Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі бала табиғатының дамуы мен
оның іс-əрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам
жаны нəр алады, ой өрісі сəуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам жəне
жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы
болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан
табысты нəтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу
баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде
қабылданатын дəріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас
болмаған жерде оқу процесі өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған
адамды оқыту – бос əурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек
көрушілік жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс
деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған
білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз.
Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен
білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім
шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді.
Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен
толтырып, олардың бəрі балалық шақтың балдəурені секілді оқушы
есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды. Оқудың көңіл-күй
принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда
мұғалімнің міндеттері:
- əр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-
күйін қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу
жұмысы неғұрлым зеріктіргендей əрқилы болса, оқу материалы
неғұрлым құрғақ əрі абстракт келсе, ұнамды эмоциялар пайда етудің
барша мүмкіндіктерін іздестіріп бағу;
- сынып босағасын көңіл жадыратар кейіппен аттап, балалармен
əзілдесе, оларды жігерлендіре сөз тауып, сабақты бастау;
- демократиялық қарым-қатынас стилін ғана ұстану;
- балалар болмысына, олардың істеріне қызыға қатынас жасап,
араласып бару;
- сыныпта қапелімде болып қалатын дау-дамайды əрқашан
сабырлы, айқайсыз, тұрпайы жəне намысқа тиер сөздерсіз шешу;
- күдер үзгендей əрі қиын жағдайлардан шығу үшін орайы келген
əзіл-қалжыңды пайдалану;
- оқуды əсем, бейнелі, көңілді өткізілуі үшін оқу процесін
танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра
жүргізу;
- кіші оқушының ойлауын оның сезімдері мен толғаныстарынан
ажыратпау: оқу-тəрбие процесінің эмоционал көрікті болу қажеттігі -
бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған талап;
- əрдайымғы көңіл-күй көтеретіндей сəттерден ұнамды эмоционал
қалыпта өтетін тұрақты кейіп жағдайларына өту;
- оқу материалдары, оқу əдістері мен танымдық еңбек ұйымдастыру
формаларының эмоционалдық молшылығын пайдалану.
Do'stlaringiz bilan baham: |