18
г) жаңа математикалық түсінік, жаңа есептеу бөлімдері, мәселелер
шешудің жаңа тәсілдерімен таныстыру, білім мен іскерліктерді жасауда
өтілген материалды нығайтуға бағытталған жұмыстар есепке алынады;
д) сабақтың әрбір бөліміне уақыттың белгіленуі.
4. Сабақта қолданылатын көрнекілік пен дидактикалық қолданбалардың
маңызын ашу.
5. Сабақ нәтижесінің рейтингі (бағалау). Бағалаудың негізгі белгілерінің
бірі, сабақ өз мақсатына жеткендігі, әрбір оқушыға толығымен еркін жұмыс
орындалғаны және олардың бәрі оқытушының басшылығында жүзеге
асырылғаны көрсетіледі. Сабақты талқылауда мынаны есепке алу қажет, яғни
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық кезеңдері бір мақсатқа
қаратылса, сабақ дұрыс бағаланады.
Бастауыш математика курсының ең басты ерекшелігі оның практикалық
тұрғыдан
бағытталғаны.
Егер
жоғары
сыныптарда
математика
бағдарламасының кейбір мәселелері теориялық характерде болса, бастауыш
сыныпта әрбір жаңа түсінік, қасиет, заңдылық практикалық қызметтің
нәтижесінде және практикалық қызмет үшін енгізіледі. Мысалы, VII сыныпта
оқушылардың тіктөрбұрыш туралы түсінігін меңгерулері, алдағы уақытта
тіктөрбұрыштың ережесін білуін, оның қасиеттерін логикалық тұрғыдан
шығаруы және кейбір қасиеттерін дәлелдеуді білуін, ережесі, қасиеті мен
қасиеттеріне тиісті мәселелерді шешу үшін пайдалануды білдіреді. Бастауыш
сыныптарда оқушылар тіктөрбұрыштың қарама-қарсы жақтарының теңдігін
өлшеу жолымен анықтайды және тіктөрбұрышты жасау, оның периметрі мен
ауданын өлшеуді, есептеуді үйренеді.
Бастауыш мектепте оқушыларда қалыптасатын практикалық оқулардың
көпшілігі мектеп математикасы курсы үшін үлкен маңызға ие. Бірақ ой-елес
туралы мұндай деуге болмайды. Мысалы, III-IV сынып оқушыларының сан
туралы ие болған ой-елестерінде үлкен айырмашылық бар. Дегенмен төменгі
сыныптарда қалыптасқан арифметикалық амалдарды жазбаша немесе ауызша
орындау оқуларынан орта сыныптарда да, жоғары сыныптарда да
пайдаланылады.
Сөйтіп оқушыларда жақсы практикалық оқу және біліктілігін
қалыптастыру бастауыш сынып оқытушысының негізгі міндеттерінің бірі.
Мұнда ол өзара байланысты болған екі методикалық проблеманы шешу
керек; 1) белгілі практикалық жұмыстардың орындалу кезеңі мазмұнының
мәтінін жазу; 2) оқушылардың меңгеру методикасын және меңгерудің
үстінен нәтижелі бақылауды жасау.
Айталық, бір кезеңді элементар жұмыстардың шектеулі, анық кетпе-
кеттігі ретінде суреттеу мүмкін болсын (элементар жұмыс деп, орындалу
кезеңі белгілі болған жұмысты түсінеміз). Берілген кезеңді жүзеге асыру
үшін қай элементар жұмыстарды және қай кетпе-кеттікті орындау керектігін
нұсқаушы бұйрық
Do'stlaringiz bilan baham: