiпорындары құрылды.
Мемлекетте жіп мата шығару жылына 453 млн.
шаршы метрден асты. Бiрақ халықтың жан басына
есептелгенде бұл көрсеткiш 18 метрден, яғни
әрбір адамға белгiленген мөлшердiң жартысына
да тура келмейтiн. Бұл
мол шикiзат пен адам
факторының мүмкiндiгіне қарағанда анағұрлым аз еді.
Тәуелсiздiкке қол жеткізілгеннен кейін дүние жүзі базарында бәсекеге
шыдамды мата шығаруды кең жолға қою мақсатында АҚШ, Италия, Түркия,
Пәкістан, Үндiстан, Корея Республикасы және басқа мемлекеттермен бiрлескен
кәсiпорындар құрылуда (65-сурет). Соның iшiнде, АҚШ-пен ынтымақтастықта
Ташкент қаласында «Супертекстиль» мақта жiбiн иіретін бiрлескен кәсiпорны,
Бұхара мен Самарқантта «Ауған-Бұхара-Самарқант» бiрлескен кәсiпорындары
iске қосылды. Тоқымашылық өнеркәсіп кәсiпорындары шетелде шығарылған
өнiмi мол жабдықтармен қайта жабдықталуда. Жасанды талшықтардан
тоқылатын маталардың сапасы жақсарды.
Do'stlaringiz bilan baham: