Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Download 1,45 Mb.
Pdf ko'rish
bet118/159
Sana24.02.2022
Hajmi1,45 Mb.
#201131
TuriОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159
Bog'liq
Педагогика Бабаев окулык

Кəсіби бағдарлау отбасы, оқу орны, мемлекет, қоғам жəне 
коммерциялық мекемелердің ел тұрғындарына кəсіп таңдау, іріктеу 
жəне ауыстыру жолында жəрдем беруді қамтамасыз етуші ақпараттық 
əрі ұйымдастыру – тəжірибелік іс-əрекеті. Бұл қызмет əр тұлғаның 
жеке мүддесін, сонымен бірге еңбек рыногінің қажетін ескеру негізінде 
жүргізілуі тиіс. Кəсіби бағдарлау ісі – əр адамның өз жеке басына сай 
кəсіпті 
өзінше 
айқындап, 
таңдауына 
жəрдем 
ретінде 
ұйымдастырылатын 
əлеуметтік-экономикалық, 
психологиялық-
педагогикалық, 
медициналық-биологиялық, 
өндіріс-техникалық 
шаралардың ғылыми негізделген жүйесі. 
Кəсіби бағдарлау жүйесі өз аймағында келесідей кəсіптік 
қызметтерді қамтиды: 
- ағарту – тəрбиеленушілерді əрқандай кəсіптердің əлеуметтік –
экономикалық, 
психологиялық 
–физиологиялық 
ерекшеліктері 
жөніндегі білімдермен таныстыру; 
- диагностикалау – кəсіп таңдауға байланысты адам жүйке 
жүйесінің ерекшеліктерін, оның денсаулығын, қызығулары мен 
ынтасын, құндылықты бағыт-бағдарын, ұстаным-көзқарастарын 
зерттеп, анықтау; 


- кеңес беру – кəсіпке қойылатын талаптар мен нақты тұлғаның 
жеке-дара психологиялық ерекшеліктері арасындағы сəйкестікті
айқындау; 
- кəсіптік іріктеу – адамды қызметке қабылдаушы мекемелер 
тарапынан жүргізілетін іс; 
- бейімделу – адамның кəсібі іс-əрекетке кірісу процесі, өндіріс 
жүйесі мен мамандық ерекшеліктеріне икемдесу процесі. 
 
14.3. Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар
идеяларының тəрбие мазмұнында ескерілуі 
Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне 
қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған 
халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала 
құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, 
қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж.; Ымырашылдық 
принциптері Декларациясы 1995ж.; Əлем мəдениеті жөніндегі 
Декларация, 1998ж. жəне т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, 
оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, 
тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл 
құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық 
халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы 
міндетті. 
Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері рухындағы тəрбие 
мақсаттары , принциптері жəне мазмұны БҰҰ білім, ғылым жəне 
мəдениет бойынша Бас конференциясының «Халықаралық қатынастар, 
өзара түсіністік жəне бейбітшілік рухындағы тəрбие жəне адам 
құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеу рухындағы тəрбие 
жөніндегі» ұсыныстарында (Париж, қараша, 1974ж.) жарияланды. 
Сонымен бірге бұл шешім Еуропалық Кеңес мүшелері – 
мемлекеттерінің Министрлері Комитетінің № Р (85)7 адам құқықтарын 
мектепте оқыту туралы жарлығымен (14 мамыр, 1985ж.) бекіген. БҰҰ 
Бас Конференциясының Ұсыныстарында тəрбиеге былайша анықтама 
берілген: «тəрбие- ұлттар мен халықаралық қауымдастық 
шеңберінде жəне олар игілігі үшін жеке тұлғалар мен əлеуметтік 
топтардың өз дарынын, қабілеттерін жəне білімдерін саналы түрде 
дамытуға мүмкіндік беретін бүкіл қоғамдық өмір процесін 
аңдатады». Бұл процесс қандай да нақты шарамен шектеліп, тоқтап 
қалмайды.
Бұл құжаттың III бап (4-б.) тəрбие мазмұнының негізгі принциптері 
жəне аса маңызды мəселелері нақты көрсетілген: 


- барша халықтарды, олар мəдениетін, өркениетін, құндылықтары 
мен өмір салтын ұлыстың мəдениетімен бірге жəне өзге адамдар 
мəдениетін түсіну, құрметтеу; 
- халықтар мен ұлттар арасындағы күннен күнге ұлғайып бара 
жатқан ғаламдық өзара тəуелділікті сезіну; 
- өзгелермен ортақтасу, қарым-қатынас жасауға қабілеттілік;
- жеке тұлғалар, əлеуметтік топтар мен халықтардың өз құқықтарын 
ғана емес, сонымен қатар бір-біріне жүктейтін міндеттерін де аңдау; 
- халықаралық ынтымақтастық жəне қызметтестіктің қажеттігін 
түсіну жəне т.б. 
Аталған құжат адам, азаматтар құқықтары сарынындағы тəрбиенің 
адамгершілік 
рухындағы 
тəрбиемен (10-16б.), 
бейбітшілік 
бағытындағы тəрбиемен (6 б.), мəдени аралық тəрбиемен өзара 
байланысты болатынын əрі бұлардың бəрі отандық жəне əлемдік ұлыстар 
мəдениетін меңгеру негізінде орындалатынын баса насихаттайды (17,21,22,23 б.б.). 
Аса жоғары педагогикалық маңызға ие болған құжат – бұл Бала 
құқықтары жөніндегі Конвенция. Қазақстан Республикасында бұл 
Конвенция ресми түрде бекіп, қабылданды. Оның тұжырымдары төрт 
негізгі талаптарға саяды: баланың тіршілік ету, даму, қорғану жəне 
қоғам өміріне белсенді араласу құқықтарын қамтамасыз ету. 
Конвенцияда ересектердің балалармен қарым-қатынас жасаудың 
жалпы адамзаттық мəдениет идеяларының негізіне арқау адамгершілік 
– инабаттық қағидалары айқындалған. Мұнда барша жұртшылыққа өз 
арақатынастарын гуманистік негізде құрып, бала тұлғасын құрметтеу 
жəне əлпештеу, оның ой-пікірлері мен көзқарастарын қолдап-қуаттау 
жəне осылардың бəрін ізгілік тəрбиесінің негізіне қалау қажеттігі 
жөнінде ұран тасталды. 
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тұжырымдарын, Бала 
тіршілігін, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік 
Декларациясы жəне оны іске асыру əрекеттерінің Жоспарын орындау 
мақсатында ҚР үкіметі өз Қаулысын қабылдады. Осыған сəйкес 
Республикалық бағдарлама түзіліп, С.Назарбаева бастаған «Бөбек» 
қоры жəне балалар қамқорлығын өз міндетіне алған басқа да қоғамдық 
мекемелер іске қосылды. 
Бала құқықтары жөніндегі Конвенция жəне БҰҰ-ның басқа да 
тұғырлы құжаттарында жарияланған Ережелердің түпкі мəні – білім 
жəне тəрбие толығымен тұлға дамуына, сонымен бірге адамның 
құқықтарын жəне негізгі еркіндіктерін құрмет тұтуға бағышталуы. 

Download 1,45 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish