145
аудандарында халық өте сирек. Өнеркәсiптiң жедел қарқынмен дамуы қала
халқын тез көбейтіп отыр. Облыста жаңа қала мен қалашықтар бой көтеруде. .
Ауыл шаруашылығының негізгі тармақтары:
астық, мақташылық,
қаракөлшілік, қой шаруашылығы.
Өнеркәсiптің негізгі тармақтары:
электр
энергетика, түсті металлургия, химия, құрылыс материалдары
өнеркәсібі.
Шөл шаруашылығы саласында бұл облыс мемлекетте жетекшi орында.
Қызылқұм шөлiнде қаракөлге мамандандырылған ірі шаруашылықтар
құрылған. Бұл салада Тамды ауданы жеке ерекшеленiп тұрады, ауданда
көптеген қаракөл шаруашылықтары бар. Жайлауларды сумен қамтамасыз ету,
өнiмдiлiгiн арттыру үшiн фитомелиоративтiк жұмыстар жүргiзiлуде.
Өнеркәсiптің
дамуы су байлықтарына байланысты. Өркендеп жатқан
химия өнеркәсiп тармақтары, соның ішінде химия өнеркәсібі және басқа
суды көп талап етеді. Облыстың химия өнеркәсiбi табиғи газ бен басқа
минералдық шикiзатқа сүйенiп, тез дамуда. Химия өнеркәсiбiнiң орталығы
Науаи қаласындағы химия комбинаты (113-сурет).
Мемлекетiмiзде даярланып жатқан
цемент
өнiмiнiң негiзгi бөлiгi Науаи цемент зауытында
шығарылады. Зауыт жақын уақыттарға дейін
шлак, металл жаңқасы, клинкер секiлдi цемент
шикiзаттарын бұрынғы Одақ республикаларынан
үлкен қаржыларды жұмсап әкелетiн. Шикiзаттың
қымбаттылығы цемент өндіруді көбейту және
сапасын арттыруға тосқауылдық жасайтын.
Геологтардың зерттеулері нәтижесінде Мәлiкшөл
жазықтықтарында зауыттың қасынан туф кенi
табылды. Туф ең жақсы шлактан да, сирек
кездесетiн қоспа-клинкерден де қалыспайтын
цемент шикізаты болып табылады. Кен қоры
үлкен болып, жылына 2-3 млн тонна туф қазып
алынғанда да, 45-50 жылға жетуi анықталды.
Облыс электр энергиясын өндіру
бойынша
мемлекетте жетекшi орындардың бірін иелейді
(114-сурет). Электр энергияның негізгі бөлігін
Науаи ЖЭС-і бередi. Мемлекетіміздегі өндіріс
112-сурет.
Өзбекстан
Республилкасында Науаи
облысының салмағы
(пайыз, 2017 жыл).
6 – География, 8-сынып.
http://eduportal.uz
146
кәсіпорындарын модернизациялау және жаңарту, заманауи инновацияларға
негізделген және жоғары тиімді технологияларды енгізу жедел жүзеге
асырылуда. Онда жүзеге асыруда керекті жеңілдіктерге ие
арнаулы
индустриалдық зоналар құрылуда. Атап айтсақ, «Науаи» еркін индустриалды-
экономикалық зонасы құрылғаннан бері оның аймағында 19
инвестиция
жобасы бойынша өндіріс кәсіпорындары іске қосылды. Олардың қатарында,
жоғары технологиялар негізінде телевизорлар үшін тіреуіш- құрылғылар,
электр энергияны электр есептеуіштер, жоғары кернеуге төзімді кабельдер,
ЖЭС-тер үшін жылу қазандары, мобильдік және стационарлық телефон
аппараттары, дайын дәрі-дәрмектер және басқа түрдегі өнімдерді өндіру
қолға алынды.
Do'stlaringiz bilan baham: